Кенесары жасақтарының бас қосар жері Алашахан бейітінің жаны. Бұл ара, үш жүздің қазақтарына тең орталық. Есіл, Нұра бойын жайлаған Орта жүзге де, Елек, Жайық жағасындағы Кіші жүзге де, Балқаш пен Сыр, Жетісуды мекен еткен Ұлы жүзге де жер кіндігі. Оның үстіне Алашаханды қазақ өзінің ең алғашқы ханы деп білетін.Сол себептен Кенесары Абылай атасының сүйегі жатқан Түркістан көп руға қашық болғандықтан, еліміздің хандық туын тіккен ортасы еді ғой деп ырым көріп әдейі осы араны қалап алған. Алашаханның моласы қазақ елінің ең алғаш хандық туын тіккен 14ші ғасырдың аса бір көрнекті ескерткіші.
Алашаханның жанында тағы 2 мола бар. Бірі биіктігі он құлаштай, шым кірпіштен құйған әмбұлақ ханның моласы, одан әріректе Алашаханның моласына ұқсаған, тек кішірек Жошы мазары. Бұл үшеуі де қазақтың ең алғашқы хандық құрған дәуірінің мұралары. Үшеуі жайында да сан түрлі аңыздар бар... Кенесарының қазіргі ашуының себебі: Осыдан 10 күн бұрын «Кенесары көкиығы» деп аталатын биіктің Қостанай жағындағы көл жағасындағы жайлауға көшкен Балғожа би аулына бір топ орыс балықшылары шықты дегенді естіген. Орынбор губернаторын Балғожа биге өшіктіру үшін жансыз барып балықшы орыстарды қырып келіңдер», — деп бір топ жігітпен Байтабынды жіберген. Ол сұлтан бұйрығын орындамай, Балғожа биге жала жабу үшін жазықсыз балықшыларды бостан-бос қыруға дәтім бармады деген.
Алаша хан моласының жанында отырып, өлең жазған Жүсіптің қасына Кенесары келеді. Жүсіп туған жері Польшаны сағынғанын айтып, Кенесарының көтерілісінің сипаты қазір мүлде басқаша сипат алды деген ойын ашық айтады. Кенесарының жауабы: Дегеніме көнбеген елді аттың сауырына, қамшының бауырына аламын. Кімде-кім айтқаныма көнбесе, Кенесарының жасыл туының астында жүргісі келмесе — ол менің жауым. Бұрын жұртты жер-суыңды алып беремін деп ертсем, енді хандығыңды қорғаймын деп ертемін. Күшпенен қорқытып ертемін! Дәл осы айәтқанымды ертең Жаппас руынан бастаймын. Бір үйін бос тастамай түндігін қылышпен турап, тайлы-таяғына дейін қалдырмай айдап алам!
Қыс Сырды мекендеп, жаз Торғай бойын жайлап көшіп жүретін Жаппас руының билері Көбектің Алтыбайы мен Төлегеннің Жаңғабылы көптен бері Кенесарыға екі жүзділік көрсетіп келген. Кенесары Торғайға көшіп келгелі, жайылымымыз тарылды деп екеуі бірдей наразы болатын. Кейде зекет те төлемей қоятын. Осыдан барып Кенесары мен билер арасында қырбайлық күшейе түскен еді. Оның үстіне биыл Торғайды қыстап қалған Алтыбай аулының он шақты жігіті жер білмейтін Сотников жасағына жол көрсетіп, Күнімжан мен Ақсақал төбедегі Кенесары ауылдарын шабуға қатынасқан.
Жүсіп Кенесарының қатігез, қанішер өзімшілдігіне көзі жетеді.
Патша үкіметінің санағы бойынша Кенесары 10 жыл көтерілісінің ішінде 175 ауылды тонап, 500 жазығы жоқ кісі өлтіріпті. Соның бестен төрті ақырғы бес жылына жатады.
ауыл қазақтарының қойған аты бойынша Горчаков «Аршабоқ», Обручев «Обыріш
Қазақ тұтқынында Барон Уйлер мен есауыл Лебедевтан бөлек 20ға тарта есірей орыс офицерлері бар. Соның бәрін, Күнімжанды бас етіп біздің ауылдан алып кеткен 35 адамға айырбайық дейді Жүсіп, Кенесарым келіседі. Тағы Назар руының ақсақалдары Байтөре мен Қаракүшікке, Жаппас руларының билері секілді өзге билерге— «Мені ханымыз деп ұқсын. Айтқаныма көнсін, айдауыма жүрсін. Сөйтсе біз де оған қорғанбыз. Бұрынғы күнәларының бәрін кешеміз. Ал бұны істемесе... 30жыл жауабын күтемін, жауап ала алмасам, қалған 30 жылда өздерін жазалаумен өтемін» деп хат жазуды тапсырады.
Сол мезетте Таймас келіп, Орынбордан жамандық хабар келгенін жеткізеді: жанарал Кеніс пен әскери губернатор Обыріштің арасы нашар көрінеді. Бұл қазақтар үшін қауіпті. әскери губернатор бізді құртуға Петербордан тағы 14 мың ақша сұрапты... Оның үстіне тағы 3 мың сом... Ол Кенеке сіздің басыңызды әкелген адамға сыйлыққа берілмек екен. Батырмұраттың жасағындағы Гаврилов деген қашқын сыпай... осында келіп жүрген саудагерлер арқылы сенің басыңды алуға Орынборға уәде берген. Обыріш егер Гаврилов бұны істесе, оның солдаттықтан қашқан күнәсін кешіртемін деп Петерборға қағаз жазыпты.
3 күн бойы батырлар, сұлтандар, ақсақал, билер жаңа хандықтың қандай болуын талқылап, 4 мәселе б-ша мынандай қортындыға келді: