Мынау Ақтау төңірегін шарлауы — Қараөткел бекінісі есігінің қалай жабулы екенін білгісі келіп тартып көруі...
Бұрыннан өзге кегі де бар Кенесарымның қаһарынан қорыққан Қоңырқұлжа жалғыз үмітім Омбыда деп, Талызинге хат жазды. Ақмола бекінісіне әскер жіберуін сұрайды.
Бекініске ойнақтай кірген Қоңырқұлжаның қара жорғасының мойнына үлкен кенеп дорба байланған екен. Оның ішіндегі – ұлы Шыңғыстың басы. Қоңырқұлжа бұны жасаған Кенесары деп, сенің Сыздығыңды осылай өлтірмесем, атым өшсін деп айбарланады. Алайда бұны істеген Кенесары да емес, оның жасақтары да емес еді. Оны істеген Жанәділ ғашық болған Күмістің әкесі төлеңгіт Әбдіуақит шал еді
Қоңырқұлжа жалғыз қызын қор еткен түні таң ата Күмісі мен әйелін алып ауылдан қашқан. әйелі мен қызын Кенесары жасағына көшіп бара жатқан шағын ауылға қосып, өзі кейін қайтқан. Жүрегін удай ашытқан ызадан Қоңырқұлжаны өлтіруге бел буған әбдіуақит өзіне таныс Зейнеп тоқалдың аулы сыртын торлай бастады. Бірақ күзеті мықты тоқал үйіне таяй алмаған. 5ші күні, күзет кеткенде тағы аңдығанда ауыл сыртында екі салт атты пайда болған. Біреуі Шыңғыс еді. Әбдіуақит бірден таныды. 5 күн бойы қолынан дым келмей, ызадан әбден көзі қарауытқан Әбдіуақит «Қоңырқұлжаның баласы менің баламнан артық па, ол менің баламды қан қылғанда мен оның баласын неге аяймын» деп, көзі ілініп кеткен Шыңғыстың қасына келіп айбалтамен мойын тұсынан қос қолдап кеп ұрған.
Сол күні таңертең енесінен жетім қалып, құлынынан өзі еміздікпен асыраған қара жорғаны Есілден су ішуге келген кезінде еппен ұстап алып, Шыңғыстың басы салынған дорбаны мойнына тағып қоя берген. Өзі Кенесары еліне қарай асыға жөнелген. Қоңырқұлжа 3 күн жер құшып жатып, баласының денесін ел-жұрты боп қабірлегеннен кейін тұрды. Әйтсе де Шыңғыстағы өшін жауының алып бергеніне ол іштей риза еді, бірақ ағайын-туғанға сыр бермей, қара жамылып кайғы тартқандай жетісін берді де, Кенесарымен кездесу әрекетіне кірісіп кетті.
2 бөлім. ІІ
Кенесары Мәделі хан мен Ханпадшайым көңілдес екенін естіген. Алайда оны күйзелткен басқа мәселе болды. Оны дұрыс шешсе мерейі артып, жанында халық көбейеді. Кенесары жігіттері осы уақытқа дейін, Ташкент пен Қараөткел, Қызылжар арасындағы керуендерді талап, ырқына көнбеген кейбір сұлтандардың аулын шауып, Чириков пен Карповтың жасақтары секілді патша әскерлерінің шағын топтарымен ғана қағысып келді. Ал ертеңнен бастап үлкен айқасқа шықпақ, патша әскерлері мен Россияға берілген қазақ сұлтандарына қарсы майдан ашпақ.
Қара қазақтың бұдан күткені ел шабу, керуен тонау емес, үлкен іс, халықтық іс. Маңайына ақ патшадан зәбірлік жеген жұртты жинаумен қатар, мүмкін, күннен-күнге көбейіп жатқанымызды көріп бізбен санасар деген үмітте де болды, Омбы бастықтарына хат үстіне хат жолдады.
Ең ақырғы хатын ол Шу мен Сарысуды қыстап шығып, Сарыарқаның бел ортасы Қарақойын Қашырлыға көшіп келгесін, Батыс Сібір ген-губ Горчаков князьға 1838(Ит жылы) мамыр айының басында жазған. Оны Тоқтының Табылдысы мен Қазанғаптың Көшінбайы деген өзінің екі сенімді адамы арқылы жолдаған. Хаттың мазмұны мынадай еді: «Мәртебелі ұлуғ господин жанарал-губернатор хазратләріна
Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасым ұғылынан ғарызнама.
Сіздің ағзам хазрәтларыңызға мағлұм қыламыз, шунки менің тілегім екі патшалықтың халқы да тыныштықта өмір сүру еді, бірақ та сіздің адамдарыңызды өз жағыма шығарып алды деп сіз маған күмәнданатын көрінесіз. Менің айтып отырғаным мынау: біздің бабамыз хан Абылайға тиісті жерлерде сіз дуан салдырдыңыз және қазақ халқынан алым-салық аласыз, сөйтіп бізді қыспаққа салып отырсыз. Біз бұған риза емеспіз және алым-салық төлеп сіздің қарауыңызда тұра алмаймыз. Біздің басымызға туған күн Ресейдің басына туса сендер қандай күйде болар едіңдер? Сондықтан біздің жай-күйімізбен санасуларың керек. әрине, мен Баянауыл, Қарқаралы һәм Ақмола қазақтарын өзіме қосып алдым, әлі де болса халқымды өз жағыма қоса берем деген ниетім бар; алайда қазақ халқы бұрынғыша өз алдына ел болып өмір сүрсе тіпті жақсы болар еді, сонда ғана сіз де, біз де тыныш өмір сүре алар едік. Менің естуімше, сіздер бізді Қоқан һәм Бұқар хандығынан айыруды көздейтін көрінесіздер. Бірақ олар мұсылман заңы бойынша бізді қорғауға міндетті. Екі ел тыныш, бейбіт өмір сүрсе бәрінен де сол жақсы болар еді. Бірақ дуанбасылары ел аралаған кезінде сиязға деп сылтауратып қазақтың жақсы ат, жақсы киім-кешектерін алатын көрінеді. Біздің мүлкімізді талан-таражға салуға тыйым болсын деген патша ағзамның заңы бола тұрса да, дуанбасылары қазақтардың айтқан арызын құлағына да ілмейді. Жуырда ғана Төртуыл болысының қазағы Азнабай мырзаның әйелін, екі келінін, қызын һәм бір жесір әйелді жаулап алып кетті. Бұлардың қайда екені әлі белгісіз.
Сізбен әрқашанда достық қатынаста тұруды көздеп мен мына төмендегілерді талап етемін:
1) Ақтау қорғанысы жойылсын; 2) Ақмола дуаны жойылсын; 3) Біздің жерімізге салынған сондай мекеме орындары тегіс жойылсын; 4) Қамауға алынған біздің адамдар һәм Қоңырқұлжа сұлтанға жіберілген екі адам босатылсын».
Бұл хатта Кенесары Қоқан, Бұхар хандығымен еш уақытта да бірікпейтінін біле тұрса да, генерал-губернаторға сұс көрсету үшін олар жәрдем береді деген сөзді әдейі көрсеткен.
Бұл хатына да Кенесары 3 ай бойы еш жауап ала алмады. Хатты апара жатқан Табылды мен Көшінбайды Қоңырқұлжа жағындағы Көшеннің балалары ұстап алып, Омбыға жаяу айдап жеткізеді. Көп кешікпей оларды соттап Сібірге жүргізеді-міс деген хабар Кенесарыға да келеді.
Кенесары бұл айқасты қазақ даласын өзіне бағындыруда Солтүстік пен Шығыстағы Россия империясының ең мықты кіндігі болған Ақмола бекінісін алудан, онымен қатар ата жауы Уәлиханның қатыны Айғанымның Сырымбет саласындағы ордасын шабудан бастамақ болды.
Ақмола бекінісін алып өзінің мықтылығын көрсетсе, абыройының өршігені.
Кеше ғана хабар алған. Осы бүгін-ертеңдер арқа өкіріктерінің қазақтарынан жаңа устав б-ша биылдан бастап салық жиналсын деген патша жарлығы шықпақ. Бұл жарлық б-ша жүз қарадан бір қара салық алынып егер ол ақшадай төленетін болса, жылқы басы 35 сомға, өгіз 20 сомға, қой 2 сомға бағалансын делінбек.
Бекіністі алу айласын айтқан: бащқұрт Әшірап(Жоламан жасағына Ақбөкенмен бірге келген қашқын, екіншісі - Дәулетші). Ол көз жұмған.Оны шатасып өлтірген Қараүлек(Қараүлек – Кенесарының бас жендеті).Кенесары оның өлгені бір жағынан дұрыс деп санайды, қарашының ақылымен бекініс алғанынан намыстанады. Ол әдісті айту арқылы, өз мерейін арттырмақшы.
Зеңбірек құюды білетін Дәулетші, ал әшірап — Салауат Юлаевтың көтерілісіне қатынасқан, белгілі жауынгерлердің бірінің баласы, әкесінің айтуы б-ша бекіністерді алу әдісінен хабардар екенін аңғартқан.
Кенесары зеңбірек құйғызамын деп бірнеше ауылдың қазан-ошағын жинатып, Дәулетшінің қасына қазақтың асқан шебер 5 ұстасын қосып, Қорғасынды дейтін жерден көрік ашқан. Ал әшірапты жанына алып қалып, оған Ақмола бекінісінің қандай бекініс екенін айтып, осындай қамалдарды Салауат Юлай қалай алды екен деп сөз тастаған.
Ол айтқан әдіс ағаш үйлермен байланысты. Оның айтқаны Салауат Юлай ұлы ғана емес, көне сақтардың, беріректегі қыпшақтар мен монғолдардың қамал алу әдісі еді.
Башқұрт жауынгерінің ақылы Кенесарыға өте ұнаған. Шындап қимылдаса Ақмола бекінісінің алынатынына көзі анық жеткен. Бірақ көңілінде жанын жегідей жеген бір күдік туған. «Сонда қалай болады, деген ол ішінен, Ақмоланы алуда... мен қарашының ақылынан аса алмағаным ба?»
Кешір, азаматым, Қараүлекке ойымды анық түсіндірмегендіктен сенің ажалыңа мен айыптымын», — деген ол ішінен. Әшірап ажалы жайында Кенесары одан әрі қынжылмаған. Қалай қынжылсын, «қанішер Абылай» атанған қанды көйлек арғы атасы кісі ажалы мен қой бауыздағанды тең көрген. Бергі атасы хан Абылай құлдық кезімнің куәсі болып, бетіме шіркеу келтіреді деп, ажалдан аман алып шығып, ерлік жолға қайраған Ораз құлды өз қолымен бауыздаған. Өз әкесі Қасым төре анасынан қолына қан шеңгелдеп туған. Осы үшеуінің ұрпағы Кенесары кімді аяйды? Ел билеймін деген адамға кейде жазықсыз ажал жазықты ажалдан құнды. «Адамды аяу — әлсіздіктің белгісі» деп ұғады.
Ой үстінде отырғанда өзі шақырмаса тірі пенденің Кенесары ордасына кіруге қақы жоқ. Бұл — әлі хан болмаған сұлтанның осы бастан өзін өзгеден ерекше ұстай бастаған дәстүрі. Бұл салтты Күнімжан ғана бұза алады.
Батырлар бас қосатын жиын – кеңес.
