1 билет Туляремияның этиологиясы, эпидемиологиясы. Fracicella tulerensis


Тағамдық токсикоинфекцияларының лабораторлық диагностикасы, емдеуі



бет66/79
Дата22.06.2020
өлшемі117,33 Kb.
#74257
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79
Байланысты:
zhukpa bilet

3.Тағамдық токсикоинфекцияларының лабораторлық диагностикасы, емдеуі. 1)клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер: Дұрыс диагноз қою үшін келесі негізгі белгілерге сүйену қажет:

-ауруға себеп болған тағам өнімін анықтау;

-тағам қабылдаған адамдардың топтасып ауыруы;

-жедел гастриттің, энтериттің, колиттің клиникалық белгілерімен  сусыздану және улану белгілерінің қосарлануы;

-қысқа инкубациялық кезеңнің болуы;

-ауру жедел дамып, қысқа уақытқа созылуы;

-Аурудың салыстырмалы диагностикасының маңызы зор.

Сондай-ақ ТТИ алғашқы кезде әртүрлі аурулардың қосылуымен де өтуі мүмкін. Мыс, терапиялық (жедел гастрит, гипертониялық криз, миокард инфарктісі), хирургиялық (жедел аппендицит, холецистопанкреатит, мезентериальды тамырлардың тромбозы, асқазан жарасының тесілуі), акушерлік-гинекологиялық (жатырдан тыс жүктілік, гестоз, пельвиоперитонит), неврологиялық (ми қан айналымының бұзылысы, нейроциркуляторлық дистония), урологиялық (пиелонефрит, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі) сияқты аурулар. 2) лабораторлық диагностика Бактериологиялық зерттеуге алынатын материал: құсық массалары, ас қазанның щайынды суы, нәжіс, желінбеген тағам қалдықтары. Емдеуі. ТТИ мен науқастанғандарды жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу қажет. Бірінші рет науқасты қарап және диагноз қойған соң:

-асқазанын шайып, клизма жасау;

-жуындысы бактериологиялық әдіспен зерттеледі.

Науқастың емі аурудың түрі мен ауырлығына және қосымша ауру түріне байланысты жүргізіледі. Алдымен, сусыздануға қарсы күрес, дезинтоксикациялық, гемодинамиканы реттеу шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар қосымша ауруды емдеу, симптоматикалық және диетотерапия тағайындалады(анальгетик,темп түсіретін дәрі дәрмектер). Стационарда асқазанды шаюдан бастайды. Асқазанды шаю үшін 1% натрий гидрокарбонаты ерітіндісі немесе 0,1% калий перманганаты ерітіндісі қолданылады.. Асқазанды шаю үшін зонд арқылы :жүргізген жөн. Енгізілетін сұйықтықтың мөлшерін құсқан кезде және диарея кезінде жоғалтқан сұйықтық арқылы анықтайды.Тамаққа тыйым салынады. Аурудың жедел кезеңінд№4 стол тағайындалады, ал сауығу кезеңінде — №13 столға ауыстырылады. Тағамнан асқорыту жүйесіне механикалық және химиялық әсер ететін тағамдарды алып тастайды: сүт, консерві, бұқтырмалар, өткір және тәтті тағамдар, пісірілмеген жемістер. Антибактериальды препараттар қажет емес.

24 билет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет