Арыстанның оң жағында Қараүлек — Кенесарының бас жендеті. Әр саусағы жаңа туған бала білегіндей, сала құлаш кеудесінің жүні көдедей, салпы ерін, кірпік қақпайтын мысық көз, аяушылық дегенді білмейтін қатыгез, алпамсадай қара кісі. Ұрлық істеп қолға түсіп, Созақтың бір байы дарға аспақ болып жатқан жерінен Кенесары сатып алған. Құнына бір қарақшыдан тартып алған жетектеп келе жатқан қара үлегін берген. Мылқау ұры аты-жөнін айта алмаған соң, жұрт оны өзінің құнына берілген түйенің атымен байланыстырып Қараүлек деп атап кеткен. Өзін ажалдан аман алып қалған Кенесарыға жан-тәнімен берілген.
Таяқтан аяғын әзер сүйреткен Арыстанның сол жағынан қолтықтаған Ожар. Бұл келгелі де айға таяп қалған, Сейтеннің үзеңгілес серігі, Тайжанның жалғыз қызына үйленіп, абақтыдан қашып шыққан Ожарды Кенесары құшағын жая қарсы алған. жылпық сары Сәмен арқылы Қоңырқұлжаға Кенесарының қарамағында қанша сарбаз барын хабарландырған. Бүгін таңертеңнен бері де Кенесары ордасында болып жатқан мәжілістің жайын біле алмай әбден мазасы кеткен.
Арыстан Кенесарыны көріп, оның аяғына жығылады, ал Кенесары міз бақпайды. Елін сатқан адам, жылқы ішіндегі маңқамен тең. Өзге жылқыны сау алып қалу үшін оған аяу болмасқа тиісті. Үкім біреу-ақ — өлім! Деген Кенесары шешіміне ешкім дұрыс деп қолдау көрсетпегенін Жүсіп байқайды.
Жүсіптің ойы: Ғажап халық, майданда кездессе жаудан қорқу, н-е оны аяу дегенді білмейді. Ал айыбын мойнына алып аяғына жығылса, қанды кекті қасы болса да кешіргісі келіп тұрады. Қандай үлкен, абзал жүректі жұрт. Бұрын атуға оғы жоқ боп жүрген Арыстан қолдарына түсіп еді, оның сақалды басымен жасын сорғалатып кешірім сұраған түрін, кенет аяп, ажалға қиғылары келмей тұр. Үкімін өзге жұрттың қостамағанын Кенесары да сезген тәрізді. Енді не істер екен?» Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деп Арыстан ақынның айтқан даты: Кенеке, жақсы көрсең қарашыңмын, Жек көрсең де өзіңнің алашыңмын. Атаңа алты қатын алып берген Атығай Қарауылдың баласымын. Аталы сөзге арсыз тоқтамас. Абылай атама бабаларының істеген жақсылығын алдыма тартты ғой, қоя беріңдер, — деді. Алайда, қазір босатылған Арыстан 3 күннен соң, «ат теуіп өлтіріпті» деген лақаппен Қараүлек қолынан қаза тауыпты.
Байтабын мен Ақбөкен сонау Елек пен Ырғыз өз(Табын руы) бойынан Қарақойын Қашырлыдағы Кенесары әскеріне келіп қосылғалы, Байтабын Наурызбай жасағына, батыр қыз Ақбөкен Бопай тобына берілген. Олар қосылады екен деген сыбыс болатын, бірақ неге екені белгісіз, бұл сыбыс сол сыбыс қалпында қала беретін.
Бопайдың қасындағы серігі, әрі атқосшы нөкері Ақбөкенге Кенесары мен Бопайдың інісі Наурызбайдың ойы кеткен, оны Ақбөкеннің өзі де қалаған. Патша әскері шабуылынан ауылдың бір тыныш күні Көшек сұлтанның Айғанша атты тоқалы ұл тауып, ұлан-асыр тойға болған. Осы қан базар қырғын мерекеде Наурызбай мен Байтабынға күресуге тура келген. Өзінен 2 жас үлкен Наурызбайдың күші басым болды ма, бие сауымындай мезгіл алысқан соң Байтабын жығылған-ды. Наурызбай бас бәйгіге тігілген сүліктей қара су жорғаны өзі алмай, бөтен елдің қызы еді, жанындағы жолдасын жыққан айыбым деп, Ақбөкенге тартқан-ды.
Наурызбай Айтыстағы тобығымды бер дегенде, Ақбөкен оны тілінің астынан шығарып береді.
Ал Байтабынның көңілі Алтыншашқа (Сейтеннің інісі Тайжанның қызы, Ожардың әйелі)кетеді.
... Бір 7 өтісімен 600 жасақ ерткен Бопай алдымен Аманқарағай приказын, содан кейін Сырымбет тауындағы Уәлихан бәйбішесі Айғанымның ауылын шапты. Кенесары қолы Көкшетау жақты шауыпты деген хабар келесі күні-ақ бүкіл Сарыарқаға жамырай тарады. Бұл хабармен бірге войсковой старшина Симонов басқарған Ақтау бекінісінен шыққан 200 солдат Бопай алып келе жатқан малды алып қалмақ боп алдынан кетіпті және Омбыдан Ақмола гарнизонына көмекке аттанған жүз солдат та Көкшетауға қарай бұрылыпты деген хабар ұзын құлақтан дереу бар елге тарады. Кенесарының күткеніні де осы еді. Ақырғы 2-3 күн ішінде ол суыт жүріп, әскерінің тең жартысын Қорғалжын көлінің төменгі саласына әкеп қостатқан. Ал қалған жартысын Атбасар жақтан орағытып, Есілді жағалата Қараөткелге иектете орналастырған. Күніне 120-130 км жерді жай алатын қазақы жылқыға енді Ақмола бәлендей алыс емес-ті. Кенесары осы ат тынықтырып жатқан жерінен тамыз айының 6сы күні сәскеде көтерілді де, ымырт үйіріле Ақмола маңына шоғырланды.
Кенесары Ақмола бекінісіне шабуылды осы тамыздың 7сі күні таңсәріден бастады. Ең алдымен бекініс оңттен солтке дейін иілген тағадай 3 кмдай жерден қоршалды. Бекіністің күншығыс жағы бос — жарты шақырымдай жерде Есіл өзені. Содан кейін барып қолдың сегіз тұсында сегіз батыр тұрып алған. Оң жағында Кенесары, Ағыбай, Бұқарбай, Басықара, Төлебай, Құдайменді, Жанайдар, Наурызбай. Таң құланиектеніп келе жатқанда 5000 атты әскер «Абылайлап» бекініске лап берді. 1 ғажабы қалың қол үзеңгілесе ат қоймай, дорбадан шашып жіберген бұршақ секілді, әр салт аттының аралары 10-15 құлаштай тым-тырақай шауып келеді. 2 ғажабы, шапқыншылардың алдыңғы қатары зеңбіректер нысаналанған орға жақындамай, садақ оғы жетер жерден оқтарын ата сала кейін қарай бұрылып шаба жөнеледі. Бекініске тіпті ұмтылмайды. Көкпар, сайысқа үйренген қазақ бірі кейін шапса, бірі алға ұмтылып, оқты қардай боратты. Алдыңғы қатары орға жетпей кейін шегінгенде, көк жиектен лықылдап көрінген артқы жағындағы бытырай шауып келе жатқан қалың қол ұшы-қиыры жоқ құмырсқаның илеуі тәрізді. 3 кереметі, қамалдағылар қол бастаған батырларды жекелеп нысанаға алайын десе, төгілген тарыдай жер қайысқан жанның қайсысының басшы, қайсысының қосшы екенін ажырату қиын. Бәрі бірдей киінген. Әр топ өз батырларын тек өздері ғана біледі. Қорған басында тұрған Қоңырқұлжа мен Қарапұшыққа Ақмоланы қоршаған мынау қара нөпір қол — 5 мың емес (солай деп Ожар күні бұрын хабар берген), 500 мың адамдай боп көрінді.
Ал Кенесары сарбаздары Орға келіп тірелмек түгіл, тіпті оған жуымай, анандайдан садақтарынан жебе қарша боратқан қалыптары жалт береді. Бір қызығы, сарбаздар оқты қанша атса да, бірлі-жарым солдатқа ғана тигені болмаса бәрі бірде асып кетіп, бекіністің ішіне түсіп жатыр. Мейлі, оқтарын жаудыра берсін! Зеңбіректі сонау ерсілі-қарсылы шауып жатқан сарбаздарға атқаныменен қаншасын қирата алады? әр салт аттының арасы 10-15 құлаш, көп болса 2-3еуін оққа ұшырады. Ал зеңбіректі оқтап, білтесіне от беріу қаншама уақыт алады!