1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен


Бір патшалықтың ішінде екінші патшалық болуы мүмкін емес



бет37/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

Бір патшалықтың ішінде екінші патшалық болуы мүмкін емес» деп қол қойған. Осы қол қоюда қазақ жерінің кіндік ортасында Россия патшалығына бағынса да, әлі де болса елдің хандық бейнесін сақтағысы келген Кенесары өтінішінің де тағдыры шешілген-ді.
Арғын, Найманның патша үкіметіне жағынған атақты екі байы болған. 1- Бағаналы Жырық руынан шыққан Сандыбайдың Ердені, 2 — Арғын, өр Алтай руының шонжары Кішкентайдың Аққошқары.
Осы екі бай Кенесары мен Обручев арасында бітім сөз жүріп жатқанда, егер Обручев Кенесарының тілегін орындап оған Ұлытаудан приказ құрып беретін болса, бауыр басқан жерімізден айрылады екенбіз деп қорқып Қоқанның құшбегі, Ләшкәрмен байланысып, мың жылқылы қысырақтың үйірлерін айдап беріп, бір түнде салынып, бітуге айналған Ұлытау бекінісін шаптырады. Әдейі «Абылайлап!» тиген Ташкент қарақшылары ешкімді аямайды, жақында ғана көшіп келген казак-орыстарды қырады
Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан, Кенесары бұл оқиға менің бұйрығыммен істелген жоқ дегенге Обручев пен былтыр Генстің орнына келген генерал Лодыжинский нанбайды. Обручев пен Лодыжинский қаһарына мініп, жүріп жатқан бітім сөз бірден тыйылды
Жалғыз жол Россия патшасының құрығы әзір жете қоймаған Ұлы жүздің жеріне көшу. Оның үстіне Наурызбай арқылы Сүйік төренің «көшсін» деген сөзі де дем берді. Бірақ Кенесары Ұлы жүз жерінде дәл осы кезде өзіне құрылып жатқан қақпан бар екенін білмеді. Қақпан мықтап құрулы еді.
1846 ж 23 июнь күні төменгі қол қоюшы Ұлы жүздің Дулат, Албан, Сыбан, Шапырашты, Жалайыр руларының сұлтан билері, Қарқаралы, Аякөз, Көкпекті өкіріктерінің аға сұлтандарымен бірге отырып, осы мәжіліске қатынасқан Сібір қазақтарының Шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор және кавалер Вишневскийдің алдында өзіміздің ант қағазымызға мөріміз бен таңбамызды басып, біздің жерімізге келген ақ патшаға қарсы бас көтерген Қасым баласы Кенесары сұлтанды қоғам тыныштығын бұзушы, өзіміздің қас жауымыз деп санап, онымен еш қарым-қатынас істемеуге келістік. Және Кенесары мен оның серіктеріне өзіміз жайлап отырған қонысымыздан жер бермеуге, ал егер бүгінді-соңды тіпті Кенесары біздің жерімізден қуылған күнде де, оның Орта жүз, әсіресе бізге жақын тұратын өкірік қазақтарына істегелі жатқан қастығын естісек күні бұрын үкімет орындарына хабар етуге уәделестік», — деп жазды олар өздерінің актісінде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет