1.Ботулизмнің этиологиясы, эпидемиологиясы. Анықтама:- ботулотоксиннің әсерінен дамитын сопақша ми мен жұлынның зақымдануымен сипт жедел инфекциялық ауру. Этиологиясы.Аурудың қоздырғышы клостридиялар тұқымдасына жататын СІ. Botulinum (лат. botulus –шұжық, botulism- шұжық уымен улану). Қоздырғышты 1896 жылы Голландияда Э. Ван Эрменгем ашқан. CI. botulinum ірі (4,4-8,6 х 0,3 мкм),ұштары доғал келген, әлсіз қозғалатын, грам оң боялатын, тек анаэробты жағдайда ғана өсетін таяқшалар. Спора түзеді. Түр 7 серологиялық варианттарға бөлінеді: A,B,C1,C2,D,E,F,G. Барлық сероварлар анаэробты жағдайда, негізінен абиотикалқ ортада, 35-40°С температурада экзотоксин түзеді. Экзотоксин – нейротоксин мен гемагглю-тининнен тұратын улы, кешенді қосылыс. Токсин қайнатқан кезде (100°С) 20 минутта ыдырап, нейтралданады. Ботулотоксин ең күшті биологиялық у, оның кристалданған түрінің 1 граммы милиондаған адамды өлтіруге жеткілікті(биологиялық қару түрінде). Токсин тек асқазан - ішек жолдары арқылы түскенде ғана улы әсер етеді.Эпидемиологиясы:Ботулизм сапрозооноздарға жатады.Ботулизм кезіндегі қоздырғыштың негізгі резервуарлары: жылықандылық жануарлар,салқынқандылық,сыртқы орта. Ботулизмнің 3 түрі бар: Тағамдық,жарақаттық, нәрестелердің ботулизмі. Тағамдық ботулизм- орг/ге токсин түскенде,ал жарақаттық ж/е нәрестелік споралар түскенде дамиды. Ең жиі кездесетін түрі тағамдық ботулизм. Жұғу жолы алиментарлы. Токсин дамыған тағамдық азықтар арқ. Үйде консервіленген ет, көкеністер, саңырауқұлақтар, үйде тұздалған сан еті, тұздалған ж/е қақталған сан еті. Жарақаттық- әрт. жарақаттанған тері арқ. жұғуы мүмкін.Топырақпен бірге түскен споралар шартты анаэробты жағдай туған кезде вегетативті түріне ауысып токсин түзеді. Нәрестелік ботулизм- емшектегі баланың асқазан ішек жолына қоздырғыштың споралары түскен жағдайда дамуы мүмкін. Нәрестелердің асқазанының микрофлорасына байланысты споралар вегетативті түріне ауысып олар токсин түзеді.