1-Билет Тауартанудың пәні және мазмұны


Халықаралық маркетингті басқару



бет21/70
Дата19.06.2020
өлшемі125,5 Kb.
#74021
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Байланысты:
экзамин жауаптары

6.Халықаралық маркетингті басқару

Маркетингті басқару– ұйымның пайда табу, өткізу көлемін өсіру, нарықтың үлесін арттыру сияқты және т.б. белгілі міндеттерін ойдағыдай шешу үшін мақсатты сатып алушылармен табысты айырбас орнатуға, нығайтуға және қолдауға бағытталған шараларды талдау, жоспарлау, жүзеге асыру және осы істі бақылау.

Маркетингті басқару міндеті – сұранымның деңгейіне, уақыты мен сипатына ұйымның алдына қойған мақсаттарына жетуіне көмектесетіндей дәрежеде ықпал ету. Маркетингті басқару – сұранымды басқару. Кез келген сәтте нақты сұраным талап етілетін сұранымнан төмен, оған сәйкес немесе одан асатын деңгейі болуы мүмкін. Маркетингті басқару – осы деңгейлердің барлығымен айналысу деген сөз.

Маркетингті басқарушылар маркетингтік жағдайды талдау арқылы қабылданған жоспарларды жүзеге асыратын немесе бақылау функцияларын атқаратын фирманың лауазымды адамдары. Бұл тауар өткізу жөніндегі меңгерушілер жөне өткізу қызметінің қызметкерлері, жарнама қызметінің басқарушы қызметкерлері, өнімді өткізуді ынталандыру жөніндегі мамандар, маркетингті зерттеушілер, тауар жөніндегі меңгерушілер жөне баға белгілеу проблемаларының мамандары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет