1 билет Туляремияның этиологиясы, эпидемиологиясы. Fracicella tulerensis


Тырысқақтың клиникалық көріністері



бет46/79
Дата22.06.2020
өлшемі117,33 Kb.
#74257
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
Байланысты:
zhukpa bilet

2.Тырысқақтың клиникалық көріністері. (В.И.Покровский, 1973ж) 1-дәрежедегі дегидратация — сұйықтықты дене салмағынан 3%-ке дейін жоғалту 2-ші дәрежедегі дегидратация сұйықтықты дене салмағынан 4-6%-ке дейін жоғалту 3-ші дәрежедегі  дегидратация — сұйықтықты дене салмағынан 7-9%-ке дейін жоғалту 4-ші дәрежедегі дегидратация — сұйықтықты дене салмағынан 9-10%-тен жоғары. Дегидратацияның 1-ші дәрежесі 50-60% науқастарда болады. Іш өту 3-10 рет. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 1-3%-тен аспайды. Тері қабаттары өзгеріссіз. Кейбіреуінде акроцианоз. Шырыш қабаттарының сәл құрғауы. Дене қызуы қалыпты (әлсіздік, бас айлануы). Сырқаттың ұзақтығы 3-4 тәуліктен аспайды. Дегидратацияның 2-ші дәрежесі 20-25% науқастарда болады. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 4-6%-ке жетеді. Іш өту жиілігі 15-20 рет. Нәжісі сулы, «күріш суы» тәріздес. Сусыздану белгілері өте жылдам дамиды: әлсіздік, бас айналу, шөлдеу, қайталанғанқұсу, терісінің бозғылттануы, суық тер жабуы, акроцианоз, балтыр бұлшық еттерінің тартылуы. Дене қызуы қалыпты, тері қатпарлары баяу түрде жазылады. Тахикардия, гипотония, аздаған олигурия. 3-ші дәрежедегі дегидратация 8-10% науқастарда кездеседі: Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 7-9%-ке дейін жетеді. Іш өту жиілігі санаусыз.Дене қызуы төмендей бастайды. Сусыздану белгілері өте айқын және өте жылдам дамиды.Ауырған адамның көзі ішіне кіріп, бет әлпеті өткірленеді. Тері тургоры төмендеп, қатпарлары жазылмайды, «кір жуғыштың қолы» деген белгі айқындалады, жайылған акроционоз анықталады. бұлшық еттері тартылады, дауысы қарлығады, тахикардия, гипотония, олигурия. 4-ші дәрежедегі дегидратация 8-10 % науқастарда кездеседі. Клиникасында гиповолемиялық шок белгілері алға шығады. Артериалды қысымы 30/0 мм.с.б. немесе анықталмайды, жіп тәрізді пульс, үстемелі демікпе, анурия, цианоз, сопор, кома. Холераның типті және атипті түрлері бөлінеді. Холераның Атипті түрлері: Жылдам өтетін холера «найзағай тәрізді» Құрғақ холера Іш өтусіз, құсықсыз өтетін холера Геморрагиялық синдроммен өтетін холера Эль-Тор холераның ерекшеліктері: Көбінесе жеңіл, жасырын түрлерінде өтеді. 17-21% науқастарда продромальды белгілер болуына тиісті. Сырқаттың басында субфебрильді қызба болуы мүмкін. Жүрек айнумен, ішінің ауырсыну белгілері болуы тиісті. Холера (тырысқақ) диагностика жолдары Клиникалық белгілері Эпидемиологиялық белгілері Зертханалық әдістер: Бактериологиялық зерттеу (құсық, нәжіс) Серологиялық зерттеу (АР және ПГАР) Иммунофлюоресцентті Салыстырмалы диагностикасы: Сальмонеллезбен, тағам-токсико инфекциямен, дизентерияның атипті түрімен, вирусты диареяларымен т.Б



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет