5.Халықаралық маркетингтің саяси құқықтық ортасы
Халықаралық маркетинг – бұл жеке алынған компаниялардың тауарлары мен қызметтері рыногын бірден көп елдің сатып алушылары мен тұтынушыларына бағыттайтын, іскерлік белсенділіктің айқындалуы және алуан түрлілігі. Және де, егер бұл пайда алу мақсатында жүзеге асырылса, онда сөз – коммерциялық маркетинг, кері жағдайда – коммерциялық емес маркетинг жайында болып отыр.
Саяси – құқықтық орта
Әр түрлі елдер бір-бірінен өздерінің саяси-құқықтық ортасына қатысты да айырмашылық көрсетеді. Қандай да болсын елмен іскерлік қарым-қатынас орнату мәселесін шешерде ең кемінде төрт факторды ескеру жөн.
Шетелден сатып алуға көзқарас. Мұндай сатып алуларға кейбір елдер оң көзқарас, тіпті ынталандыру көрсетсе, ал кейбіреулері теріс қарайды. Оң көзқарасты елдерге мысал ретінде біздің елді, яғни Қазақстанды жатқызуға болады. Себебі біздің еліміз бірнеше жыл бойы шетелдерден қаржы тартуды іске асырып отыр. Қарама-қарсы мысал айтар болсақ, Үндістан экспорттаушылардан импорттық квоталарды сақтауды талап етеді, кейбір валюталарды кіргізбейді, ашылмақ кәсіпорындардың басқармасына өзінің азаматтарын көптеп алуды талап етеді, және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |