1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен


Қазақтың ең жауынгер 3 руы



бет13/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

Қазақтың ең жауынгер 3 руы: Арғынның Алтайы, Найманның Матайы, Алшынның Адайы
Ақтабан шұбырындыдан қанша жылдан кейін Цинь империясы Жоңғар империясын құлатты: 33 жыл
«Жәйіл қырғыны»: Абылайдың өзіне сес көрсеткен қырғыздың қалың қолды манаптарын Қызылсу, Шәмсі өзендерінің Шуға құятын сағасында кездесіп, жеңген ұрыс.
Абылай алған Қоқанның 7 қаласы: Сайрам, әзірет, Шымкент, Созақ секілді жеті қаласын алып, Ташкентті бағындырған
Абылай Үлкен хан сайланған жер: Телікөлдің жағасында жұрт ақ кигізге көтерген
Абылай ұрпақтары: Абылайға Атығай — Қарауыл рулары 6 қызын беріп, оның үстіне Абылай қарақалпақтан бір, қалмақтан бір қыз алып, олардан 31 ұл, 40 қыз көрген. Абылайдың қарақалпақ әйелінен туған Уәли Россияға қол шоқпар болып кеткен, қалмақ қатынынан туған Қасым төре әке жолын қуып, қазақтың басын қосамын деп бәйек болып жүр.
Нысанбай Қасым төренің соңынан ерген әскер қолбасшысы Саржан сұлтан бола тұра, Кенесарыға бата берген.
Қасым төре түбі Абылай жолын алып жүрер ортаншы ұлы Кенесары мен кіші баласы Наурызбай болар деп те үміттенетін.
Қасым төре Есенгелді менен Саржаннан бір айдан бері хабар ала алмай іші бітеу жараға толы еді. Еш жаманаттың естілмеуі Саржан мен Есенгелді сау дегендей жұбаныш беретін.
Ол кезде Россия патшасының әскері де Ақ Жайықтың арғы бетінде болатын. Қарт Қожақ шежірешінің бала күнінде, Абылай атаң хан болар жылы Қызылжар қорғаны, одан 25 жыл бұрын Ескі Семей, сол жылдары Қараөткел, Баянауыл, Қарқаралы бекіністері салынды деп отыратыны әлі есінде.
Кенесары батыр қазақтардың өз тәуелсіздігінен айрылуының ең басты себебі — «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деп қарайтын ел ағаларының ауыз бірлігі жоқтығынан деп білетін.
Абылай тұсында Россия патшасы Сарыарқаны төңіректеп бекініс салғаны болмаса, бәлендей ішіне кіре қоймаған. Сондықтан Абылай біресе Россияны еміндіріп, біресе Қытайды дәмелендіріп екі ортада бостандығын сақтап жүрген. Ал қазір қазақта ондай мүмкіншілік жоқ. Бір жағынан әбден орын теуіп алған патша әскері болса, екінші жағынан қазақ жерінің бүкіл оңтүстігі мен Сыр бойын басып алған Қоқан мен Атырау, Арал тұсынан Үстірт, Маңғыстауға дейін өкімін жүргізген Хиуа хандықтары тұр. Абылай кезіндегіден қазір қазақ елінің басын қосудың қиындығы да, жеңілдігі де осында деп түсінеді Кенесары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет