Эпидемиологиясы: Барлық жерде таралымды.
Инфекция көздері:-жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар - транзиторлы бактерия тасымалдаушы науқас адам. Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті өкпе ауруымен ауыратындар төндіреді. Осылардың ішінде ең қауіптісі қоғамдық орында тамақтанатын жұмысшылар.(ф-аральді)
Берілу жолы: су, тамақ, тұрмыстық қатынас арқылы беріледі. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады.
Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады
2.Грипптің клиникалық көріністері. Грипптің жіктелуі: 1)Ағымы бойынша:типті және атипті; 2)клиникалық көріністердің ауырлығы бойынша:жеңіл;орташа;ауыр.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан-3 күнге дейін, әдетте 1-2 тәулікті құрайды.Клиникалық көріністер 2 негізгі синдром бөлінеді:Жалпы улану.Тыныс жолдарының зақымдалуы(катаральді синдром).
Әдетте грипп жедел басталады тоңғыштық, бас аурады, бірнеше сағ кейін дене температурасы 38,5-40° дейін көтеріледі, фибрильді температура.Әлсіздік, дене сынуы, бұлшық еттердің, буындардың ауруы байқалады.Бас ауру маңдай және самай аймақтарында орналасады бірте-бірте күшейеді.Сонымен қатар көз алмаларының ауру сезімі пайда болады, жарыққа сезімталдығы жоғарылайды.Науқасты қарап тексергнеде беттің қызаруын ісінуі склера тамырларының иньекциясын кейде 3-4 күні ұшықты көреміз.Аурудың ауыр ағымында тері жабындары бозғылт цианоз байқалады.Аңқа қызарған, гиперемия жайылмалы, доғашықтармен жұмсақ таңдайда жұтқыншақтың артқы қабырғасында айқынырақ көрінеді.Мұрынынң шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген.Науқастың тәбеті жоғалады.Асқынбаған жағдайда қазба ұзақтығы грипп кезінде 1-6 күнді құрайды.Реконвалессенция кезеңі 1-2 аптаға созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |