1 бөлім. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері


Нақты жалақының қатаңдығы және жұмыссыздықты күту



бет10/13
Дата05.12.2022
өлшемі0,97 Mb.
#161322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дип.-Жұмыссыздық-және-жұмысбастылық

Нақты жалақының қатаңдығы және жұмыссыздықты күту .
Жұмыссыздықтың екінші себебі – жалақының қатаңдығы , яғни оның икемді өзгере алмайтандығынан . Тепе – теңдік еңбек нарығының үлгісіндегі нақты жалақы сұраныс пен ұсынысты теңестіруден өзгеріп тұрады . Бірақ шын мәнінде жанақы әрқашан икемді болмайды . Кейде нақты жалақы тепе – теңдіктен жоғары деңгейде болады .
Бұл мысал жалақы қатаңдығы не себептен жұмыссыздыққа әкелетінін көрсетеді . Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда , нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады . Фирмалар тапшы орын санын барлық талапкерлер арасында таратуға мәжбүр болады . Сондықтан , нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады .
Жалақының қатаңдығы салдарынан болатын жұмассыздық және осыдан шығатын жұмыс орнының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады . Жұмысшылар жұмыссыз болуының себебі олардың мамандығына сәйкес ең жоғары дәрежедегі жұмыс іздеуінен емес , берілген жалақы деңгейінде еңбек ұсынысынан фирмалар жағынан еңбек сұранысы артық болғандығанан . Жұмысшылар тек жұмыс алу мүмкіндігін күтеді .
Жалақы қатаңдығы және жұмыссыздықты күту ұғымын түсіну үшін , ең алдымен еңбек нарығы неге тепе – теңдік жағдайға келмейтінін білу керек . Жалақының нақты деңгейі тепе – теңдік нүктесінен жоғары болғанда , ал еңбек ұсынысы сұраныстан көп болса , жұмыс берушілердің жалақы төмендетулерін күтуге болатын еді .Жұмыссыздықты күту болуының себебі , еңбек ұсынысы артық болса да , фирмалардың жалақы деңгейін түсіре алмауын айтады

