3 бөлім. IV 1843 Қоян жылы, маусымның 27сі күні, Бірінші Николай патша Орынбор әскери губернаторына Кенесарыға қарсы жасақ шығарып, оның басын әкелген адамға берілетін үш мың сом сыйлық ақшаны шаңырақ салығынан төлеуге рұқсат етті.
Соғыс Министрімен тікелей байланысы бар Орынбор әск губ Обручев Кенесарыға қарсы соғысқа қыс басынан дайындалуда. Ал Кенесарының қандай дайындығы барын білу үшін ол патша рұқсатын алысыменен шілденің 10ы күні Қара Торғайға қарай войсковой старшина Лебедев басқарған 300 солдатты жасақ шығарды.
Кенесарының соғысқа былай дайындалуының 2 себебі бар. Бірі, патша әскері Ырғыз бойында бастарын қоса алмаса, оларды жекелеп ұруға жеңіл. Екіншісі, ұрысуға жері неғұрлым кең болса, Кенесары әскерінің тынысы солғұрлым кең, өзінің негізгі әдісі атты әскерінің шапшаңдығын пайдалана алады.
Наурызбайдың жылқысы: Ақауыз
Ең алғашқы айқасты бастаған 1000 әскермен Ағыбай мен Наурызбай. Түнде тынығып жатқан орыс әскерін сойылмен шабады. Жоспар б-ша, 300 жүгіруге онша жарамсыз әскері Мұғажар етегінде қала берсе, жолай Ағыбай 200 әскерін басқа ну бойына жасырады. Ал Наурызбай 500 әскермен орыс әскеріне жол бастай қашқанда, Ағыбай 200 қолымен олардың соңындағы тамақ, қару тиелген көшті шауып, Кенесары әскеріне бет алады. Алайда орыс әскері Наурызбайды негізгі қол деп солардың артынан ғана қуа береді. 3 күн қашып, намыстанған Наурызбай 500 қолмен 5 мың қолға шаппақ болады. Алайда өзі жараланып, бір дегеннен 100 әскерінен айрылады. Қолға түскен бір жауынгерден полковник Бизанов Наурызбай қолы тек бұларды адастыруға шыққан қол екенін біліп, қателескенін ұқты. Ол бұдан Наурызбай жасағын қуып әуре болмай, Ырғыз өз қарай кейін шегінді. 3 жетіден соң войсковой старшина Лебедев пен Ахмет әскерімен тізе қоса алмайтынына көзі жетіп Бизанов, Кенесары қолымен тек өздері ғана соғысуға мәжбүр болды. Айлакер Кенесары Бизанов пен бетпе-бет келмей тағы да қаша соғысуға кірісті.. Сөйтіп жүргенде қазан айының қалың жаңбыры басталды. Ат үстінен 2 айдан бері түспеген солдаттары түгіл, өзі әбден иттей боп қажыған Бизанов, Мұғажарға қарай көшіп келе жатқан Кенесарының аулын қумай, Ор қаласына қарай шегінді.
Бизановтың кейін қайтқанын естіген Лебедев пен Ахмет енді амалсыз Тобылға беттеді. Кенесарының күткені де осы еді. алғашқы қар түскен қарасуықта, Үй өз бойындағы қыстауына келіп орналасқан қорғансыз қалған сұлтан-правитель Арыстанның аулын шапты. Кенесары Арыстанның 3,5 мың жылқысын, 3,5 мың түйесін, 7 мың қойын, мыңға жуық қара малын тал түсте айдап әкетті.
Тек Сандыбайдың Ерденіне жататын Найман руынан Жырық ауылдары мен Арғынаты, Қарақойын қашырлы төңірегіндегі Кішкентайдың Аққошқарына бағынатын Орта жүздің біраз аулы ғана көтеріліске қосылмай қарсы әрекет істеуде еді
Иман – Жанайдар тобы Лебедевпен шайқасып, оның әскерін әбден әлсіретеді. Қоңырқұожа тоқалымен Атбасар шегарасына қоныстанғанын естіген Жанайдар батыр оның ауылын шабуға аттанады. Иманның қолы мен олжалы болғанмен жараланған Жанайдар қолы жолай бірігіп Мұғажар тауы етегіне бекінген Кенесары ордасына қайтады.