1-Билет Тауартанудың пәні және мазмұны



бет27/70
Дата19.06.2020
өлшемі125,5 Kb.
#74021
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
экзамин жауаптары

6.Толлингтік операциялар

Толлинг дегеніміз - біздің елден тысқары шет мемлекеттерде мұнай өнімдерін өңдеп, оны қайтадан елімізге салықтық жеңілдікпен әкелуді білдіреді.

Толлингтік операция деп өңдеуге берілген(немесе әкелінген) давальчестік шикізатпен байланысты операцияны айтамыз. Бұл операциялар Қазақстан Республикасында да (материалдар мен шикізатты өңдеуге әкелу), сондай-ақодан тысқары жерлер де (материалдар мен шикізатты өңдеуге шығару) орын алуы мүмкін.

6.Кедендік заңнама және сыртқы экономикалық қызмет

Кедендік баж – Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі.Кеден ісін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден кодексінде белгіленген кеден төлемдерін алады.

Кеден төлемдері бойынша төлеушілер, есептеулердің, төлеудің, қайтарып берудің және кеден төлемдерін өндіріп алудың тәртібі, сондай-ақ жеңілдіктер Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен анықталады.

Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

1) кедендік баж;

2) кедендік алымдар;

3) алымдар;

4) алдын ала шешім үшін төлемақы.

Сыртқы экономикалық қызмет – мемлекеттік түрлі меншіктегі субъектілердің және жалпы ұлттық шаруашылықтың неғұрлым жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану мақсатымен әлемдік нарықта жүргізетін сауда-экономикалық және қаржылық-өндірістік өзара іс-қимылының түрлі нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Сыртқы экономикалық қызмет – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің аясы болып табылады және ол кәсіпорынын өнім немесе қызметтер экспорты және/немесе импорты арқылы халықаралық кооперацияға енуіне байланысты.

4-билет жауабы

1.Жіктеу – тауартанудың әдісі ретінде

Жіктеу бұл алынған әдістерге сәйкес ұқсастығы не әртүрлігіне байланысты

Объектілерді бөлу, ажырату. Объект дегеніміз жіктелінетін элемент. Тауартануда осы

Элемент ретінде тауар болып табылады. Барлық тауарлардың ішінен пайдалану сипатына қарай тұтынушылыұ тауарлар, өнеркәсіптік тауарлар және басқару қызметі үшін тауарлар (оргтехника) болыр бөлінеді.Жіктемелік белгілерді деп жіктелетін объектінің қасиеттері мен сипаттамаларды айтады.Тауарды жіктеу нәтижесінде жіктелінетін топтар құрылады. Олар ортақ немесе әртүрлі белгілерге ие, сондай-ақ өзара тәуелді немесе тәуелсіз болу мүмкін.

Жіктеу әдісінің келесідей түрлері бар:

Иерархиялық;

Фасеттік.

Жіктеудің иерархиялық әдісі бұл объектілерге бағынышты жіктемелі топтарға

Тізбектеп бөлу, ажырату. Ортақ және әртүрлі негізгі белгілері арқылы көрініс табатын

Бөлек жіктелетін топтар арасындағы тығыз байланыс иерархиялық әдістің ерекшелігі

болып табылады.Жіктеу әдістерінің әрбір түрі белгілі бір артықшылықтар мен кемшіліксипатталады3. Табыстылықтың нақты көрсеткіштерін талдау.тталады. Сондықтан жіктеудің бір әдісінің артықшылығы екіншісінің кемшілігі

болып табылады, яғни әрқайсысы бір-бірін толықтырады. Сол себепті бірқатар

жағдайларда оларды бірдей қолданады.Жіктеу ережелері мен әдістері, оның нәтижелерінің жиынтығы жіктеу жүйесін

құрайды. Жіктеу ережелері әдістер мен белгілер түрлерін таңдау үшін арналған.

2.Бөлшек және көтерме сауданың тауар айналымы

Тауар айналымының 2 түрі бар:

-Бөлшек сауда тауар айналымы;

-Көтерме сауда тауар айналымы.

Көтерме сауда — тауар айналысының алғашқы сатысы; өндіруші кәсіпорындардың тауарларды, өндіріс құралдарын, ірі топтамалармен сатуын қамтитын ішкі сауданың құрамдас бөлігі, тікелей өндірісте тұтынатын немесе бөлшек саудаға түсіретін тауарлардың ірі топтамаларымен сауда жасау, тауардың өндірушілерден бөлшек сауда орындарына немесе өндіріс құрал-жабдықтары бөлігінде өнімнің тұтынушы кәсіпорындарға жетуі.

Бөлшек сауда — ішкі саудада тауарларды немесе қызметтерді шағын мөлшерде сатып алу және сату. Бірнеше арналар арқылы тұтынушыға тауарды сату немесе тұтынушыға сервисті көрсету арқылы пайда табу проссесін қамтиді. Сұраныс анықталғаннан кейін оны тұтынушыларға көрсетеді. Жарнама арқылы сұранысты көбейтсе болады. 2000 жылдары электронды төлем арқылы тауарларды интернетпен сатып, оларды почта арқылы жеткізу саны көбейді.Почта арқылы тауарды жеткізу бөлшек сауда секторына жатады. «Бөлшек сауда» термині, тек қана сервисті улкен мөлшерде, аз ғана адамға емес, ол аз мөлшерде көп адамға да қамтиды

3.Табыстылықтың нақты көрсеткіштерін талдау.

Рыноктық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық мақсаттылығы табыс алумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне:

− табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

− таза табыстың құралуының құрамдас элеметтерін зерттеу;

− табысқа әсер етуші факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

− табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын, тенденцияларын зерттеу;

− табысты арттыру резервтерін анықтау;

− табыстың әртүрлі көрсеткіштерін зерттеу.

4.Маржиналды табысты талдау.

Маржиналдық талдау – бұл сату көлемі, өзіндік құн мен пайда арасындағы себеп-салдарлық байланысқа негізделіп және шығындарды тұрақты мен айнымалыға бөле отырып, бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу әдістемесі.

Маржиналды талдау негізінде ең алғаш басқару шешімдерін негіздеу әдісі ең алғаш 1930 жылы американдық инженер Уолтер Раутенштрах ойлап тапқан.Әлемге “өндірістің критикалық көлемінің графикасы ”ретінде танымал.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бизнестегі басқару шешімдерін қабылдауда қолданылады.Бұл әдісті “Зиянсыздық талдауы” немесе “Кіріске әсер ететін себептер” талдауы деп те атайды. Бұл талдау негізінде ақша қаражаттары мен капиталдың тиімді қолдану жолдары анықталады.Маржиналды талдау негізінде басқару шешімдерін нақтылайтын үш маңызды экономикалық көрсеткіштің арақатынасын айқындайды.Олар:шығын көлемі,өндіріс көлемі,пайда көлемі.

Маржиналды талдаудың мақсаты - өнімді сату көлемін анықтау,соның ішінде өнімді сатудан түскен пайда, оның нақты өзіндік құнына тең болуы тиіс.Сондықтан да маржиналды талдау тек қана басқару шешімдерін емес,кәсіпорынның баға саясатынданда да қолданылады.

5.Халықаралық маркетингтің сыртқы ортасы мен түсінігі

Халықаралық маркетинг — маркетингтің «жоғарғы мектебі». Былайша айтқанда, фирманың жəне кəсіпорынның əлемдік нарыққа шығып, орнығуына қажетті іс-шаралар жиынтығы. Оның негізінде тұжырымдамалық база, ішкі нарықта қолданылатын əдістер мен құралдар бар.

Халықаралық маркетинг фирманың шетелдегі қызметінің ауқымдылығын көрсетеді жəне өз еліндегі нарықты игеріп, өзге мемлекеттің нарығына шыққан кəсіпорынның екіжақты қызметімен сипатталады. Ол тауарларды тұтынушыларға жылжытудың түрлі сатыларындағы халықаралық нарықтың жүйелі, жоспарлы жəне белсенді өңделуін білдіреді. Маркетинг (ағылшын тілінен market — нарық) ¾ кешенді жүйесі, өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізу қанағаттандыруға бағытталған нақты тұтынушылар мен пайда алу негізінде зерттеу және болжау нарығын зерделеу, сыртқы және ішкі ортаның экспорттаушы-кәсіпорынның, стратегиясын әзірлеу және тактикасы мінез-құлық нарығында көмегімен маркетингтік бағдарламалар. Бұл бағдарламаларда қарастырылған іс-шаралар жақсарту бойынша тауар және оның ассортименті, зерттеу сатып алушылар бәсекелестер және бәсекелестік, қамтамасыз ету баға саясаты, сұранысты қалыптастыру, өткізуді ынталандыру және жарнама, оңтайландыру арналарының тауар қозғалысы мен ұйымдар сату ұйымдастыру техникалық қызмет көрсету және кеңейту түр-түрін ұсынатын, сервистік қызмет көрсету.

6.Халықаралық маркетингті басқару

Маркетингті басқару– ұйымның пайда табу, өткізу көлемін өсіру, нарықтың үлесін арттыру сияқты және т.б. белгілі міндеттерін ойдағыдай шешу үшін мақсатты сатып алушылармен табысты айырбас орнатуға, нығайтуға және қолдауға бағытталған шараларды талдау, жоспарлау, жүзеге асыру және осы істі бақылау.

Маркетингті басқару міндеті – сұранымның деңгейіне, уақыты мен сипатына ұйымның алдына қойған мақсаттарына жетуіне көмектесетіндей дәрежеде ықпал ету. Маркетингті басқару – сұранымды басқару. Кез келген сәтте нақты сұраным талап етілетін сұранымнан төмен, оған сәйкес немесе одан асатын деңгейі болуы мүмкін. Маркетингті басқару – осы деңгейлердің барлығымен айналысу деген сөз.

Маркетингті басқарушылар маркетингтік жағдайды талдау арқылы қабылданған жоспарларды жүзеге асыратын немесе бақылау функцияларын атқаратын фирманың лауазымды адамдары. Бұл тауар өткізу жөніндегі меңгерушілер жөне өткізу қызметінің қызметкерлері, жарнама қызметінің басқарушы қызметкерлері, өнімді өткізуді ынталандыру жөніндегі мамандар, маркетингті зерттеушілер, тауар жөніндегі меңгерушілер жөне баға белгілеу проблемаларының мамандары.

5-билет жауабы

1.Тауар айналымының құрылымы мен көрсеткіштер жүйесі және тауар айналымын бағалау әдістері

Тауар айналымының құрылымы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қамтиды.Ал олар өз кезегінде,ассортименттік топтарға бөлінеді. Тауар айналымыныңкөрсеткіштер жүйесіне келесілер жатады:

• ағымдық бағада және құндық сипаттағы тауар айналымының көлемі; • салыстырмалы бағада және құндық сипаттағы тауар айналымының көлемі; • бөлек тауар топтары бойынша тауар айнымалының ассортимент құрылымы;

• тауар айналымының бір күндік көлемі;

• бір жұмысшыға есептегенде тауар айналымының көлемі;

• сауда орнының 1шаршы метрге келетін тауар айналымының көлемі; • тауар айналымының мерзімі, айналым күндері;

• тауар айналымының жылдамдығы, айналым саны.

Тауар айналымын сараптау міндеттері:

• көрсеткіштер динамикасын зерттеу;

• ассортименттік құрылымын сараптау және бағалау;

• тауар айналымының құрылымына және көлеміне әсер етуші факторды анықтау және бағалау;

• тауар айналымдылығын сараптау.

Сараптау әдістері:

• динамикалық қатарларды құру;

• салыстырмалы және орташа көлемдерін пайдалану;

• салыстыру;

• индекстік әдіс;

• динамиканың тренттік және регриссиондық модельдерін құру;

• графиктерді құру және т.с.с.

2.Тауар қорларының түсінігі және оның классификациясы

Тауар қорлары бұл өндіріс сферасынан тұтыну сферасына өту процесіндегі тауар массасының жиынтығы.Тауармен қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі.

Тауар қорлары тауар қозғалысының барлықсатыларында қатысады:өндірістіккәсіпорындарының қоймасында,тасымалдау кезінде,көтерме және бөлшек тауар кәсіпорындар қоймасында.

Сауда кәсіпорындарының тауар қорларының классификациясы:

• орналасу жеріне байланысты(сауда кәсіпорындарында,өндірісте);

• мерзіміне байланысты(кезеңнің бастапқы және соңыңдағы тауар қорлары);

• өлшем бірліктеріне байланысты:абсолютті(құндық және натуралды түрде)және салыстырмалы(тауар айналымының күндері);

• пайдалану мақсатына қарай;

• ағымдық сақтау(сауда кәсіпорындарының күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін);

• маусымдық сақтау(ұсыныс пен сұраныстың маусымдық өзгерістері кезінде сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);

• алдын ала жеткізу(алыс жатқансауда орындарында тауарды жеткізу уақыттары арасында сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);

• мақсатты тауар қорлары(белгілі бір мақсатты шаралар жүзеге асыру үшін);

3.Ұйымның несие өтеуге жарамдылығын талдау

Кәсіпорынның төлем қабілетін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – оның кредит төлеу қабілеті. Нарық экономика жағдайында кәсіпорын несие қаражатының маңызды көзі болып банктік кредит саналады. Банктар кредитті коммерциялық негізде, әрекетті заң шығарушылықпен ескерілген және жақтармен келісілген қайтару,жеделдік, ақылық, несиені мақсатты міндет пен қамтуға пайдалану принциптерін қатал сақтау шартымен береді. Несиелендіруге қатысты барлық сұрақтар банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорынмен келісім негізінде банк арасындағы несие келісім-шарттармен реттеледі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік ретінде кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Несие келісім-шартында міндетті түрде келесілер қарастырылады:

- несиелеу объектілері;

- жоспарланған несие мөлшері, оның міндеті;

- несие беру шарты және өтеу мерзімдері;

- несие бойынша пайыздық ставкалар, оларды өзгерту және төлеу тәртібі;

- қарыз алушы міндеттерін қамту формалары (кепілдер, кепілдемелер, кепілдік);

- ТМШ жабудың өзіндік айналым қаражаттарының нормативі;

- несиені беру және өтеу бойынша жақтардың міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері;

- құжаттар тізімі және оларды банкқа ұсыну мерзімділігі.

Уақыт бойынша қаржылық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын талдау. Бұндай талдау процесінде әрбір қаржылық көрсеткіштердің белгеленген уақыт аралығындағы өзгерісі зерттеледі.

4.Ұйымның табыстылық көрсеткіштері және оларды талдау міндеттері.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы пайда табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар : өнімді өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі табыс; салық салынғаннан кейінгі табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс. Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі. Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден алынатын табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мы-налар жатады:

• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

• таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

• табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

• табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

• табыстың өсу резервтерін анықтау;

• кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

• табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

5.Халықаралық маркетингтің саяси құқықтық ортасы

Халықаралық маркетинг – бұл жеке алынған компаниялардың тауарлары мен қызметтері рыногын бірден көп елдің сатып алушылары мен тұтынушыларына бағыттайтын, іскерлік белсенділіктің айқындалуы және алуан түрлілігі. Және де, егер бұл пайда алу мақсатында жүзеге асырылса, онда сөз – коммерциялық маркетинг, кері жағдайда – коммерциялық емес маркетинг жайында болып отыр.

Саяси – құқықтық орта

Әр түрлі елдер бір-бірінен өздерінің саяси-құқықтық ортасына қатысты да айырмашылық көрсетеді. Қандай да болсын елмен іскерлік қарым-қатынас орнату мәселесін шешерде ең кемінде төрт факторды ескеру жөн.

Шетелден сатып алуға көзқарас. Мұндай сатып алуларға кейбір елдер оң көзқарас, тіпті ынталандыру көрсетсе, ал кейбіреулері теріс қарайды. Оң көзқарасты елдерге мысал ретінде біздің елді, яғни Қазақстанды жатқызуға болады. Себебі біздің еліміз бірнеше жыл бойы шетелдерден қаржы тартуды іске асырып отыр. Қарама-қарсы мысал айтар болсақ, Үндістан экспорттаушылардан импорттық квоталарды сақтауды талап етеді, кейбір валюталарды кіргізбейді, ашылмақ кәсіпорындардың басқармасына өзінің азаматтарын көптеп алуды талап етеді, және т.б.

6.Толлингтік операциялар

Толлинг дегеніміз - біздің елден тысқары шет мемлекеттерде мұнай өнімдерін өңдеп, оны қайтадан елімізге салықтық жеңілдікпен әкелуді білдіреді.

Толлингтік операция деп өңдеуге берілген(немесе әкелінген) давальчестік шикізатпен байланысты операцияны айтамыз. Бұл операциялар Қазақстан Республикасында да (материалдар мен шикізатты өңдеуге әкелу), сондай-ақодан тысқары жерлер де (материалдар мен шикізатты өңдеуге шығару) орын алуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет