1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен


Көш басқарған ақсақал зары



бет3/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

Көш басқарған ақсақал зары: жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесе мұсылман діннен шығады. Біз бір мал баққан момын елміз. Ауыл үстінен атылған мылтық тек қана жылқыны үркітпейді. Жайыма жүруге қойып тұрсың ба? — Қария тілмашқа оқты көзімен қарады. Қотан жанына қасқыр апанын қазса, қойда не ес қалады? Сыпайларының шошайған мылтықтары жеріме салынып жатқан анау бекіністер сол қас-қырдың апандары емес пе? Ал үнімді шығарсам ше? Бауыздайын деп жатқанда ешкі екеш ешкі де бақырып өледі. Сен бізге сол ешкі құрлы болма дегенің бе? Жоқ, шырағым, жерімізді жыртып, өзенімізден балығын аулап жүрген мұжыққа қамшы көтерген бір де қазақ жоқ шығар. Ал қылышын сүйретіп есіктен кіріп төр менікі дегендерге... Адал өлу де — абырой. — Қария тілмашқа алар бүркіттей сұстана көз тастады. — Шырағым, аяқ алысыңнан байқадым, сен өзің Әбілқайыр, не болмаса Уалиханның ұрпақтарының біріне ұқсайсың... Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ деген, бір сұрайтын сөзім бар... Мына едірейген мысық мұрттың ұрғанына өкінбеймін, — деді Абзал шал бетіндегі қанын сүртпей, — сары ала түймелі сұлтан ұрпағы, қаным бір қазағым едің, сенің араша түспегеніңе өкінемін
Сатқын Ожар ойы: Қазақ асау жылқы тәрізді, кім үйрете білсе, соны ғана ие тұтады. Сондай адамы табылса, мына жұрт соңынан шұбыра жөнелуге дайын...» + Сейтеннің жалғыз бауыры Тайжанды қолға түсірген де Ожар. Оның Сейтенге айтқан сөзін естіп, сатқындығын білген –Таймас, бірақ солдаттар болғасын бірден шу шығармайды, мәңгілікке кек сақтап қалады.
Байлаулы Сейтен мен Ожарды Баянауыл округі мен Сібірмен шектес Төрткөл болысында түнеген ауылдағы ел ағасы – Қаржас руына жиен Бектас баласы Таймас
Сейтен(респект): Ата-ананы таңдауға болмайды, туған халқыңды да таңдай алмайсың! Оны әлжуаз де, тағы де, бірақ маңдайымызға жазылғаны сол халық, мен оны сен айтқан әлжуаз қалпында да жақсы көрем. Кімде-кім сол қазақ деген қыранды қанатын кесіп, жем-құсына айналдырғысы келсе, ол менің қас жауым, туған балам болса да аш тамағынан ала түсіп, өз қолыммен бауыздауға бармын. Адамға мың жасаса да аз болатын шығар, өйткені адам баласында арман көп қой... — деп аунап түсті: — Ал мен ұзақ өмір сұрамаймын. Шіркін-ай, бір сәттік қана еркіндік берсе !


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет