1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен



бет24/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

2 бөлім. ІV
Ақмола, Ақтау, Ортау бекіністерін алғаннан бері Кенесарының көңілі көтеріңкі тәрізді еді. Оның үстіне асығы алшысынан түсіп, Ағыбай мен Байтабын батырлар қас жауы Қоңырқұлжаның ең соңғы 3000 жылқысын айдап әкелді. Ал батыр қарындасы Бопай Сырымбет саласындағы Уәлиханның жесірі Айғанымның кең сарай алты ағаш үйінің күлін көкке ұшырып қоймасындағы басулы кигіз, иленген терісіне дейін қалдырмай барын сыпырып әкеп, ата кекті бір қайтарды. Осы жеңістер арқасында енді Қараөткел, Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл өкіріктерінің ауылдары бірден Кенесары жағына шыға бастағаны. Жақында 2 ай уақыт жүріп Елек, Ембі, Ырғыз, Жем бойын аралап Таймас қайтқан. Кіші жүздің Жоламан батыры бастаған Тама, Табын, Шөмекей, Шекті, Төртқара руларының көп ауылдарымен Иман, Жәуке батырлар соңынан ерткен Торғай өз. жағасын жайлаған қалың Қыпшақтың Кенесары көтерілісіне қосылуға дайын отырғанын айтып келген. Және Орта жүз бен Кіші жүзді біріктіріп ақ патшаға қарсы шығуға Кенесарының бері қарай, Торғай өз. бойына көшіп келуін өтінгендерін де жеткізген. «Егер Қоқан хандығына қарсы Сыр бойында жеке алысып жүрген Нұрмұхамедтің Жан-қожасы басқарған Кіші жүздің бір қауым қарашысын, Атыраудың күнгей қапталындағы Адайды, әлі де Шеген бидің қарамағынан шыға алмай келе жатқан Арғынды өз жағыма тарта алсам, бар қазақтың басын қосқаным емей немене», — деп ойлайтын Кенесары...
Қысқасын айтқанда, қазіргі жағдайда Кенесары жабығардай ештеңе жоқ секілді еді. Әйткенмен олай болмай шықты. Ел басы бір үлкен қауіп-қатерге тірелгендей, соңғы кезде Кенесары түнере түсті. Оның бұлай өзгеру себебін хатшысы және ақылгөй серігінің бірі Жүсіп-Иосиф Гербурт қанша ойласа да таба алмады. «әлде жақында өткен Наурызбайдың тойында бір сыр жатыр ма?» деп ойлады ол. Осыдан бір 7 бұрын, Байтабын Қоңырқұлжаны шабуға жүріп кеткен шақта Наурызбай мен Ақбөкеннің қосылу тойы болған. Тойды Кенесарының өзі басқарған.
Жапар, Тайшық, Ахмет, Омар, Оспан, әубәкір, Сыздық, Жәкей атты 8 ұлының бірі 5 жасар Сыздықты ертіп Кенесары ақ ордасынан шықты. Үстінде түйе жүн жеңіл шекпен, кішкентай кездікті былғары қыналы белінде күміс белбеу. Сыздық тұрымтайдай шапшаң, Кенесарының аузынан түскендей ақ сары бала. Әкесі бұны өзге ұлдарынан жақсы көреді. Тентек, кішкентайынан жау жүрек, пышақ, таяққа үйір-ақ.
Кенесарының 9 ұлы бар.
Жауға аттанғанда болмаса, Батырмұрат ауыл арасында Кенесарыны күзетпейтін, мұндайда сұлтанды бақылаушы, күзетуші Қараүлек.
Атамыз Абылайды үш жүздің игі жақсылары боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге орап, хан ғып көтерген күні түнде ол ғажайып түс көріп шығыпты. Бұқар жыраудан жоруын сұрапты... «Астымда Жалынқұйрық жүйрігім бар. Сарыарқада серуендеп келе жатыр едім, — депті хан Абылай, — алдымнан бір арыстан тұра қашты, қуып жетіп, алдаспаныммен ішін жарып жіберіп едім, арыстанның ішінен бір жолбарыс шықты да тұра жөнелді. Жолбарысты да қуып жетіп аш бауырынан орып жіберіп едім, ішінен бір көкжал қасқыр шыға келді де тұра қашты. Көкжал қасқырды да қуып жетіп, ішін тіліп жібергенімде, одан бір қызыл түлкі ата жөнелді. Қызыл түлкіні де қуып жетіп қарнын осып қалғанымда ішінен құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке ақтарыла түсті... Бірақ бұлар менен қашпады, бәрі быжнай келіп, атымның сауырына, жалына жабыса бастады. Жоруын айтшы осы түсімнің, жырауым», — депті Абылай хан. Сонда Бұқар жырау былай жорыған екен: «Жалынқұйрыққа мінгенің — хан тағына мінгенің. Ал алдыңнан арыстан қашса, сенен арыстандай айбарлы ұл туады. Одан туған бала да жолбарыстай қайратты, жүректі болады екен. Жолбарыстан туған шөберең де көкжал қасқырдай жүректі жаратылады екен. Ал көкжал қасқырдың баласы, төртінші ұрпағың, қызыл түлкідей заманына қарай қу, тәсілқой келеді екен. Ал қызыл түлкіден әрі қарай тараған тұқымың бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жылан-кесіртке секілденіп уақтанып кетеді екен», — депті.
Егер Абылайдан туған арыстан менің әкем Қасым төре болса, одан туған жолбарысты өзім десем, менен туған көкжал қасқыр әлгі Сыздық емес пе? Жаңағы қылығы Сыздықтың көкжал бөрі болатынын көрсетпей ме?
Төбеде жантая жата қалған Кенесары Жүсіпке асқан сенімін білдіріп, бүкіл қазақ біріккенімізбен, бұның бәрі бекер болмай ма, ақ патша дегенімізді жасай ма деп күдіктенетінін жеткізеді. Жүсіп ағынан жарылып, не істесе де ақ патша бұлардың дегенін істемейтінін айтты. Өзім де солай ойлаймын деген Кенесарыға Жүсіп онда неге көтеріліс аштың дейді. Сонда сен маған бауыздағалы тұрған қой тәрізді үн-түнсіз өле ғой дейсің бе? Жолбарыс қой емес. Ең болмаса жауына шауып ажал табады. Мен Айшуақ, Құдайменді, Жантөре, Уәли балалары секілді үн-түнсіз Россия патшасына бойұсынсам, үрім-бұтағым не дейді? — Кенесары кенет көзін жұмды, — қазір жеңіліп ажал табуға бармын, бірақ ұрпақтарым алдында атымды адал сақтағым келеді.
Абылай хан алдынан қашқан арыстан — ол баласы Қасым төренің кезіндегі халық. Оның ішінен шыққан жолбарыс — менің кезімдегі батыр жұрт. Бұдан кейін, әлгі Сыздық тентегімнің ер жетіп, жауымен алысқан кезінде де қазақ халқы көкжал қасқырдай жауына талай шабады. Бірақ, қасқыр арыстан да, жолбарыс та емес, қанша көкжал болса да ауыл-аймақтан ұзай алмайды... Одан кейінгі елім заманының ықпалына қарай түлкі болмасқа амалы бар ма? Ал ол түлкі қулықты елімнен кейінгі ұрпақ бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жылан-кесіртке тәрізді кәкір-шүкірге айналады. Ол ол ма, Абылай ханның осы 5ші ұрпағы кезіндегі осы құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке секілді жұрт, ертең менің ісіме қарсы шабады. Сондықтан қазір халқымның уақтанбай тұрған жолбарыстай қажырлы кезінде армансыз қимылдап қалуым керек!
Жүсіп баяу жауап қайырды.— Бұқар жырау Абылай ұрпағының бесінші буыны уақтанып кетеді десе, ол бір сәрі. Хан ұрпағы десек те, ол болжау бір тұқымға ғана жатады... Ал бүкіл қазақты сондай болып кетеді деуге қандай себебіңіз бар?
Горчаков – Батыс Сібір генерал – губернатор
Талызин – Омбы обл бастығы
Онда Абылайдың ақ туын құлатпай ұстайын деген арман да бар, бір руды емес, бар қазақты билесем деген баққұмарлық та мол, атадан әкеге, әкеден балаға мұра боп қалған өзге сұлтандардан алмақ кек те жүректе сақтаулы, соңынан ерген жұрттың құрметіне бөленсем деген сезім де күшті
Ал Иосиф Гербурт оны тек отаршылыққа қарсы күрестің қолбасшысы деп қана ойлайды. Бұл түсінбестіктен Жүсіп-Иосиф Гербурт тек екі жыл өтіп, Кенесары өзін хан деп атағаннан кейін арылды.
Жүсіптің ұсынысы: Жоламан мен Иман батыр шақырып отыр, Торғай, Ырғыз өз. бойына ауысқан жөн?.. Соңғы кезде Орынбор мұжықтары қатты толқуда, ақ патшамен күресуге сол жақ қолайлы тәрізді. Оның үстіне өзімізге қаншама тың елді қосамыз. Арқа қазақтары бір жағынан ру бастықтарының дегенінен шыға алмай және патша солдаттарымен жиі алысып, қалжырағандай..
Жүсіп Кенесарының ойлаған жерінен шықты. Сұлтанның соңғы кезде күрт өзгерткен осы тілектен туған ауыр ойлар. Наурызбай мен Ақбөкен қосыларда Бопай Аманқарағай приказын шабуға тағы кетіп, о жақтан олжалы болып оралған. Сол күні Кенесары ордасына келген. Қараөткелді аларда Тамыз басында шабылған Шыңғыс, Кенесары сарбаздары енді жортуылға шыға қоймас деп бейқам жатқан екен. Бопай жоқ жерден астан-кестеңін шығарыпты. «Науанжан мен Ақбөкенді бекер қосыпсыз. Ақбөкеннің Байтабынға кішкентайынан айттырған қалыңдығы екенін, біріне бірі кет әрі емес, тек осы аласапыран кезде жат жерде қосылу ретін таба алмай жүргенін айтып «жиенінің қалыңдығын ініңізге алып бергеніңізді Жоламан батыр қалай көреді. Бір шүйкебас үшін бір тайпы жұртты өкпелетіп алып жүрмеңіз. Серғазы хан зорлығынан қашып келген Байтабын бұ жақтан да қиянат көріп, безер болса, өзге жұрт не айтады? Жоламан батыр не айтады?»
Осы күннен Кенесары күрт өзгерген. Орта жүз бен Кіші жүздің басын қосамын ба деп қатты үміттеніп тұрғанында көңіліне күдік кірген.
Осы кезде 3-4 атты кісі келеді. Арасында Байтабын батыр бар. Жанындағылары Жеке батыр, Құдайменді, Таймас. Өзі жоқта Ақбөкенді Наурызбайдың алғанын Байтабын естіген тәрізді. Бетінде қан жоқ, сөл жоқ, тістеніп алған. Бұлар Кенесарыға жеткенде, бір дүбір естілді. Жүсіп бұрылып қарап еді, аң аулап келе жатқан Наурызбай тобы. Алдарында Наурызбай, оның оң иығында тұғырға қондырған «Қанды көз» аталған аппақ жібек балдақты ақсұңқар.
Ашулы Байтабынға Кенесары мерген екенсің, Наурызбайдың қолындағы ақсұңқарын атып түсір дейді. Байтабын оған дәл тигізеді. Бұл төбе кейін Сұңқарөлген аталып кеткен. Наурызбайды оққа қимағаны – ел бірлігін биік көруі еді. Оның қарашыдан шыға тұра, осындай ақылды болғанынан Кенесары сескеніп те қалған. Байтабын енді сапарының жайын баяндады: Қоңырқұлжа жігіттері биылғы қысқа қатты дайындалуда: Омбыдан да қалың әскер шығады деседі... Қыс түсе сарбаздар ауылдарына тарап, сіз қыстауда төлеңгіттеріңізбен қалғанда ордаңызды шаппақ
Батыс Сібір ген-губ әскер шығарып қыста ұстаймын деп жүргенде біз Орынбор жаққа, Кіші жүз жеріне ауысып кетуіміз керек. Ойламағаннан пайда болған ереуілшілерге Орынбор соғыс губернаторы не қылады? Ол қамданып айқасқанша қыс та өтер. Ар жағын көрерміз. Мүмкін тіл табармыз. Ұлық атаулының бәрі Горчаков секілді қанішер емес шығар, Кенесары бұл ойын ашып айтпады.
Байтабын шапқан малды Ағыбай айдап келе жатыр, Ожар мен Байтабын көштен бөлініп жақсы хабарды айтқалы бұрын жүріп кеткен екен. Ожар жолдағы Қарауыл аулына бұрылып кеткен.
Ожардың сырын білетін Таймас Ожардың атын естіп елең етті. Кенесары екеуі Алтыншашты шақырып бар шындықты айтып береді. Ол өзі бұрын бірдеңе сезіп едім деп, әкесі мен көкесінің кегін қайтаруға бел буды.
Байтабын төбе басында қалып сұлтан тұқымы өзіндей қараға қыз бермейтінін ойлайды. Қазір Байтабын 23те. 10 жасында әкесінен айрылған. 16 жасында Жоламанның артынан ерген. Осыншама шыбын жанын жүлдеге тігуінің мәнін ойлайды. Байтабынды алыс-жұлысқа айдаған екі арман. Бірі бота көз, оймақ ауыз Ақбөкен. Байтабынды батырлық жолға салған екінші себеп ананың сөзі, ананың тілегі емес пе еді?
Байтабын қиялы енді Ақбөкеннен біржолата сусып, Алтыншашқа ауды. Кенесары үйінен шығып, Ожарға деген кегін ұмыту үшін алтыбақан тебуге келген Алтыншаш пен Байтабын арасында сезімге толы әңгіме өрбиді. Олардың сезімдері күннен күнге арта түседі. Күнде ел жата Алтыншаштың қара шапанын жамылып сай бойына барып, таң сыз бере қайтатынын Ожардың оң көзі мен сол көзі Сәмен байқап қалған.
Бір түнде Алтыншаш кездесуге келмей, Байтабын іздеп барады. Үйіне Ожар оралып, Алтыншашты қамшымен сабап жатқанының үстінен түседі.
Ожар әнеукүні Байтабындардан әдейі бөлініп қалған. Ол Таймастың келетінін біліп, оның Сейтен екеуінің сөзін естіп-естімегеніне көзі анық жетпегесін, бір сыбыс білгенше бой тасалауды жөн көрген. Хабар жеткізуді Сәменге тапсырған. Сәмен әнеукүні Кенесары мен Таймастың Алтыншашты шақырғанын, Алтыншаштың жүдеп шыққанын, қазір Байтабынмен көңіл қосып жүргенін жеткізген. Ожар бірден Қоңырқұлжа аулына қайтуға Алтыншашқа деген ашу тұсау болған. Оны өлтіріп, Кенесары жасағынан біржолата қашуды ойлаған. Алтыншашты енді қанжармен бауыздамақ боп тұрғада үйге Байтабын кіріп келді. Байтабын Ожарды өлтіріп, Алтыншаштың Талықсып жатқан жүрегі баяу соғуда екен.
Кенесары Ожардың сырын Байтабынға ашпай, Байтабынның алдымда борышы болсын дегендей оның Ожарды өлтіргенін кешкендей болып, Арқаның бір қызын ал дегенің Алтыншаш болсын дегенде келісімін береді.
Байтабын мен Алтыншаш тойы біткен түні жасырын кеңеске үзеңгілес серіктерін, өзіне бағынышты ру басшыларын шақырып, Кіші жүздің жеріне көшудің керектілігін айтты. Ақылдарын сұрады. Жиналғандар, қара бұқараға туған жерден кетудің қиын екенін түсінсе де, бөтен лаждары болмағандықтан, күз көшуге көнді.
Дәл осы кезде оңтүстікке құлағы тігулі сұлтан Қаратауда ата-мекен жеріне ие боп қалған азғантай Қоңыраттан бір жылы хабар алды. «Мәделіхан өгей шешесі Ханпадшайымға үйленіпті. Ташкентке көзін тіккен Бұхар әмірі Қоқан ханының бұл шариғатқа жатпайтын ісіне Мәделіханға бүкіл мұсылман қауымын қарсы қою әрекетіне кірісіпті. Сірә, бұл айқас түбі соғыспен бітетін шығар». 2 өзбек төбелессе маңдайлары жарылмай тоқтамайтынын білетін Кенесары егер Бұхар мен Қоқан соғысса бірін бірі әлсіретпей қоймайды. Дәл сол кезде Қоқаннан бүкіл Сыр бойын бөліп алуға болады. Бірақ өйту үшін өзің де күш жинауың керек. Ал күшті Кіші жүзсіз жинай алмайсың».
Кенесары осындай шешімге келді. Ол маңайына жиналған қалың әскерін жаз шыға табысармыз деп ауылдарына таратты. Өзі 300 төлеңгіті мен қасына ерген 5 батырын алып, күздің қар аралас қара суығында Торғай мен Ырғыз бойындағы Кіші жүз бен Қыпшақтың жеріне қарай көшті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет