3.Ұйымның несие өтеуге жарамдылығын талдау
Кәсіпорынның төлем қабілетін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – оның кредит төлеу қабілеті. Нарық экономика жағдайында кәсіпорын несие қаражатының маңызды көзі болып банктік кредит саналады. Банктар кредитті коммерциялық негізде, әрекетті заң шығарушылықпен ескерілген және жақтармен келісілген қайтару,жеделдік, ақылық, несиені мақсатты міндет пен қамтуға пайдалану принциптерін қатал сақтау шартымен береді. Несиелендіруге қатысты барлық сұрақтар банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорынмен келісім негізінде банк арасындағы несие келісім-шарттармен реттеледі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік ретінде кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Несие келісім-шартында міндетті түрде келесілер қарастырылады:
- несиелеу объектілері;
- жоспарланған несие мөлшері, оның міндеті;
- несие беру шарты және өтеу мерзімдері;
- несие бойынша пайыздық ставкалар, оларды өзгерту және төлеу тәртібі;
- қарыз алушы міндеттерін қамту формалары (кепілдер, кепілдемелер, кепілдік);
- ТМШ жабудың өзіндік айналым қаражаттарының нормативі;
- несиені беру және өтеу бойынша жақтардың міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері;
- құжаттар тізімі және оларды банкқа ұсыну мерзімділігі.
Уақыт бойынша қаржылық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын талдау. Бұндай талдау процесінде әрбір қаржылық көрсеткіштердің белгеленген уақыт аралығындағы өзгерісі зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |