1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен


Үш батырдың бүкіл қазақ басын қосу туралы шешімі



бет6/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

Үш батырдың бүкіл қазақ басын қосу туралы шешімі: ақ патшаға берілген сұлтандармен шайқасып келген Қасым төре балаларынан шығу керек деген тоқтамға келді. Осы тілекті білдіру үшін сонау Сыр бойындағы Қасым төре аулына Құдайменді батырдың сапар шегуін жөн тапты. + Иман батыр Қыпшақ руы басын қосып ақ патшаға қарсы дайындауға Мұғажар тауында бас сауғалап жүрмей, сарбаздарымен өз еліне қайтпақ болды. Әзірге жау бетін тойтарған Табын руы биылдыққа осы Електің жоғарғы жағын қыстап шықсын делінді. Егер тағы солдат шығып, күресуге дәрмені жетпесе, Торғай, Ырғыз өз күншығыс өңіріне Қыпшақ жеріне көшетін боп уәделесті. Иман батыр Қыпшақ жеріне қарай Табын қозғалса, құшақ жая қарсы алатынын айтты.
3 бөлім
Мәмет әлім орнына болған Ташкент құшбегі Бегдербек рабатында бүгін бір ғажайып өзгеріс бар секілді. Мұндағы өзгеріс тек салтанат сарайындағы мүрит, софы, уәзір, наиб бекзадалардың жүріс-тұрыстарында, сөйлеген сөздерінде... Онсыз да құпияға толы қонақ сарайы — рабаты бүгін тылсым жұмбақ қапасқа айналған. Түнде ай бойы әр күні айдай созылып, құшбегінің рабат сарайында күтіп жатқан Қасым төренің балалары Есенгелді, Саржан мен Шұбыртпалы Ағыбай бастаған жиырма жігіттің тағдыры шешілмек
Сол күні келген 2 көш: Қоқан даруғасы Ләшкәр ақылымен құшбегінің арнайы шақыруымен 3 ақ пілге шатыр тігіп, кілең қара көк арғымақ мінген, қасында бір топ ешік — аға, муәдзин, наиб, геджағы бар Қоқан ханы Мәделіхан (Мұғамет әлім) келген. Бұлар қалаға кіргенде жұрт шырт ұйқыда. Таңмен бірге ұрылған дутар, ішін тарта барылдай шыққан зурна, танбур үндері бүкіл Ташкентті азан-қазан етті. Жұрт жау екен деп төсектерінен атып тұрды. Қоқан ханы екенін білгенде жау шабардан бетер жанталаса есіктерін тарс бекітіп үйді-үйінде үнсіз жатты.
-Күн шыға қаланың Мәделіхан кірген шетінен сәл қиыстау қақпадан екінші көш көрінді. Жабық күймелі пәуескеге көсем салып 3 ақбоз жеккен, алды-артында найза ұстаған 8 салт атты нөкері бар көрікті керуен. Бұ да Ташкент құшбегінің арнаулы қонағы. Ұратөбе кентінде тұратын Омарханнан он алты жасында қалған, қазір отызға келген, бүкіл Орта Азияға аты шыққан, алтын айдай толықсыған сұлу жесір ханша Ханпадшайым, Мәделіханның өгей шешесі.
Ташкент 18 ғ 2 жартысында, белгілі әптуар шайқы кезінде үлкен шаһарға айналған. Мұнда жібек тоқу, алтын-күміс зерлеу, былғары илеу, темір қорыту, арақ-шарап қайнату кәсіптері гүлденіп, бүкіл Орта Азияның Россия империясымен, Қашқария, Индиямен қарым-қатынас жасайтын кіндігі болған.
Ташкент кенті гүлдеуімен қатар оны өзіне бағындырғысы келгендер де көбейеді. Әсіресе оған көзін тігетіндер Бұхар, Хиуа, 18 ғ басында пайда болған Қоқан хандары еді. 19 ғ басында Омархан ағасы қанішер әлімхан, әптуар шайқының ұрпағы Жүсіп Қожаны соғысып жеңіп алады. Содан Ташкент Қоқан хандығының бағынышты бір уәлаяты болып қалады, бірақ бағынышты деген аты болмаса оны ешкім баса-көктеп билемейді. Қоқан хандығына жататын Ұлы жүздің бір бөлек елі мен Сырдарияның орта ағысындағы Шу, Сарысу өзендерінің бойындағы қазақ жеріне салынған Ақмешіт, Жаңақорған, Жөлек, Қамысқорған, Шымқорған, Қосқорған секілді бекініс шаһарлардың бәрі Ташкент құшбегінің қарамағында қалады. Тек Ташкент құшбегі Қоқан ханына жылына 200 мың тг салық төлеп тұрады. Бұл салықты Ташкент құшбегі болған тәжік Мәмет әлім, өзбек, Ләшкәр, Бегдербек, Қыпшақ Нұрмұхамед өздеріне бағынышты қазақтардан 10 есе артық етіп өндіріп алып тұрды. Бұл жағына келгенде әсіресе осы кездегі құшбегі Бегдербектен асқан зұлымы аз-ақ. Ақмешіт хакімі Жақыпбек арқылы Қоқан хандығына бағынышты қазақ ауылдарының қаққанда қанын, сыққанда сөлін алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет