1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен



бет2/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

Устав бойынша салық: қазынаға 100 қарадан 1 қара жасақ, аға сұлтандардың малы жұтқа ілінсе – зекет; жанаралдың, пристаптың үйі өртенсе – үлес
Қоян жылы мамыр айында патшаның салықтан босатқан 5 жылы өткен соң, жаңа жарлық шықты... Бұл жарлық б-ша өкімет қызметінде жүргендерге бірталай жеңілдік берілді, біраз малдары салықтан босатылды. Тек өздеріне меншікті төлеңгіттері үшін салық төлейтін болды. Бұл жарлықтан ұтқан Сәмеке, Бөкей, Уәлиханның тұқымдары ғана. Патша ағзамға жаққан қызметтері үшін төре тұқымының шаңырақ ие сұлтандары мың жылқы, 1500 қара мал, 1500 сом ақшаға дейін өмір-бақи жасақ төлеуден ада етілді. Жасақ төленетін мал саны 3 жылда бір саналғанмен, жұт жылы жасақты тек қолда қалған малға төлейді деп жүргендері қайда?..— Оның рас. Бірақ қазаққа он ірі қарадан бір тұсақ төледі не, жүз тұсақтан бір ірі қара төледі не, бәрібір емес пе?
1824 (Мешін жылы) Көкшетау приказы құрылды. Бұл — ақ патшаның Абылай ұрпағының ата мекеніне ауыз салуы еді. Осы жылдан бастап Қасым төре баласы Саржан сұлтан қол жинап патша әскері мен ұстапты жақтайтын Сәмеке, Бөкей, Уәли хандардың ұрпақтарына, Көкшетаудың аға сұлтаны Қара Тоқаның Зілқарасына қарсы күрес бастады. Ақырында Қоқан хандығы қол астына еніп, 1834(Жылқы жылы) осы хандықтың бас күші Ташкент құшбегі Мәмет әліммен тізе қосып, қазақ жерін Ресей империясынан бөліп алмақ болып, 6000 әскермен Ұлытау өңіріне келді. Осы өңірге Қорған атты бекініс тұрғызып, бізге қосылыңдар деп жан-жағына жар салады, бір жағынан Қараөткел, Көкшетау жеріндегі қалың Арғын елін шаба бастайды. Мұны естіген Сібір губернаторы Ұлытауға генерал-майор Броневский басқарған 6 зеңбіректі 1000 әскер жібереді. Броневский көп кешікпей Ұлытауға таяйды. Жақын қалған патша әскерінен қорыққан Ташкент құшбегі Қорғанға азғантай сарбаздарын қалдырып, Бетпақдалаға қарай қашады. Ал Қорған бекінісі көп соғыспай Броневскийге беріледі. Ташкент құшбегі Мәмет әлім қазақ жерін Россия патшалығынан оңай ала алмайтынына көзі жетіп, күресті бірден тоқтатады. Одақтасының мұндай опасыздығын көрген Қасым төре балалары енді Сыр бойындағы қазақтарды жинап, Қоқан хандығының ықпалынан құтылмақ болады. Бірақ Ташкент құшбегі бұны сезбегенсиді, ақ патшамен күресуге қайта қол жиямыз, кеңеске балаларыңды жібер дейді Қасым төреге. Ал ол құрылған қақпанды аңғармайды. Ташкентке 20 жігітпен қолбасшы балалары Есенгелді мен Саржанды, шұбыртпалы Ағыбай батырды, Саржанның 20 жасар баласы Ержанды жолға шығарады. Бұлардың Ташкентке кеткені Арқаға да жетеді. Ожардың айтып келе жатқаны осы жәйт.
Ожар, Сәмен, Жақып, Сақып сатқындығымен көшке шапқандар жетекшісі: Лебедев, аудармашы: ҚоңырҚұлжаұлы Шыңғыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет