4.Ұйымның табыстылық көрсеткіштері және оларды талдау міндеттері.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы пайда табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар : өнімді өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі табыс; салық салынғаннан кейінгі табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс. Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі. Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден алынатын табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мы-налар жатады:
• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
• таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
• табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
• табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
• табыстың өсу резервтерін анықтау;
• кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
• табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |