2 бөлім Елек өзені-Жайық алабында, Ақтөбе обл маңы. Қандыағаш тұсына көш қонады. Бұл Тіленшіұлы(Табын руының биі, 1000 жылқы айдаған сұлтан) Жоламан батыр бастаған Табын руының көші еді. Қатарлас қонғандар Жағалбайлы, Шөмекей, Шекті ауылдары. Табын көші сонау Елек өзенінің Ақ Жайыққа құятын жағасынан шығысқа қарай өрлеп келе жатыр.Өзге рулар бүйірден, немесе Жайықтың жоғарғы сағасынан келіп қосылған.
Көш сипаты мүлде бөлек:Шоқшита тігілген қараша үйлер мен ақ шатырлар; жылқы(қазақтың мықты, түрікменнің ақалтеке, текежаумыт), түйе (қосөркешті бура, арабы қызғылт нар, лөк тұқымдас аруана), қой – ешкі (теке, тұқыл ешкі, бөрте лақ, жібек жүнді сек); киімдері (ерлердікі Арқа өлкесінен бөлек, әйелдердікі тектес). Кіші жүзде әйелдер кимешек орнына киетін – күнгейлік. Көш себебі: бүкіл Жайық пен Елек, Жем бойын дүрліктірген, елге келген зор апат.
Келген хабар: Көшті қуып Орынбордан қол шыққан. Екі топ. Бірі — жүзге таман кәрі қылыш . Елек бойымен жоғары көтеріліп келеді. Бәрінің мойынында карабін мылтық. Басқарып келе жатқан қоржынды Қара Бураның(Хорунжий Карпов) өзі. Қарулары: карабин мылтық, оқ дәрі, зеңбірек жоқ. Жоспар: білтелі мылтықпен қара киізге оралған оқ дәріге ату. Белгісіз хаттан хабар жоқ. Хабар әкелген – Байтабын, әжесі бар, Жоламанның үлкен апасы Күнкейден туған Кіші жүздің Есентемір руындағы жалғыз жиені еді, шексіз батыр, епті, айлакер . Жоламан халық кегін қайтаруға бекінеді.
Жоламанның атқа қонып, оппозиционер болу себебі: Эссенге 3 хат жазады, І Александрге уәкіл жібереді:Табын — аса бай ру емес. Көп жылдан мекені – Електің Ақ Жайыққа құяр сағасынан бастап, Рын құмы мен Үшөзеннің малға жайлы шалқар жағасы. Бұл ара ежелден қазақ жері саналатын. Россия патшасының ана жылдардағы рұқсатымен Кіші жүз Жайықтың арғы бетінде мал жайып, шөп шабуға ерікті еді. Ал 1810 жылдан бері бұл жай бұзылып, отаршылық саясат Табын руының ежелгі мекені осы Елек бойына да қол сұғуға кіріскен. Елек сорының тұзын Россияға жеткізетін жаңа жол салуға Жаңа Елек пен Орынбор арасына 29 бекініс орнатуға дейін барды. Бірте-бірте Үшөзеннің бойы мен Рын құмының жағалығы да казак-орыстарға берілді. Бұл араларға бекіністер салынып, Табын руы біртіндеп өзінің 8мың км2 оңды мал жаятын жерінен айырылды. Жоламан алдымен патша өкіметінен жерін қан төгіспей алуға ниеттенді. Осы үмітпен ол 1822, (Жылқы жылы) Орынбордың әскери губернаторы Эссенге ата-мекенімізді қайтарып бер деп хат жазды. Бұған еш жауап келмеді. Эссен жауап орнына қазақтарды құмға қарай сырғыта түсу үшін есаул Падуровты бас етіп арнаулы жасақ шығарды. Азғантай адаммен аттанған Падуров қолға түсті. Эссеннің қылығын қорлық санаған Жоламан Петербургтағы І Александр патшаның өзіне әбілғазының әрінғазы сұлтаны мен Сырым батырдың баласы Жүсіпті уәкіл етіп жіберді. Патша бұларды қабылдамады, әрі Петербургтен қайта шығартпай қойды. Бір жыл өткен соң Жоламан Эссенге тағы хат жазды, өзінің ата-мекен жері жайындағы өтінішін айта келіп, әрінғазы мен Жүсіпті, Орынбор түрмесінде жатқан Құндақ баласы Төленбайды қоя берсе, есаул Падуровты босататынын білдірді. Бұл хат та жауапсыз қалды. Бір ай өткеннен кейін әбден күйінген Жоламан Эссенге үшінші хатын жолдады... Әскери губернатор бұл жолы да жөнді жауап бермеді, тек қолындағы тұтқындардың төлеуі деп 327 сом ақша жіберді «және бұдан былай қарай арамыздағы келіссөз Серғазы хан арқылы жүргізілсін» деді сол сүлесоқ қалпында Бұл қорлыққа шыдай алмаған Жоламан ақырында атқа қонды. Соңынан сарбаздарын ертіп, үш жыл бойы Елек маңайына салынған бекіністер мен жаңа орнап жатқан қалаларды шабуылдаумен болды.
Жайықтың күншығыс жағына шеңгелді қолын мол сұғып желіккен патша үкіметі енді Ор мен Троицк қаласының арасына жаңа жол салды. Арғын, Алшын, Қыпшақ руларының 15000 км2 ең шұрайлы жерін басып алды. Бұл рулар кешегі өз жерінен бүгін шөп шауып, мал оттатуға рұқсат алу үшін патша қызметкерлеріне көп ақша төлейтін болды. Ақырында барып Ақ Жайық өзені мен Қараөткел ортасын жайлаған Арғын, Қыпшақ, Алшын, Найман, Уақ, Керей рулары ауық-ауық ақ патша отаршылық саясатына қарсы ереуілге шыға бастады, Бокей, Сәмеке, Уәли ауылдарын шаба бастады. Патша губернаторлары оларды басып тастап отырды.
1835 (Қой жылғы) ереуіл Қараөткел мен Жайық арасындағы ең үлкен ереуіл болды. Жайық өз күншығыс жағындағы Орта жүз бен Кіші жүз рулары өткен жылы ғана жаппай бас көтерген еді. Бірақ бұл көтеріліс нәтижесіз аяқталды. Бүкіл қазақтың басын қосар кім болмақ? Абылай ұрпақтары ойға оралады.
Қалмақтардың бетін қайырған соң, ұзақ жылдар бойы, Орта жүз әміршісі болып келген Абылайды Үш жүздің бас көтерер адамдары 1770 жылы ақ кигізге көтеріп хан сайлады. Бірақ ІІ Екатерина патша 1778 жылы 24 майда берген Указында оны тек Орта жүздің ғана ханы етіп бекітті. Мұның себебі - осы Указды Орынбор губернаторына жолданған сол жылғы 21 сентябрьдегі сенат коллегиясының хатында көрсетілген. Онда бар қазақты бір ханға билетіп, басын қосудың қауіпті екенін ашып айтқан. Осы хатта Абылайдың Россия императорына бағынғанына патша бекінісінің бірінде ант берген соң ғана оған хандық грамотасы мен құндыз ішік, түлкі бөрік, күміс қылыш тапсырылсын делінген. Бірақ Абылай патшаның бұл талабын орындамады. Указбен танысуға өзі келмей, ағасы Жолбарысты жіберді. Ол сендерге бағынамын деп Россия мен Қытай императорларын бірдей алдап, ал шын мәнісінде Үлкен Орда ханы болып жүре берді. Бірақ бұл кезде Әбілқайыр, Нұрәлі ұрпақтары басқарған елдердің көбі патшаға шын бағынған-ды. Ал Абылайхан өлген соң 1782 ж хандыққа оның үлкен баласыУәли бекітілді. Ол бірден Россия патшасының отаршылық саясатына мойынсұнды. Ал Абылайдың өзге ұрпақтары, әсіресе қалмақ әйелінен туған баласы Қасым төре бұған көнбеген-ді. Абылайдың Үш жүзді бірдей аузына қаратқан хандық мәртебесін көксеген Қасым төре, оның үлкен балалары Есенкелді, Саржан алыс-жұлыстан бір күн тыйылмаған...