Жұмысқа жалданған жұмысшылар саны .
Ендігі жалақы қатаңдығының үш есебін қарастырайық : ең төменгі жалақы туралы заң қабылдау , кәсіподақтарда монополиялық күштің болуы және фирмалардың ынталандыратын жалақы тағайындауы .
Үкімет жалақы қатаңдығын сақтауды , оны тепе – теңдік деңгейге дейін түсіруге кедергі жасауға мүмкіндік туғызады . Ең төменгі жалақы туралы заң барлық фирмалар үшін міндетті болатын еңбекақының ең төмен мөлшерін белгілейді .
Мысал : 1938 жылы әділетті еңбек жағдайлары заң қабылданған кезде , АҚШ – тың федеральді үкіметі өнеркәсіптегі орташа жалақының 30 бен 50 пайыз шекарасында болатын жалақының ең төменгі деңгейін тағайындайды . Көп жұмысшыларға бұл деңгей проактикалық мағына бермейді , себебі олар белгіленген төменгі шектен анағұрлым көп табады . дегенмен кейбір жұмысшыларға , әсіресе мамандығы және
тәжірибесі жоқтарға белгіленген төменгі шек тепе – теңдік нүктесінен жалақыны көтереді , ал ол фирмалардың осындай еңбекке суранысын қысқартады .
Есеп бойынша , жалақының шегін белгілеу жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздыққа әсер етеді , өйткені әдетте жасөспірімдер жалақысының тепе – теңдік деңгейі өте төмен . Оған екі себеп бар :
Біріншіден , жасөспірімдер ең аз маманданған және тәжірибесі аз жұмыс күшіне жататындықтан , олардың еңбегінің шекті өнімі де үлкен болмайды .
Екіншіден , жасөспірімдерге көбінесе ақшалай түрде емес, белгілі бір « өтем » түрінде өзінің жұмыс орнында мамандықты тегін оқып - үйренуге мүмкіндік беріледі . Оқыту жүйесі классикалық мысал болып келеді . Сондықтан жасөспірімдер үшін жалақының тепе – теңдік деңгейі төмен болып келеді және жалақының шегін белгілеудің жұмысшылардың осы тобы үшін үлкен мәні бар .
Көптеген экономистер жасөспірімдер арасындағы жұмысбастылыққа төмен жалақының әсерін зерттеген . Зертеушілер жұмысқа орналасқан жасөспірімдер санының белгілі уақыт аралығында өзгеруі мен ең төмен жалақының өзгеруін салыстырған . Бұл зерттеулер ең төмен жалақының 10 пайызға өсуінен жасөспірімдер арсындағы жұмысбастылық шамамен 1 – 3 пайызға төмендегенін көрсетеді .
Жасөспірімдік жұмыссыздыққа төмен жалақы туралы заңның әсерінен жеңілдету үшін кейбір экрномистер мен саясатшылар ол заңның жас жұмысшылардың еңбек төлеміне таратылуына қарсы шығады . Бүл жасөспірімдер арасында жұмыссыздықты қысқартуға және оларға оқып – үйренуге және еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік береді . Осындай түрдегі шектелген вариантта ең төмен жалақы туралы заңға түзету 1990 жылы шықты . Алайда бұл шараның қарсыластарға оның мамандандырылмаған ересек жұмысшыларды жасөспірімдермен ауыстыруды туғызатындығын , соның салдарынан халықтың басқа топтары арасында жұмыссыздықтың көбеюіне әкелетінін айтты .
Енді жұмыссыздықты сипаттайтын кейбір қосымша мәліметтерге жүгінейік . Олар жоғарыда қарастырылған жұмыссыздық теориясын және оны қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың шараларын бағалауға көмектеседі .
Айталық , сіз жұмыстыңыз деп есептейік , сіздің ұзақ уақыт бойы жұмыссыз болуыңыздың ықтималдылығы қанша ? Жауабы өте маңызды , өйткені ол жұмыссыздық себептетін және мемлекеттік саясаттың лайықты шараларын көрсетеді . Бір жағынан егер жұмыссыздық қысқа мерзімді сипатта болса , оның уақытша және мүмкін шарасыз болуын болжауға болады . Адамдарға мамандығына және тілегіне жоғары дәрежеде сай келетін жаңа жұмысты табу үшін уақыт керек етеді . Басқа жағынан , ұзақ мерзімді сипат алатын жұмыссыздық - өзге құбылыс , себебі лайықты -жұмыс табу үрдісі ұзаққа созылмауы керек . Ұзақ мерзімді жұмыссыздық көбінесе жұмыссыздықты күту болады . Осыдан , жұмыссыздық
ұзақтығы туралы мәліметтер біздің оның себептері туралы көзқарасымызға ықпал етуі мүмкін
Өткен жылдың соңғы көрсеткішітері бойынша 15–24 жас аралығындағы жұмыссыздардың жалпы саны 19.106 мың адамды ( 29 % ) құрады . Бұл көрсеткіш 2003 жылмен салыстырсақ 3 мың адамға , яғни 1,6 % - ға аттық екенін көрсетті . Жастардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 14,3 % - ды құрап отыр , яғни бұл мемлекет бойынша жұмыссыздықтың орташа 5 – 9 % - ын құрады .
Жұмыссыздықтың деңгейі жылдан жылға әр түрлі көрсекіштермен сипатталады . 2004 жылдың жұмыссыздық деңгейі 8,4 % - ға дейін жетті , егер бұл көрсеткішті 2000 жылмен салыстырар болсақ , мұнда жұмыссыздық деңгейінің 4,4 % - ға төмендегенін байқауға болады . Жұмыссыздардың жаппы саны 658,8 мың адам , яғни бұл көрсетілген уақыт аралығында 247,6 мың адамға , яғни 24,3 % - ға және де 13,3 мың адамға 2 % - ға қысқарған . Қалалы жердегі жұмыссыздардың жалпы саны 416,7 мың адам ( 63,3 %) , соның ішінде жұмыссыздар деңгейі 9,4 % , ал ауылды жерлерде сәйкесінше 242,1 мың адам ( 36,7% ) және 7,1 % .
Біздің облысымыздағы статистикалық мәліметтерге қарасақ өткен жылы 11868 жаңа жұмыс орны ашылып,жоспар181,5 пайызғаорындалды. Нақтылай айтсақ , тоқтап тұрған 2 мекеме , 21 жаңа мекеме іске қосылды , 18 кәсіпорын кеңейтіліп , жаңа өнім түрлерін шығару жолға қойылды .
Жұмыссыздарға көрсетілетін келесі әлеуметтік көмек – ақылы қоғамдық жұмыстар . Бағдарлама бойынша межелеген 8000 жұмыссызды осы жұмыстарға тартуға облыстық бюджеттен 54,8 млн теңге қаралған . Іс жүзінде 9530 адам жұмысқа тартылып , бөлінген қаржы толығымен игерілді . Қарыз жоқ Бағдарлама көрсеткіші 119,1 пайызға орындалды . Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда тек бюджет қаржысынан ғана емес , жұмыс берушілер есебінен 1000 – нан аса жұмыссыздавр тартылып , 3,6 млн теңгенің қаржысы игерілді .
Қоғамдық жұмыстардың әлеуметтік маңызын арттыру мақсатында 16 пилоттық жоба жүзеге асырылды . ˝ Тәртіп ˝ жобасы бойынша 182 жұмыссыз тәртіпті сақтау шараларына қатысты . Оған 2,2 млн теңге жұмсалды . Екінші әлеуметтік маңызы бар .˝ Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу ˝ жобасының ерекшелігі , нысаналы топтағы 150 жұмыссызды 6 ай көлемінде ақылы қоғамдық жұмыстарға жібере отырып , нәтижесінде тұрақты жұмысқа орналастырылды . Бұл мақсатқа 4,5 млн теңге жіберілді .
Еңбек нарығының мамандарға деген сұраныстың өсуіне сәйкес жұмыссыздардың кәсіби деңгейін арттыру , негізгі бағыттардың бірі . Жұмыссыздарды кәсіби даярлау үшін оқу орындарын іріктеу конкурстық негізінде мемлекттік сатып алу басқармасы арқылы жүргізіліп , 10 оқу орны жеңімпаз деп танылды .

  1. жұмыссыз азаматтар кәсіби біліктілігін 15 мамандық бойынша

оқып шықты . Осы бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылмаған 1247 жұмыссыз жастар ˝ Шынайы өмір ˝ жобасы бойынша еңбек рыногында жұмыс іздеу, оның ішінде интернет арқылы және өзін жұмыспен қамту мақсатында бизнес – жоспарлау негізіне оқытылды . Мониторинг көрсеткендей , курсты бітіргендердің 54 пайызы өздеріне жұмыс тапқан .
Дей тұрсақ та , облысымызда әлі де болса жалпы жұмассыздар санының кему деңгейі ойландырады . Жалпы саны 75000 – ға жуық адам . Жұмыссыздық деңгейі 7,6 пайыз .
Кәсіби оқу бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасуы қиынға соғуда . Жыл қорытындысы бойынша оқуға жіберілгендердің 2 пайызы ғана тұрақты жұмысқа орналасты .
Оралмандарды тұрақты жұмысқа орналастыру – шешімін күттірмейтін мәселе . Жұмыс іздеген 242 оралманнан 93 – і ғана жұмысқа орналастырылды . Бұған олардың сауатының және кәсіби біліктілігінің төмендігі де әсер етуде .
2,2. ЖҰӨ және Оукен заңы .
Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелділік бар ? Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады , ал жұмыссыздар атқармайды , осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмеңдеуіне әсерін тигізеді .Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арсындағы жағымсыз тәуелділік , бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші , экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады .
Суретте Оукен заңы Құрама Штаттар деректері бойынша көрсетіледі . Суретте пиктограмма болып табылады , ондағы әрбір нүкте бір бақылаудың нәтижесі болып табылады ( бұл жағдайда – белгілі бір жыл бойынша ) . Горизонталь ось бойынша өткен жылмен салыстырған жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген , ал вертикаль ось бойынша – пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны көрсетілген . Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі нақты ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты екендігі анық көрсетілген . Жұмыссыздықтың өзгермейтін деңгейінде заң өлшемділігі болады , яғни мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғын халықтың өсімімен , капиталдың жиналуымен және ғылыми – техникалық прогрестің өсімімен белгіленіп , 30 пайызды құрады . Сонымен қатар , әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын 1 пайызға , нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқынын 2 пайызға төмендетеді . Сол себепті , жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8 пайызға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай құрайды : 3 – 2 х ( 8 – 6 ) = - 7 %
Осыған байланысты , Оукен заңы бойынша , экономиканың төмендеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1 пайызға төмендейді .
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді :
Y – Y * - β (U –U* )
————
Y*
Мұндағы Y - нақты өнім көлемі ;
Y*- потенциалды ЖҰӨ ;

  1. нақты жұмыссыздық деңгейі ;

U*-табиғи жұмыссыздық деңгейі;
β –эмпирикалық коэффициент.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет