1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы, даму тарихы, биотехнология бығыттарына анықтама беріңіз.


Инсулин гормонының адам организміне әсері



бет13/27
Дата06.12.2022
өлшемі99,31 Kb.
#161582
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
1. Биотехнология ылым ж не ндіріс саласы, даму тарихы, биотехн

15.Инсулин гормонының адам организміне әсері.
​Инсулин (лат. insulinuminsula — арал) — эндокринді эпителиоциттерден құралғанұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон.
Инсулин — қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны адам мен жануарлар бауыры мен бұлшықеттерінде қорланатын күрделі көмірсу — гликогенге айналдырады. Алғашында инсулин препроинсулин түрінде түзіліп, белок молекуласында пострансляциялық өзгерістерден кейін препроинсулиннен проинсулин түзіледі. Проинсулин 1966 жылы анықталды.
Қызметі: инсулин ( латынша аралша, топ) - қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады.
Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,6-6,7 миллимоль/ л. Глюкоза - ағза үшін энергетикалық және пластикалық материал. Май мен нәруыз алмасуына да әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша жарғақшасынан аминқышқылдардыңтасымалдануын күшейтеді. Инсулин зат алмасудың көптеген реакциясына қатысады.
Инсулин гормоны жетіспегенде (аз бөлінгенде) ағзада болатын ауытқулар: денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам ңантауруына (сусамыр) шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бү-зылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль/ л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында гликоген коры азайып, қанда глюкоза мен май қышқылы көбейеді. Жасушада аминқышқылыреакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі на-шарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан - 0,4% -ға дейін көбейеді, зөрдің құрамында глюкоза пайда болады.
Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін косымша су мөлшері қажет
16.Пробиотикалық микроорганизмдердің рекомбинатты штаммдарының артықшылықтары қандай?
Микроорганизмдердің рекомбинантты штамдарының маңызды сипаттамасы —пробиотиктер негіздері-енгізілген плазмидті ДНҚ тұрақтылығы, өйткені жұмыс барысында құрылымдық гибридтік плазмидтердің немесе олардың репликациялық тұрақсыздығы.
Пробиотик – құрамында адамның қалыпты микрофлорасында болатын микроорганизмдер өкілдерінен немесе олардың метаболиттерінен тұратын емдік препараттар немесе биологиялық белсенді қоспалар. Пробиотиктер салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде, антибиотиктер курсынан кейін маңызды болып саналатын, ішектегі бактериялардың пайдалы түрлерінің құрамын арттыра алады. Бірақ өзге текті микроорганизмдер біздің ағзамызда тез өлетіндіктен, бұл әсер ұзақ уақыт сақталмайды
Пробиотикалық бактерияларды іріктеуде келесі көрсеткіштер ескеріледі:

  • Пробиотикалық өндірістік штамның технологиялық қасиеттеріне;

  • Штамның пробиотикалық қасиетіне ;

Штамның пробиотикалық қасиеттері:


1. Қышқыл түзуге белсенділігі;
2. Патогенді және шартты патогенді шартты микроорганизмдер қатысындағы антагонистік қасиеттері;
3. Биологиялық тсұйықтықтарға тұрақтылық, асқорыту сілекейлеріне тұрақтылығы;
4. Антимикробтық препараттарға тұрақтылығы;
5. Адгезиндік белсенділігі( дұрыс жабысып тұруы);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет