2.Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызбалардың клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең 1-14 күнге созылады(орташа 3-5 күнге,кенелер шаққанда 1-3 күн,қан арқылы жұққанда 5-6 күн).Кене шаққанда орнында қышу және қызу сезімдері пайда болады. Бастапқы кезең 3-6 күнге созылады. Ауру жедел басталады –қалтырау, дене қызуы 39-40 С, бас ауруы, бас айналуы, лоқсу, бұлшықет, буындарда, іште, белде ауру сезімі,бүкіл дене ауруы,ауыз құрғайды. Обьективті: Науқастың беті,мойыны,кеуденің жоғарғы бөлігі,коньюктивасы қызарған.Склера,жұмсақ таңдай,тілшік қан тамырларының иньекциясы,артериялық қысымының төмендеуі, салыстырмалы брадикардия байқалады,кейбір ауруларда герпестік бөртпелер байқалады, ЭТЖ- жоғары. Өршу кезеңі 3-6 күн,дене қызуы аз уақытқа төмендеген соң геморрагиялық синдром дамуымен сипатталады,іштің ,кеуде,бүйір бөліктерінің терісінде, иық ,белдеуі,кейде арқа,қол,сан,шап аймағында петехиалды бөртпелер болады,мұрыннан, жатырдан қан кетулер,қан түкіру,иектің қанталауы, макрогемотурия, иньекциялардың орнына гематомалар п.б. Экзантема элементтері 5-8 см дейін жетеді.Ауыр науқаста ішектен қан кету,ал жеңіл науқаста экзантема розеола немесе эритема түрінде болады.Асқынулар п.б. мысалы: пневмония, өкпе ісіңуі ,миокардит т.б. Бір мезгілде әлсіздік, ұйқышылдық күшейіп кұсу жиілейді. Науқас есінен тануы мүмкін,10-25%жағдайда қозу,тырысу немесе кома болады.Брадикардия орнына Тахикардия дамиды, АҚ төмендейді,жүрек тоны бәсендейді,метеоризм байқалады, 20-25 % бауыр ұлғаяды,қызба 1-14 күнге созылады,ауруға 2 толқынды температуралық қисық сызығы тән. Реконвалесценция кезеңі: дене қызуы қалыпқа келген соң және оның қайталануы жойылғаннан соң басталады. Бұл кезең ұзаққа созылады(1-2 ай) әлсіздік,тез шаршағыштық , психостениямен сипатталады. Өлім жетімділігі 40%. Сенім-массивті қан кету,бауыр-бүйрек жетіспеушілігінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |