Шұбыртпалы Ағыбай - Қасым төре балаларының соңынан ерген, кедейден шыққан батыр, биыл 34те, Құрдасы Кенесарыдан бастап үзеңгілес серіктерінің бәрі оны «көсе» деп атайды.
Ержан - Саржанның 19 жасар ұлы . Ағыбайдың ең сүйікті қаруы тоғыз буынды, жез сақиналы жуан қайың найза. Ағыбайдың тұлпары – Ақылақ. Қарқаралыдан шыққан Ағыбай әкесі Олжабай батырға 1 боталы түйе, 1 ат, жалғыз сиырдан бөтен мал біткен емес. Ал шешесі Есіл бойындағы Тарақты руының қызы еді. Олжабай балалары ер жетпей дүние салды. Шешесі Дәметкен Ағыбай, Манабай, Танабай, Мыңбай атты 4 баламен жесір қалды. Ең үлкені Ағыбай ол кезде онға жаңа жеткен. Балаларының аттары «баймен» бітсе де Олжабай дүние салғанда бұлардың бар малы боталы жалғыз қара інген болды. Жоқшылықтан бөтен серігі жоқ қайратты Дәметкен, 4 бала қамы үшін, ағайынның бермесін күшпен тартып алуға кірісті. Қолына сойыл ұстап өзіндей кедей адамдарымен бірге қараңғы түнде бай ауылдардың сояр соғымын барымта етті. Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі, осындай өжет ана баулуында қанаттанған Ағыбай да батыр болып өсті. 18 жасынан Қасым төре балаларының соңынан ерді. 34ке келгенше басынан талай айқас өткізді. Қазір оның суарылған көк темірдей әбден пісіп, мейлінше қайралған кезі.
Жақыпбек – Ақмешіт хакімі. Бегдербек жақтасы
Қанішер адамның тегі қорқақ келеді. Бегдербек қанішер де, қорқақ та еді. Гүлдене түскен дәулетті кентке қолы жетісімен Бегдербек Ақмешіт хакімі Жақыпбекпен тізе қосып, алдымен Сыр, Созақ, Шу бойы қазақ ауылдарын бұрынғыдан бетер қысым астына алды. Өз тас жүректігімен Мәделіханға ұнап, Қоқан ханының бас қолбасшысы дәрежесіне дейін көтерілмек ойы бар. Бүгінгі қимылдары сол көтерілудің алғашқы сатылары.
Бұл — Бұхар ханының да Ташкенге көзін тіккен кезі. Бегдербек болса Бұхар елінен қатын алған. Болашақ — жер астынан жік шықса, екі құлағы тік шыққан Қоқанда емес, ежелгі көне Бұхар әмірлігінде тәрізді. Сондықтан сұм құшбегі Мәделіханды жар басына итере салуға дайын, өйткені Қоқан ханының(Мәделіханның) біраз мінезі оған аян... Әсіресе қызба, нәпсі құмарлық қасиеттері. Ал Ханпадшайым — әйел жыныс тысының күн мен айы. Бегдербек осы Ханпадшайымның Мәделіханға тоқал шеше екенін еске алды. Нәпсіқұмар Мәделіхан осы сұлу тоқал шешесімен тіл тапса, екеу ара күлкі-қуанышы жарасса... Әрине, олардың сырын жасырар тас қабырғалар бар. Бірақ осы тас қабырғалар құшбегінің арқасында болған оқиғаны Бұхар әміріне жеткізсе... Құшбегінің бар арманының өзі сол емес пе! Ісләм дінін аяққа басып, өз әкесінің тоқалымен көңіл қосқан күнәліні кім қорғай алады? Сөйтіп, Бегдербек Бұхараға Қоқанды жығып бермей ме? Жығып береді. Осы еңбегі үшін Бұхар әмірі де оны ұмытпас. Мүмкін бүкіл Қоқанды билетер?..
Бегдербектің Мәделіхан келуін асыға күткен тағы бір себебі - Қасым балаларының тағдырымен байланысты. Қоқан ханының бұған тікелей қатынасы жоқ, бірақ болғалы тұрған қанды уақиғаны соның әмірі етіп көрсетсе қайтеді? Сақтықта қорлық жоқ, егер бұл іс өзінен шыққанын Абылайдың көкжал ұрпағы білсе, не болмақ? Абылайдың 31 ұл, 40 қызынантараған бықып жатқан бүкіл ұрпағының қаһарынан қалай құтылып кетесің? егер күнәні Мәделіханға аударса, оған не істейді? Ташкент құшбегіндей іргелес ел емес, тоғыз таудың ар жағындағы дәу үйі тәрізді, Қоқан ханының салтанат сарайының тоғыз есігінен өтіп Мәделіге жеткенше кім бар, кім жоқ... Бегдербектің Қоқан ханы Мәделі хан мен оның өгей шешесі Ханпадшайымға қатысты жоспарының іске аспақтығын көргенде ойлаған ойы: Өзі құрған дұзаққа екі көгаршын бірдей оп-оңай түскелі тұрғанына ол іштей мәз-мейрам. «Бәсе, ақылды адам қашанда болса ақымақтан құтылу жолын оңай таппас па!Бұхар әмірі бұған бүкіл Қоқанды билетпеген күнде де ұпайын түгел етпей ме! Қоқан ханына жылына төлейтін жиырма мың күміс теңгені, өз пайдасына қалдырса мұртын балта кесе ме? 20 мың жиырма сом емес қой, алты ұлына жаңадан алты шаһар салмай ма...»
Мәделіхан әкесі Омархан кезінде ауыр салық, орынсыз қиянатқа көнгісі келмеген Сыр, Сарысу, Шу бойының қазақтары сан рет бас көтеріп ереуілге шыққан. Соның ең үлкені Тентек төре атты кісі басқарған көтеріліс болды. Ол 12 мың атты сарбаз жинап алып, Қоқан ханы қарамағына енетін бірнеше қалаларды алған. Тентек төре Сайрамды босатып, сол жерге туын тіккен. Сайрамға Шымкент, әулиеата қалалары қосылған. Бұларға қарсы Омархан қалың қол шығарған. Тентек төре әскерін екіге бөліп, Сайрам мен Шымкентке бекініп ұзақ соғысқан. Ақырында азық-түліктері таусылып, қарсыласуларын доғарған. Омархан ләшкерлері жеңілген елді қанға бояп, мал-мүліктерін талап, ойына келгендерін істеп, 200 таяу адамды дарға тартқан. Сайрам жерін қан сасытқан.
Есенгелді мен Саржан қазақ елі дәстүрі б-ша Ташкент құшбегіне ер-тоқымы, жүген-құйысқаны күміс, жал-құйрығы төгілген, Арқадан келген 9 қара жорға, 9 боз жорға, әр ер басына байланған 9 қара құндыз, 9 қоңыр бұлғын әкелген. Арқаның аңқау батырлары қызыл тастап итті алдағандай, осы бір кәделі сый-құрметтерімен өздерінің түпкі ойын өткізіп кетпек болған.
Сұлу тоқал шешесін көргенше асыққан Мәделіхан бұл сәтте өз ниетін ақыл елегінен өткізбеді. Бұл желік алты жыл өткен соң қандай қанды уақиғаға апарып соғарын ойламады.(?)