Кенесары мен Күнімжан тіркестіре тігілген «Ереуіл кеңес үйі» деп аталатын қос ақ боз үйге кіргенде, сұлтанның батырлары мен ақылгөй серіктері тегіс жиналған. Мұнда Наурызбай, Ағыбай, Құдайменді, Кіші жүздің Сыр бойындағы Табын тарауынан келіп қосылған бойсапат тобылғы күрең ұзын мұртты Бұқарбай, Атығай руынан шыққан алшақ кеуделі балуан Басықара, Алтай руының атақты батырлары Жанайдар мен Төлебай, Кіші жүздің Есентемір руынан шыққан жас Байтабын батырлар бар. Олардан басқа қарындасы Бопай, Кенесарының өзімен тетелес інісі әбілғазы сұлтан, Нысанбай ақынмен дізелес есікке таман қойылған қазақы дөңгелек столдың жанында қолына қауырсын қалам ұстап бұқарлық қожа, ұзын бойлы, арық, қошқар мұрын Сидақ Оспанұлы, Польшада ереуілге қатысып жер аударылып келген, қазақтар Жүсіп деп атап кеткен ақсары, көгілдір көзді Иосиф Гербурт деген ақын жігіт отыр. Соңғы екеуі Кенесарының хатшысы болып қызмет істейтін. Бұлардан жоғарырақ тұрған кең маңдайлы, ақ құба келген ойлы көзді мыңбасы татар жігіті Ягуда ұлы әлім. Босағада, төренің қырық адамнан құралған қарауыл жасағын басқаратын, ауыл Батырмұрат деп ат қойған, қазақтан әйел алып қазақ болып кеткен башқұрт Мәлкет баласы Кішік пен Наурызбайдың шабарманы қашқын орыс солдаты Николай Губин тұр. Үйдегі адамдардың ішінен Ереуіл Кеңесінің мүшесі емес тек Жүсіп, Бопай, Батырмұрат, Николай. Бірақ бұл төртеуі де ереуілге шын берілген адам болғандықтан Кенесары оларды мұндай үлкен мәжілістің біреуінен де қалдырмайды.
Ереуіл кеңес үйі – батырлар бас қосатын кеңес өткізілетін тіркестіріле тігілген қос ақ боз үй.
Кенесарының 2 хатшысы: Сидақ Оспанұлы, Иосиф Гербурт(Польшадан жер аударылып келген, қазақтар Жүсіп деп атап кеткен)
Ереуіл Кеңесінің мүшесі емес 4 адам: Бопай, Жүсіп (Польшадан жер аударылып Иосиф), Батырмұрат(төренің 40 адамнан құралған қарауыл жасағын басқаратын, қазақтан әйел алып қазақ болып кеткен башқұрт Мәлкет баласы Кішік), Николай(Наурызбайдың шабарманы қашқын орыс солдаты)
Кенесары кіріп келгенде үйде отырғандардың бәрі қол қусырып орындарынан түрегелді. Сұлтан тәжім етіп амандасты да өзінің жасыл туының астында тұрған, үстіне жібек түкті сәнді бұқар кілемі жабылған төрдегі үлкен сандыққа барып отырды
Кенесары ұсақ түйек шайқастан мақсатымызға жетіп, абыройымыз артып жатқаны шамалы, сондықтан Ақмола бекінісіне шабамыз деп шешімін айтады. Хатшы Жүсіпке осы кезге дейін көрген қиянатты баяндауды тапсырады.
Атаман Лебедев бастаған 500 солдатты жасақ осы жылы маусым айында Торғай өз мен Жәнтөре-Керубе бойында көшіп жүрген Қарпық, Темеш руының ауылдары мен Саржан сұлтанның ауылын шауып, төрт жүз адамды өлтіріп, жүз адамды ұстап әкетті. Оның ішінде Баянды би бар.
— Аға сұлтан Қоңырқұлжа мен войсковой старшина Карбышев басқарған 500 кісілік жасақ шілде айында Айырқұмда көшіп жүрген Күшік сұлтан мен Сидақ мырзаның ауылдарын шауып, 25 еркек, 8 әйел, 21 қыз баланы оққа ұшырып, 80ге таяу адамды тұтқын етіп алып кетті. Оның ішінде...
Кенесары Сидаққа өздері көрсеткен істерін айтуды тапсырады. Ақтау коменданты войсковой старшина Симонов шығарған бірнеше уақ отрядтарын құртып, көптеген қару-жарақты қолға түсірдік! Войсковой старшина Симонов бізбен бір айқасқанында 10 тапанша, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мылтық оғын, 490 тапанша оғын тастап қашты. Қазір біздің қолымызда осындай ұрыстан түскен 150 мылтық, 90 тапанша, 210 қылыш бар. Кенесары батыр бастаған қол қаһары әсіресе халқын сатқан сұлтан, билердің ауылдарына тігулі. Биылғы жылдың 7 айы ішінде орта есеппен мұндай жағдайда қолға 1 млн сомнан астам мал-мүлік түсті.
Қатын аулын батыр шаппас деп, Кенесары Уәлидің әйелі Айғаным ауылын шабуды 600 адамы бар қарындасы Бопайға тапсырады.
Аманқарағай приказына жетуге 5 күн керек. Бір күн төмендегі тоғайда тынығуға мұрсат берілсін. 7ші күні приказ шабылсын.— Аманқарағай приказы шабылғаннан іле-шала біз де Ақмола бекінісіне ат қоямыз.
Ағыбай (Кенесары –үшін көсе) бекіністі аңдуды ұсынады. Бірақ олай етсе, өзге бекіністен жәрдем келері сөзсіз. Бұқарбай бекіністі Тентектөре Сайрам мен Созақты алған сияқты түнде алайық дейді. Алайда, Кенесары оған қақпаны ашқан адамдары болды, бізде ондай ешкім жоқ дейді. Басықара батыр Кенесарыға алдымен құдай, кейін сен деп артыңа ердік, бір ақылын өзің тап дейді. Кенесары сәл кідіріп отырды да, алдына ақ дастарқан жайғызып, үстіне уыстап тәспінің қара, ақ бұршақтарын төгіп салып, Ақмола бекінісін қалай алу керек екенін тәптіштеп айта бастады.
— Кенесары сәл кідірді де тағы Сидақ қожаға қарап — Жаз. Бұл біздің екінші жарлығымыз болсын. Ертеңнен бастап мың басылар, жүз басылар әлгі айтқандарды бұлжытпай орындау үшін әскер ойынына кіріссін. Бір жетіден кейін аттанамыз
Осы кезде Арыстан ақын ұсталды деген хабар естілді. Арыстан деген Атығай руынан шыққан кедей ақын. Бір кезде Саржанның жасағына да ерген. Кенесарыға жоқ жерден өкпелеп, аға сұлтан Қоңырқұлжа жағына шығып кеткен. Соңғы кездері қазақ ауылын шабатын патша жасақтары мен қазақ жерін картаға түсіретін орыс саяхатшыларына жол көрсетіп әбден байып алған. Расында Арыстанда жер көрсетуден басқа еш жазық жоқ еді. Ол бірде-бір адамның қанына ортақ емес-ті. Сондықтан өзін бәлендей айыпты санамайтын. «Біреу малымен, біреу жеріменен күн көреді. Ал менің күн көрер нем бар? Жалғыз атты кедеймін. Мейлі, жұрт қалай ойласа, есек құйрығын жусаң да мал тап дегендей, земтемірлерге жол көрсетіп күнімді көрсем несі айып. Мен істемесем мұны басқа істейді» деп ойлайтын ол. Арыстанның мұндай жолға түсуіне өзі кінәлі болса да, Кенесары оны сатылған санап, қолыма түссе басын алармын, өзгелерге үлгі болсын деп әлдеқашан шешкен.
Достарыңызбен бөлісу: |