Қоңырқұлжа да дәл осы кезде 2 жылдан бері ғана орысша оқи бастаған Есіркегеннің өсе-өне келе қазақ елінің ұлттық туын көтеретін ең алғашқы оқығандарының бірі боларын білмеді.
Осы сәтте Ожар хабар жіберген Сәмен келеді. Оны белдігіндегі белгісі арқылы таниды. Ожар Байтабынның жасағында екен. Оның әкелген хабары: Кенесары 2 топ жасағын аттандырды. Бірін Ағыбай, екіншісін Байтабын бастап келеді. Ағыбай тобы қазір Қаражар шатқалында. Ертең Қарқаралыға өтпек! Аға сұлтан Жамантайдың ойдағы жылқысын айдап әкетпек! Кене оған ақ патша жағына шыққанына ашулы. Мен Ағыбай жасағындамын. Батыр алдымызды барлап кел деп жіберді... Ал Байтабын жасағы кейінірек. Шамасы бүгін түнделетіп жүріп, таң ата осы араға жетпек. Беті сіздің ауыл. Кенекең оны Қоңырқұлжаның қалған малын айдап кел деп жіберді.
Әрқайсысында 25 сойылдан қол бар екен. Қоңырқұлжа Асылкерейді(Қоңырқұлжаның жасағының бастығы) шақыртады. Есіркеген бұл хабарды әкелген кім деп ойлайды. Байтабын жасағы Қоңырқұлжаның жылқысы Есілдің Ертіске қарай бұрылатын жерде екенін біледі. Ауыл маңайында Қоңырқұлжаны торып әбдіуақит деген Кенесарының бір кісісі жүр. Оған оның басыңызды алу тапсырылған. Ол бұрынғы Шыңғыстың басын алған Күмістің әкесі екен.
Асылкерейге Байтабын әскерін түбекте тосып, қырып салуды және Әбдіуақитты тауып, өзі Омбыдан қайтып келгенше кісендеп қоюды тапсырады.
Жол бойындағы әлі Кенесары құрығы түсе қоймаған бай ауылдардан ат ауыстырып мініп, суыт жүріп 3ші күні таң ата Омбыға жетті.
Қоңырқұлжаның Омбыдағы естеліктері: 1. 1829, қазақша Сиыр жылы, осы Омбы қаласындағы тілмаштар мектебінің 40 жыл мерекесіне арналған салтанатты кеш. Онда Сібір қазақтары жайындағы ережені шығарған патшаның оң көзі Сперанскийдің өзі бар... Қоңырқұлжаға ең алғашқы рет орыс офицері — штабс-капитан аты берілгені осы жолы еді. Содан бері 9 жыл өтіпті. Қазір ол подполковник. 2. Алдыңғы жылғы күзде Омбының кадет корпусы ашылуы. Бұл тойға да қазақтың аға сұлтан, асқан байлары шақырылды. Тойды князь Горчаковтың өзі басқарған. Өзге аға сұлтандардан гөрі князь Қоңырқұлжаға ерекше көңіл бөлген. Сол жолы ғой Горчаков оған: — әрі кетсе бір 25 жылда қазақтың ұл-қыздары да мыналардай болады, — деген жанындағы әйелдер мен офицерлерін көрсетіп. Сары далада көшіп жүрген қазақтар 25 жыл ішінде мыналардай болады деген князь сөзіне Қоңырқұлжа таң қалып:— Егер қазақ бұлардай болғысы келмесе не істейсіз? — деп сұраған.— Онда, — деп Горчаков ойланбастан жауап берген. — Аюға ақыл үйреткен таяқ деген мақалды естігенің бар ма? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, соқа жегіп, жер жыртуды үйретеміз. Қол-аяғын матап шіркеуге кіргізіп, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүр етеміз.
Аюға ақыл үйреткен таяқ деп қазақтарға күш қолданып көндіретінін айтқан: князь Горчаков
князь Горчаков — Батыс Сібірдің генерал-губернаторы.
Аға сұлтан бұ жолы Талызиннен көмекке небары жүз солдат алғанымен, келесі жаз Кенесарыны біржолата құртатын қалың әскер шығатынын естіп, көңілі сәл орнықты. «Қыс келіп қалды, Кенесары қыста шабуылға шықпайды, жасаққа мына жүз солдат пен өз күшім де төтеп бере алады». Бірақ ол ел шетіне жетер-жетпестен-ақ әнеукүнгі Ағыбай мен Байтабынның ауылды шауып, түбектегі бар малын айдап әкеткенін естіді.
Есіркеген Әбдіуақитты тауып алады. Ол өзінің жау емес екенін айтады. Әбдіуақит та Масан ұрпағын шырамытады. Есіркеген өзінің таңертеңгі жылпық сарыдан(Сәменнен) естіген сөзін, Ағыбай тобын Қаражар шатқалында жатқанында басыңдар деп нөкерлеріне Қоңырқұлжа бұйырғанын айтып берді. Сөзінің аяғында: «Жанымда жолдастарым бар. Маған бұрылуға болмайды, сіз Ағыбай батырға жетіңіз. Байтабын жасағында Қоңырқұлжаның адамы барын құлағына салыңыз. Өзіңіз де сақ болыңыз, ауыл торып жүргеніңізді Қоңырқұлжа жігіттері біледі», — деді. Әбдіуақит Қоңырқұлжа малын шапқанда Асылкерейдің әскерінен сойылға жығылып, қаза тапқан.
Байтабынның тұлпары – Серкесан
Достарыңызбен бөлісу: |