Сондықтан да Кенесары өзіне өте қас санайтын 8 адам: Батыс Сібір ген-губ жататын Құдайменді ұлы Қоңырқұлжа, Күшік ұлы Құлжан, Кішкентай ұлы Аққошқар, Жауғашар, біздің Орынбор губерниясына жататын Жантөре ұлы Ахмет, Жаппастың биі хорунжий Жанғабыл, Жағалбайлы биі Күкір, Созақ датқасы Бабажан...
Кенесарының тістескен 2 жауы: Қоңырқұлжа мен Ахмет. Кенесары Батыс Сібірдегі ереуілін Қоңырқұлжа аға сұлтан болып отырған Ақмола приказын шабудан бастаса, Орынбор жерінде сұлтан-правитель Ахмет Жантөриннің еншісіне тиген Торғай, Ырғыз өзендерінің бойына туын тігіп отыр.
Орынбор әск губернаторлығына жататын Жайықтың күншығыс жағын басқаратын Жантөре ұлы Ахмет, Жантөре ұлы Арыстан, Айшуақ ұлы Баймұхамед сұлтан-правитель Перовскиймен ауыз жаласқан дос. Соларды Перовский өзіне шақыртқан. егер соғыс министрі Чернышев «Горчаковпен қосылып Кенесарыны құртыңдар» деп шын бұйрық беріп қалса, қолында сол бұйрықты орындарлық қандай күш барын білгісі келген
Чернышев – соғыс министрі. Ахмет Жантөриннің Кенесары әрекеті жайлы Перовскийге айтқаны: Мәделіханды өлтіріп Нұрасулла Қоқанды өзіне бағындырғасын Кенесары Хиуа ханымен Қоқандағы қазақ жерін саған алып беремін деп астыртын сөз жүргізген. Ондағы ойы Бұхар ханы Нұрасулла тым күшейіп кетпес үшін Бұхар мен Хиуа арасын шатыстыру. Кенесарыға күміс ер-тоқымды арғымақ пен 15 мылтық жіберген Хиуа ханы Аллақұл, Кенесары менің жағымда болады деп Бұхарға қарсы соғыс ашты. Бірақ бұл соғыстың қызығын Қоқан көрді, Хиуа мен Бұхар қырылысып жатқанда, биыл Қоқан қаласының адамдары көтеріліске шығып, Қоқаннан бұхарлықтарды қуып, Мәделіханның туысы Шерәліні хан етіп көтерді. Мұны көрген Кенесары Қоқан хандығын қайтадан күшейіп кеткенше, Ташкент құшбегісінің қарамағындағы 7мың шаңырақ қазақ аулын өзіме қосып алайын деп, осы айдың 15інде 4мың қолмен Ташкентке қарай аттанды. Менің хабаршымның айтуынша, Кенесары қазірдің өзінде Жаңақорған, Жөлек, Ақмешітті басып алған көрінеді. Бұ күнде ұрыс Созақта жүріп жатыр деседі. Кенесары босатқан кей қазақ ауылдары бері қарай көше бастаған тәрізді.
1834 ж Қасым төренің баласы Саржан Россия империясы қарамағынан 40 мың үйлік қыруар елді алып қашса, бүгін Қасым төренің екінші баласы Кенесары сұлтан сол 40 мыңнан Қоқан хандығының қарамағында қалған 7 мың үйді кейін қайтарамын деп соғыс ашуда. Бұл Россия империясының жеңісі емес пе?— Жоқ, бұл Кенесары сұлтанның жеңісі, — деді тұнжырап кеткен Ахмет, — қазір оның қарамағында Найман, Бағаналы, Арғын, Табын, Тама, Шекті, Шөмекей, Байбақты, Қыпшақ рулары 5 мың ауыл, яки 250 мың шаңырақ болса, оған Қоқан хандығынан 7 мың шаңырақ көшіп тағы қосылса, Кенесары тірі тұрғанында Россияға дос болмайды.
Ахметтен кейін Перовский қабылдауына келген 2 қазақ қыз: Алтыншаш пен Күміс. Алтыншаш орысша біледі, Оның өтініші: Ең болмаса Туринскіге жер аударылған аға-інілерім мен апа-сіңлілерімнің амандығын білдіріп беріңіз... Күмістің өтініші: Қоңырқұлжа аға сұлтанның үстінен шағым айтып келіп тұр. Осындай озбырлық істеген адам ешбір жаза тартпай кете бере ме дейді. Әкесі әбдіуақитты да сол Қоңырқұлжа сыпайлары өлтірді.
Бұлардың өтінішін орындауға бел буған Генс оларды бір шешімін білгенше Орынборда қалып, жетімханасында жұмыс істеуді ұсынады. Қыздар ұсынысты қабыл етеді. Французша да білетін Алтыншаш бұлардың біраз сырын біліп, күні бұрын Кенесарыға жеткізеді. Генс қыздардың мәселесі туралы хаттан бөлек, Перовский бұйрығымен Кенесарыға Қоқан хандығынан қайтсын деген хат жазады.
Кенесары бұл хатты 18 күн соғысып Созаққа кірген күні алды. Ол келесі аптада қалың қолымен Ташкентке аттанбақшы еді. Айтқандарыңа көнем деген Орынбор бастықтарына уәдесі бар сол себепті Қоқан хандығымен бітім жасап, қайтуға мәжбүр болды. Бірақ Кенесары кейін қайтса да, өзінің енді ештеңеге еркі жоқтығына іштей күйініп, патша генералдарына кектене қалды