1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен


Қасым төре (Кенесары әкесі) балалары сонау Қаратау маңында



бет5/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

Қасым төре (Кенесары әкесі) балалары сонау Қаратау маңында
Ақ көз Жәбірейіл – Гаврилло; Маңқа әлексалды – Александр (Елек бойындағы бекеттердің урядниктері, Карповқа қарағанда тәжірибелі, Екеуі де Серғазы хан жасақтарымен бірге. Бұлар да жүзге таман кісі. Он шақты іштесерлері бар, өзгелерінде қисық қылыш, болат ұшты найза, Үшөзен тоқырауынан кеп тимек)
Ақбөкен - Табын руының бір момын адамының жалғыз қызы. Бесіктен шықпай, нағашысы Жоламан оны Байтабынға айттырған. Бірақ бір аста атпен шауып, 8 жасар Ақбөкенге Серғазы ханның көзі түседі. Ақбөкеннің әкесі Жантемір хан қалауымен оның төлеңгіті болып, хан ауылына көшеді. Жантемір Ақбөкенді Байтабынмен атастырғанда алған азын-аулақ қалың малын Жоламанның туған апасы, Байтабынның жесір қалған шешесі Күнкейге қайтып берген. 16 жасында Ақбөкенді Серғазы тоқалдыққа алады. Жоламанның Байтабынға айтқаны: бақыт деген бір қоңыр қаз, ер жігіт оған тұзақ сала ма, тор құра ма, ұстай білуі керек. Қос қылаңы — Жоламанның ұшқан құспен жарысар бедеулері еді.
Орынбордан шыққан отрядқа қатысты шешім: Табын көшіне енді бұнда қалуға болмайды, бала-шағаны қырып алмас үшін қалың ел осыдан күншілік жердегі Мұғажар тауының батыс саласындағы ну жыңғылға көшіп, бой тасалай тұрғаны жөн. Қазір найза ұстаған мың сарбаз бар. Бес жүзін саралап, жауды осы арада қарсы алу керек. Ал қалған бес жүзі— жау жасағы торып алдарынан шықса, төтеп беруге көшпен бірге аттануға тиіс. Жоламан ойынша солдаттар осы араға таң ата жетуге тиісті. Мүмкін ат ауыстырып отырса түнделетіп те келіп қалулары ғажап емес. Сондықтан көш қозғалысымен жауды жаңылдыру үшін, он шақты жігіт(дәйекші жігіттер) әр жерге көптеген от жағып. ауыл әзір қозғала қоймағанын аңғартар жалған көрініс жасауға осы арада қалғаны дұрыс...
Табын руының арғы бетке қойған ертәуіл жігіттері 3 салт аттыны қоршап әкеледі. Бірі – Ақбөкен, қалғандары – киімдері өзгеше біреулер. Жанындағы серіктері патша қысымынан қашқан әшірап(қазақ тілін әбден біліп алған ақ сары), Дәулетші (қалың қабақты қара торы) деген башқұрт жігіттері (сондықтан киімдері өзгеше)екен. (Құрыш табылса зеңбірек құя алады, кенді топырақтан қорғасын қорытып оқ та жасай алады: бұрын Оралдағы Дмитриевтің қару жарақ заводында жұмыс істейді) Ақбөкен 3 күн бұрын Серғазыға күшәла беріп, әкесі Жантемірдің үйінің алдына байланған қашқын жігіттермен қашады.
Жоламанның Ақбөкеннің Серғазыға күшәла беріп, қашып кеткеніне әке шешесінен жазықсыз өш алуы мүмкін деп, Ақбөкеннің олардың қандай айыбы бар деп таңырқай сұраған сұрағына жауабы: «Иә, олардың қандай айыбы бар? Бірақ бұл заман айыпсыз жанның айыпты болатын заманы емес пе? әйтпесе соңымыздан қол шығарар біздің қандай айыбымыз бар? Жерімізге, елімізге тиме дегеніміз бе?»
Жоламанның жоспары: ең алдымен қоржынды Қара Бура (Хорунжий Карпов), ақкөз ЖәбірЎйіл (Гаврилло) , Маңқа әлексалдыға(Александр) қарсы 300 сарбазымен айқаспақ (оның жүзі ортадағы сай бойында), содан кейін екі жақ әбден қалжырады-ау дегенде артында тығылулы ұшқыр атты 200 жауып жібермек! Алдыңғы шепті өзі, артқы шепті Байтабын басқармақ. Өз тобының сарбаздары дені садақпен, біразы хиуа мылтықпен қаруланған. Байтабын тобы сойыл, найза, шоқпармен сайланған. Бұл топ жауға атой беріп, қоян-қолтық шабуылға арналған. Екі топ бағанағы Қанат, Қайрат деген егіз жігіттер арқылы байланыс жасап тұрмақ...
Бағана көш көзден жоғалғанда, Карпов пен Серғазы жасақтарының ертәуілдері де жеткен. Олар ойпатта жылтыраған көп отты көрді. Көш осы жерде екен, енді бізден құтылмайды, жарық түсе тиісеміз деп алыстан бақылаумен болды. Енді біраздан соң құланиектене таң сыз берді. Олар сонда ғана барып өздерінің алданғандарын білді. Сарбаздар бұлар жатқан жерден бұрыстау орналасқандықтан, қара-күңгірт таңда қырқаның бергі қойнауындағы тұсалған аттарды көрмеген еді. Дәл осы сәтте Жоламанның қырағы көзі төменгі жақтан топтанған салт аттыны шалды. Сірә көштен айырылдық, тез қуып жетейік деген ынта болуы керек, олар 3 бөлек боп жедел жүріп келеді. Алдарында қапқалы тұрған қақпан бар екенін сезбеген тәрізді. Жоламан күткені осы еді
Жоламанның садағы - адырнасы тоғыз қабат түйе таспадан өрілген «Қайың ажал», Жебесі - Ұшы оқ жыланның уымен суарылған, біз тұмсық сегіз қарыс ақ «Тау тесер», көздеген жері – Қара бураның өкпе тұсы. Алайда, сәл кешігіп, жебе Қара бураның алдын көлегейлеп келе жатқан сыпайлардың біріне тиді.
Шайқаста көмекке келген қол(400дей сарбаз қалғанда) - Қыпшақ батыры Дулатұлы Иман, бағаналы Қараменді (Қарақыпшақ Қобыланды, Дулат деп шапты), Иманнан Жоламан өткен жылы ақ патшаға қарсы Ор мен Ұлытау ортасындағы Арғын, Қыпшақ, Найман, Керей, Алшын руларының көп аулының ереуіл көтергенін естіді. Ал биыл Торғай бойына көп әскер шығып, Иманның уақытша Мұғажар тауының ішіне сарбаздарымен тығыла тұруға мәжбүр болғанын білді + Баянауылдағы Азнабайдың Тайжан, Сейтен атты балалары көтерілді. Әттең не керек, қос арлан мезгілсіз қолға түсті... Құдайменді оқиғасы: Бағаналыдағы Жырықтың шонжары Сандыбайдың Ердені қалыңдығын тоқалдыққа тартып алып, аулына Қара Кеңгір мен Сары Кеңгірден қоныс бермей, Сарысу жаққа қуған соң, бізге келіп қосылды.
Кейін Иман өздерінің Мұғажар тауында арқар атып күн көріп жүріп Табын руына солдат шығыпты дегенді естіп, ағайын басына күн туған шақта көмек беруге келгендерін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет