1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен



бет28/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

3 бөлім. ІІ
Зиректік, ойшылдық, сезімталдық — ана сүтімен бірге бітетін қасиеттер. Мұны адам сатып ала алмайды, егер жүрегінде осы бір қасиеттердің ұшқындары болса ғана өмір, қоршаған қоғам оны не ұлғайта түседі, не өшіреді.
Жасынан өнер мен ғылымды өнеге еткен Есіркеген 4 жыл Семейде орысша оқығанда көп жағдайды түсінді... Туған ел-жұрттың надандығы, қамқорсыздығы жүрегіне шоқ тастап, Есіркегенді еліне қамқорлық етерлік жол іздетті. Ойланған сайын, ортағасырлық мешеуліктен қол созуы қажетін, мал соңында өткен көшпенділік тұрмыстан гөрі егіс салатын отырықшылық өмірге қарай икемденуі керектігіне көзі жете түсті.
Есіркеген сана-сезіміне азық болар тағы бір сырлы дүние ашты. Ол сонау Орталық Россиядан қазақ жеріне жаңа қонысқа көшіп келген орыстың қарашекпен мұжықтары мен ақ патшаға қарсы қол көтергені үшін Семей секілді алыс бекініске жер аударылған декабристер — орыс офицерлері мен оқымысты адамдарының қазақ халқына деген жанашырлық, достық көз қарастары еді. Халық пен халықтың еш уақытта жауласпайтынын, оларды араздастыратын тек үстем таптың қанаушылық саясаты екенін түсініп, оның жүрегінің түкпірінде орыс халқына деген бір әдемі жылы сезім туа бастаған.
Осылай жүргенде Есіркеген Семейдегі орыс мектебін бітіріп, қыс келе Петербург кадет корпусына түсетін болды. Бұл бір 1841 қазақша Сиыр жылы еді. Оқуға қар жауа баратындықтан ол жаз шыға өз аулына келген.
Орынборға Кенесары ауылдары арқылы жүруді Есіркеген оқуға барам деген күннен-ақ шешкен. Бұл жолды таңдауында ел күйін білуден өзге бір арманы бар. Ол арманы — Күміс.
Есіркеген жолға 2 атқосшымен шығады. Бірі балуан болса, бірі әнші. Әнші атқосшының әндерінің бәрін болашақ ұрпақ үшін деп қағазға түсіріп отырады.
Бір кезде малын Қоқан, Хиуа хандықтары қырған ауылды көрсе, бірде Ресей жендеттері ауыл адамдарын қырған ауылды көреді. Бұл — Алтай руының Кенесарыға еріп Арқадан көшіп келген бір аулы боп шықты. Бұрын кәзіргі Атбасар дуаны салынып жатқан Есілге құятын Жабайы өзенінің маңын қоныс етіп келген екен. Ол араға бекініс салына бастағаннан кейін қоныс іздеп амалсыз Кенесарыға еріп, осынау Қыпшақ жерінің шетіне көшіпті. Соған өшіккен бе, әлде осы ауыл Кенесарының иек тірер тілектесі деп біреу-міреу көрсетті ме, әйтеуір Ор қаласынан шыққан ақ патшаның бір топ «кәрі қылыш» жендеттері кеше күн бата кеп ауылды шауыпты.
Уәлиге қарсы Қасым шықса, Уәлидің баласы Шыңғысқа Қасымның баласы Кенесары қарсы келіп отыр. кейін 20 жылдай шамасында тарихқа келген Шыңғыстың баласы Шоқан мен Кенесарының баласы Сыздық та біріне бірі қарсы соғысқан. Шоқан — орыс генералы Черняев жағында, ал Сыздық Қоқан хандығын қорғап шыққан. Шоқан да Россия мәдениетіне қанат қағып, туған халқын сол Россияға тартқан, бірақ артынан генерал Черняевтің әскері сол халықты Россия патшасына отар етемін деп қырғанда, не істерін білмей, қызметін тастап Тезек төренің аулына қашқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет