Өлік бар үйді бұлай білдіру кей рулардың ежелгі дәстүрі: ат құйрығына жалау байлаған сойылдар мен үй үстін айқыш-ұйқыш етіп таңған қара басқұрлар көрінеді
Кенесары әскерінің белгісі: кеудесіне таққан көк шұға белгісі
Ауылды қоршай тұрған Кенесары әскерінен қара мұртты біреуі бұлардан жөн сұрасқанда, Жамантайдың Масан биінің ұрпағы екенін біліп, түксие қалды. Олар жолай Кенесарыны сөгіп жоқтау айтқан бір үйге соғып, бата оқиды. Кейін қарамұрт оларды Ағыбайдың алдына алып келеді. Бұл Кенесарыға қарсы жақта Ағыбай неғып жүр деп ойлайды Есіркеген. Жолдан Кәрібай ауылын көрсең, соларды Ордан шыққан «кәрі қылыш» жасағына жол сілтеген Жамантайдың ісі дейді Ағыбай.
Ағыбай батыр сөзінен Есіркегеннің түсінгені мынау: Кенесары Ор қаласынан войсковой старшина Лебедев 1900 солдатпен Торғай бойына шығуға дайындалып жатыр деген хабар алады. Кешікпей сұлтанға тыңшыларынан Сібір мен Орынбор губ шекарасында отырған Кенесарыға тілектес ауылдарға 200 солдат шықты деген сөз жетеді. Кенесары «солдаттар осы арадан өтеді-ау» деген ауылдарға «олар көрінсе бізге хабар беріңдер», — деп кісілерін шаптырады. Қазір өздері отырған ауыл, үстерінен Кәрібай қарт жайлауына өткен қол туралы Кенесарыға хабар бермек түгіл, көп солдат қайта оралып осы ауылда тынығып жатқандарында «солдаттарды көрмедік» деп бұларды алдайды. Артынан анығын естіген Кенесары қаһарына мініп, 500 сыпайын бастап келіп, ауылды шабады. «Бұларың не, әй?» — деп үйден жүгіріп шыққан әлгі бала жігіт, ат қағып кетіп өледі. Ал Кенесары орасан қатігездікпен Ауылдың бас көтерер 8 ақсақал биін ат бауырынан өткізіп ұрып өлтіреді. Ағыбай басқарған 200 сыпайына ауылдың қалған халқын тегіс осы арадан көшіріп өз қарамағына әкелуді бұйырады. Үйлерін жығып, жұрттың көшуге ыңғайлануы осы бұйрықты орындау әрекеті.
Гербурт сөзі көкейіне қонғандай болғанмен де, көз алдынан Қоқан мен Хиуа хандарының барымталаған, ақ патшаның жендеттері талаған, Кенесары шапқан үш ауылдың қан жылаған суреттері кетпей қойды.
Генс сөзі: Түбі қазақ халқы орыс халқымен достасады... Ал оған дейін патша ағзамның дегені болады. Қазақ жерінде оның отаршылық саясаты әрі кеткенде енді бір 20 жыл ішінде аяқталады. Күш қазір Россия патшасының жағында. Россия отаршылық саясаты дегеніне жетпей тоқтамайды. Ал өз мақсатына жету үшін ақ патша аянбай қан төгуге бар. Сондықтан осы 20 жыл ішінде қан неғұрлым аз төгілсе, соғұрлым бұл қиянат қазақ халқына жеңіл түседі. Бірақ мұны басы Кенесары боп ұқпайды. Олардың қимылы пілге үрген қанден күшікпен тең...