1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен



бет30/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект
Хамза Арайлым ПМНО СӨЖ қазіргі педагогикалық технология, ашық сабақ наз, 1613757734, 1, 259668
3 бөлім. ІІІ
1841 қазақша Сиыр жылы, қыркүйектің 7сі күні, Алашаханның бейіті басында үш жүздің ақсақал, билері жиналып Кенесарыны ақ кигізге салып, хан көтерді. Бұл кезде Иосиф Гербурт-Жүсіп Торғайда еді. Кенесары хан болды дегенді естігеннен-ақ Жүсіп қатты ренжіді. Қазақ елінің патша отаршылық саясатына қарсы күресін Кенесары өз арманына жетуге пайдаланғанын енді түсініп, көтерілістің келешегіне қауіптене қарады
Бірақ Жүсіп 2 жағдайды еске алмады. Бірі Кенесары 5 жыл ұрыс-айқастың ішінде, өз маңына күн туса тастап кетпейтін, батырлардан, төре тұқымынан табанды серіктер жинап, оларды жұмылған жұмырықтай етіп ұстай білді. Екіншісі: бұрын басқа үлгіде мемлекет болып көрмеген, әлі де феодалдық, рушылық сатыда жүрген қазақ еліне хандық деген ұғым — жеке ел болып, өз жерін, еркіншілігін сақтау деген ұғыммен бір
Жүсіп Гербурт Кенесарының өз мүддесі үшін халықты өлімге қиғанын сынап, оны Напеолон саясатына ұқсатады. Қазақ халқы не көрсе де орыс халқымен бірге көреді деп, санасы бар азаматтармен сөйлесу керек деп бекінеді.
Бірақ Жүсіп Таймаспен де, әбілғазымен де, Сидақ қожамен де тез кездесе алмады. 1842 Барыс ж көктемінде Кенесарымен кездесті. Ол өткен жылғы суық күзде Перовский жарлығымен Қоқан жерінен қайтып, жылдағы әдетінше қалың әскерін елді-еліне таратты. Өзі азғантай төлеңгітімен 4 жыл бауыр басқан Торғай өз жоғ қыстауында қысты тыныш өткізіп шықты. Перовский мен Генске өкпелеп, қыс ішінде олармен хабарласа қоюды да жөн көрмеген. Бірақ осы Барыс жылы басында Орынборда Генстің үйінде жүрген Алтыншашқа жолыққан Байтабын суық хабар әкелді. Патша ағзам Перовскийді орнынан алып Орынбор әск губ етіп генерал Обручевті тағайындапты. Байтабын; «Сірә, Генсті де босататын көрінеді, ісін тексеруге жіберіпті», — деп келген. Бұл хабарды естісімен Кенесары қобалжи бастаған. Қарамағындағы ру басшыларына ат шаптырып «әскерлерін жылдағыдан ертерек, қар кетісімен, көк шығуға қарамай, Қара Кеңгірдегі Алашахан моласы жанына жеткізсін», — деп хабарландырған. Бұлармен бітімге келгелі отырған Перовскийді патша ағзамның тегін түсірмегенін сезген... Және астыртын Орынборға жіберген кісі арқылы, Генстің үйінде бас қосатын офицерлер сөздерінен «Обручевтің Кенесарыға сенбейтінін» Алтыншаш хабарлаған. Перовскийдің тәк-тәгімен әзер жүрген Горчаковтың енді бұған шабуыл жасайтынын Кенесары бірден ұққан.
Кенесары аңға кеткенде, Батыс Сібір ген-губ жіберген есауыл Сотников басқарған әскер Қара Торғайда отырған Күнімжан аулын шабады. Біраз малы мен 2 баласын қоса, Күнімжанның өзін бас етіп, 10 адамды ұстап алып кетеді.
Арасына 10 күн салмай, есауыл Сотников енді Ақсақал төбедегі Кенесары тоқалы мен Есенгелді, Саржан ауылдарына тиеді. Абайсыз отырған елді қанға бояп, жүзге таяу адамды шауып өлтіріп, 1000 түйе, 3500 жылқы, 10 мың қоймен бірге 25 адамды тұтқын етіп айдап әкетеді.
Ертеңіне Кенесары өзін қорғайтын Батырмұрат жасағымен әскері жиналуға келіскен Қара Кеңгірдегі Алашахан моласына аттанады.
Кенесарының жанындай жақсы көретін әйелі мен балаларынан айрылғанынан да басқа жүрегін өртеген күйігі бар. Жүсіп оны да біледі. Ол күйік — сұлтанның Арқа мен Кіші жүздің ел билеген кейбір би, ақсақалдарын өзіне ерте алмағанынан туған күйік.
Кенесарыға ермей жүрген ел билеген адамдардың бірі Орта жүздің биі Жаңбыршының Балғожасы еді. Ол өзіне жақын жерде салынып жатқан Торғай бекінісіндегі солдаттарға арқа сүйеп, сұлтанның бірігейік деген сөзіне тіпті құлақ ілмей қойған.
Кенесары сол бидің аулын қайта шауып, өзін ат құйрығына байлап өлтіруге 500 сарбазымен Жанайдар батырды аттандырды. Бірақ Жанайдар батыр жорыққа кетіп бара жатып, жолай қыз күнінен көңілдес Бопай аулына бір түн түнеп, дер кезінде бидің аулына жете алмады. Балғожа аулына Жанайдар батыр шыққанын естіп, қарамағындағы 500 үйді ертіп көтеріле көшіп, Ор қаласының ар жағына қашты.
Бұлар Алашахан моласы тұрған Кеңгір өзеніні беткейіне жеткенде басқа жақтың батырлары әлі келмеген. Арада 3-4 күн өткен соң, Торғайдан Иман батыр, Елек пен Ырғыздың ортасын жайлаған Табыннан Жоламан батыр, өзінің үзеңгілес серіктері Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, Құдайменді батырлар алдымен жетті. Көп кешікпей Жанайдар мен Бопай да келді. Жайшылықтағы ақылгөйлері, соғыс ісінде кеңес беретін қанды көйлек серіктері Таймас пен әбілғазы да тіл қатпай қойды. Екі көзі қанталап, жұқа ернін тістеніп, жалғыз сергелдеңге түсуіне қарағанда ол енді бір батыл шешімге келген жан секілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет