5) 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 – бабында:Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқада нормативтік – құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функйияларды атқаруға; - баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға; - әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге; - мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібінің сақталуын бақылауға; - өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз, — деп атап көрсетілген. Кеден саясаты Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары: - Қазақстан нарығын қорғау; - Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау; - Экономиканың дамуын ынталандыру; - Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу; - Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету; - Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру; - Сауда саясаты міндеттерін шешу; деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс — әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалықкеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай – ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылып отырады.Дегенмен, мемлекеттің кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс — әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс — әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен – ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім – шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды.; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларды жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган – кеден құрылып, ол мемлекеттің механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие болады.