1 билет Ветеринарлық санитарлық сараптау негізінде қолданылатын негізгі нормативтік құжаттарды атаңыз



бет44/58
Дата06.01.2022
өлшемі51,17 Kb.
#110082
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Байланысты:
шпор

2. Нормативті құжаттарды атаңыз

1. ҚР ветеринария туралы 2002 жылғы 10 – шілдедегі №399 заңы. 6 тарау 37 баптан тұрады

2. ҚР сапа және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы туралы 2004 жылдың 8 – сәуіріндегі №543 – II заңы.

3. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ҚР 2007 жылғы 7- шілдедегі №301 заңы.

4. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР 2009 жылғы 18 – қыркүйектегі кодексі.

5. Ет және ет өнімдері туралы Мемлекеттік Стандарттар т.б.

3. Мал ұшаларын қабылдау ережелері

Ұша тұтас немесе жарты ұша түрінде, я болмаса ұшаның төрттен бірі түрінде ағзаларымен бірге әкелінеді. Шошқа мен жылқы және басқа тақ тұяқты малдардың ұшаларымен қоса басын, өкпесін кеңірдегімен және көк бауырын әкеледі. Үй қояны мен қоян ұшаларының артқы бір сирақтарында ұзындығы 3-4см етіп терісін қалдырады, ал құс ұшасын, ішкі ағзаларын жекелеп алып келеді

Ұша мен ағзаларын әкелгенде, ет иелері, тиісті ережеге сай сол малдың сояр алдында тексерілгендігі, сойып болған соң ветеринариялық - санитариялық сараптаудан өткендігі және оның аса қауіпті жұқпалы ауру жоқ жерден

шыыққандығы туралы анықтама, №2 форма әкелуге міндетті. Ұша үстінде ветеринариялық тексеруден өткендігі туралы таңба болуы да мүмкін.

Ветеринариялық анықтаманың дұрыстығына көңіл аударады. Анықтамада сұрақтардың барлығына тиісті жауап жазылып, мал дәрігердің немесе фельдшердің қолы қойылып мөр басылады. Бұндай анықтама 3 күнге ғана жарамды.

Егер әкелінген ұшаға анықтама болмаса немесе ветеринариялық тексеруден өтілгені туралы таңба басылмаса, бұндай етті, ұша ағзаларын (өкпе, жүрек, бауыр, көк бауыр, бүйректері) тексеруге қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет