2. Обаның кли/қ белг: . Обаның клиникалық жіктелуі (Руднев 1972ж).А басымды жергілікті формалар: терілік,бубонды,тері бубонды Б ішкі жайылған формалары: 1. біріншілік септикалық формасы.
2.екіншілік сетикалық формасы.В сыртқы жайылған формалары:біріншілік өкпелік,екіншілік өкпелік ,шектік.Клиникалық формалар қоршаған ортаға эпидемиялық қауіптілігі өлу ретімен орналасқан. Обаның клиникада айқын 2 синдром бөлінеді: -жалпы интоксикация синдромы (барлық клиникалық түрлерінде кездеседі).процес орналасуына байланысты синдром.Обаның жасырын кезеңі 3-6 күн құрайды. Жалпы интоксикация белгілерімен жедел басталады. Қатты қалтыраумен, дене t0 39-40 жоғары ыстық сезім басталады. Қатты бастың ауыруы, бас айналу, әлсіздік, ұйқының бұзылуы, жрек айну, құсу, бұлшық еттердің ауырсынуы байқалады. Есі сақталуы да мүкін, бірақ жиі науқас есі бұзылған. Тежелу жиі психомоторды қозу, галлюцинация сандырақтау айқын болады. Кейде науқас теңселіп жүреді. Сөзі күрмеленіп, анықсыз шығып, беті қызарып, көз маңайында қара көлеңкелер болады. Осы кезде науқас мас адамдарға ұқсас болады. Жүрек қан тамыр жүйесінің өзгерістері: тахикардия, гипотония, жүрек тондарының тұйықталуы айқын. Асқазан ішек жолдарынан тілі үлкейген, құрғақ. Бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Ауыр жағдайлары кофе тәрізді құсық және қан аралас нәжіс байқалады. Аурудың өршу кезеңінде олигоонурия қалыптасады. Жалпы интоксикация белгілерімен қатар терілік формасы - Қоздырғыш енген жерден басында дақ, кейін апула, визикула, пустула және ойық жаралар дамиды. Процес ұзақ жүреді, өте баяу жазылады, тыртық қалады. Бубонды формасы: бұл түрде бубондар тән: лимфа түйіндердің қабынуы көбінесе аяқта, шадта, қолтық асты, мойында байқалады. Басында бубон орны ауырады, одан кейін ісінеді. Оба бубонның ерекшелігі: қатты ауырсыну - науқас еріксіз жағдайда жатады (тізе, жамбас, сан бүгіп жатады).Лимфа түйіндері үлкен көлемге дейін ұлғаяды (орташа жұмыртқа және алма тәрізді болуы мүмкін)Орталық тінімен жабысқан яғни бубон қозғалмайды.Бубон басында тығыз болып, кейін иленген нан консистенциялы флюктуация байқалады. 8-12 күнде бубон жарылып жасыл-сары іріңді бөлініс шығады. Қазіргі кезде ауру ағымда бубондар жарылмайды, олар сіңіріледі, склерозданады.Біріншілік септикалық форма. Обаның бұл түрінде интоксикация және айқын геморагиялық синдром тән. Интоксикация өте жедел басталады, инфекция токсикалық шок дамып бірінші 3күнінде дерт өліммен аяқталады.Біріншілік өкпелік формасы бл түрі интоксикация тез дамумен сипатталад, өкпенің зақымдануы 24-36 сағ кейін келесі симптомдардың көрінісі байқалады: кеудесіндегі қатты ауырсыну, ентікпе, жөтел, көп мөлшерде сұйықтық, қызыл көпіршікті қақырық. Тыныс алу жиі беткей болады, яғни тыныс алу жетіспеушілік белгілері алға шығады. Әдетте науқас аурудың 3-5ші күні өледі.
Достарыңызбен бөлісу: |