Есенгелді мен Саржанның кейінгі жоспары: Орта Сыр, Шу, Сарысу қазақтарының басын қосуға сіздер мүмкіндік берсеңіздер, Аяқ Сыр, Арал теңізі, Үстірт, Маңғыстау қазақтарының бізбен бірігуіне Хиуа ханы қарсы болмас деген үмітіміз бар.
19 ғ бас кезінде, Мұхамед Рахым хан тұсында Хиуа хандығы үлкен мемлекетке айналған. Солт. Сырдарияның Аралға құятын сағасынан бастап Оңтүстіктегі Ауғанстан шекарасына дейін осы хандыққа бағынышты болатын. Бұған Мұхамед Рахым мен оның әкесі Елтезер қазақтың алауыздығын пайдаланып, Сырдың Аралға құятын сағасын, Арал теңізі маңын, Үстірт, Маңғыстауды, сол жерлерде паналайтын Кіші жүздің біраз руын өзіне бағындырып алған. Хиуа ханының қарамағындағы қазақта көрген күн Қоқан хандығындағы қазақтардан да сорақы. Қит етсе қырып-жойып, Ауғанстанға апарып құлдыққа сататын. Бір ғана 1825 Ұлу жылы Хиуа ханының әскері қазақ ауылдарын шауып, жүздеген адамдарын өлтіріп,65 мың қойын 15 мың түйесін, 7 мың жылқысын, мыңға жуық сұлу деген қыз-келіншектерін тартып алып кеткен. Кіші жүз ауылдары Хиуа хандығына қарсы талай рет бас көтерген. Бірақ жігері құм болып, дегендеріне жете алмаған.
1825 Тауық жылы Мұхамед Рахым өліп, Хиуа хан тағына оның үлкен баласы Аллақұл отырды. Табынды басқарып келген Айшуақ ұлы Серғазы сұлтан осы Аллақұлға жалғыз қызын беріп, Хиуаның қол астына кіріп, соның арқасында Кіші жүз ханы аталған. Бірақ бұл кезде Россия патшалығы Хиуаға да көзін тіге бастап еді. Өз хандығына қауіп төнгенін сезген Аллақұл екі мемлекеттің ортасында жатқан Үстірт, Маңғыстау, Арал теңізі, Сырдарияның аяқ шенін жайлаған қазақ ауылдарын Россия патшалығына қарсы қойып, өзіне қалқан етуді көздеген.
Қазақта сан жағынан Орта жүз басым. Біздің есебімізде Қараөткел, Семей, Торғай, Жайықтың солт. пен күншығыс шебінде, аздаған Кіші жүз руларын қосқанда 1млн 800мың жан бар. Тегіс Орта жүз десеңіздер болады. Ал сол Орта жүз қайда қалады?— Кіші жүз бен Ұлы жүз басын біріктірсе Орта жүз орта жолда қалмайды. — Есенгелді шын ойын айтты, — Абылай атамыздың үш жүздің басын қосып, ақ туын тіккен жер емес пе, күреске дайын тұр.
Әрине бар қазақтың басын қостырып қойсақ сендерге Қоқан да, Хиуа да төтеп бере алмас. Россия айдаһары да оңайлықпен жұта алмас
Достарыңызбен бөлісу: |