1.Тырысқақтың этиологиясы, эпидемиологиясы. Анықтама:Vibrio cholerae қоздырғышымен шақырылатын, экзотоксиннің әсерінен сулы-электролитті диареямен және оның нәтижесінде туатын сусыздану синдромыменжедел өтетін, аса қауіпті дамитын-дегидротатция сипатталатын жедел корантинді ж/е конвексиялық жұқпалы, ішек антропонозды инфекциясы мен сипатталатын ауру. Этиологиясы.қоздырғышы Vibrio cholerae Эль-Тор — Эль-Тор холераның қоздырғышы Вибриондар: өте қозғалмалы, үтір түрде иілген, грамм теріс қысқа таяқшалар. Аэроб, оптимальды температурада (37˚С), сілтілі ортада жақсы өседі. Сыртқы ортаның температурасы 17 ˚С-тан жоғарын ж, су көздерінде өте төзімді. Антигендік құрамы: О- соматикалық антиген, Н- жіпшелік антиген. Антигендік қасиеті бойынша О1 серотопқа кіреді.О1 антиген — А,В,С компонеттерінен құрастырылады. Келесі серотоптарға бөлінеді: Инаба (АС) Огава (АВ) Гикошима (АВС) Холера вибрионы 3 токсикалық зат бөледі: Эндотоксин – иммуногенді әсер Экзотоксин-холероген – диареямен сусызданудың негізгі себебі Өткізгіштік факторы — жасуша мембраналарымен тамырлардың өткізгіштігіоғарылатады. Эпидемиологиясы: Антропоноз. Аса кауіпті инфекциялар қатарына кіреді. Инфекция көздері: Холераның типті және атипті түрлерімен ауыратын адамдар (1 гр нәжіспен 107-109 микроб бөліп шығарады) Вибрион тасымалдаушылар (сау, транзиторлы, реконвалесценттер) -(1 гр нәжіспен 102- 105 микроб бөліп шығарады) Классикалық холерада инфекция көзі — көбінесе типті түрімен науқастанған адамдар. Эль-Тор холерада инфекция көзі – көбінесе атипті түрімен науқастанған адамдар және тасымалдаушылар. Таралу механизмі: нәжіс-ауыз (фекальді -оральді) арқылы Таралу жолдары: су арқылы (көбінесе) алиментарлы тұрмыстық қатынас арқылы Адамдардың инфекцияны қабылдау мүмкіншілігі өте жоғары – 100% -ке дейін. Эндемиялық ошақтарда көбінесе балалар мен қарт адамдар ауырады. Бейім факторлар-анотатцитті гастрит,гельминтоздар,әр түрлі анемиялар,ісіктер.