1-Билет Тауартанудың пәні және мазмұны


Экономикалық талдау кезеңдері қазіргі замандағы аналитикалық жұмысты жетілдіру



бет30/70
Дата19.06.2020
өлшемі125,5 Kb.
#74021
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Байланысты:
экзамин жауаптары

3. Экономикалық талдау кезеңдері қазіргі замандағы аналитикалық жұмысты жетілдіру

3) Экономикалық талдау – бұл экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін оларды құрамдас бөліктерге бөлу арқылы зерттейтін ғылыми тәсіл.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің екі элементіне тоқталып кетейік:

• аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;


• оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.
Кешенді шаруашылық қызметті талдауды орындау барысында келесі кезеңдер анықталады:
Бірінші кезеңде талдау объектілері, мақсаты мен мәселесі нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары құралады.
Екінші кезеңде талдау объектісі сипаттауға көмектесетін синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.
Үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпарат жиналып дайындалады (онық нақтылығы тексеріледі, салыстырмалы түрге келтіріледі және т.с.с.).
Төртінші кезеңде шаруашылықтың нақты нәтижелерін есепті жылдың жоспарындағы көрсеткіштермен, өткен жылдардың нақты берілгендерімен, басқарушы ұйымдардың жетістіктерімен, саланы түгелдей салыстырады және т.с.с.
Бесінші кезеңде факторлық талдау жүргізіледі: факторлар алынады және олардың нәтижеге әсері анықталады.
Алтыншы кезеңде өндіріс тиімділігін арттырудың пайдаланылмаған және перспективалы резевтері анықталады.
Жетінші кезеңде анықталған қолданылмаған резервтердің және түрлі факторлар әрекеттерінің есебімен шаруашылық нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады, оларды қолдану бойынша шаралар жасалады.
Аналитикалық зерттеуді орындаудың мұндай кезеңділігі шаруашылық қызметті талдау теориясы мен тәжірибесі жағынан анағұрлым мақсатқа сай болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің маңызды элементі ретінде талдаудың техникалық қабылдаулары мен тәсілдері шығады. Бұл тәсілдерді қысқаша талдау құралдары деуге болады. Олар зерттеудің түрлі кезеңдерінде мыналар үшін қолданылады:
- жинақталған ақпараттарды алғашқы өңдеу үшін (тексеру, топтастыру, жүйелендіру);
- зерттелетін объектілердің жағдайы мен заңдылығын оқып білу;
- факторлардың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін анықтау;
- өндріс тиімділігін арттырудың перспективті және пайдаланылмаған резервтерін есептеу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет