1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен


бөлім. І. Орынбор әск губ - Василий Алексеевич Перовский



бет25/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

3 бөлім. І.
Орынбор әск губ - Василий Алексеевич Перовский ойы: «Батыс Сібір губ. қарамағынан Кіші жүз ереуілшілеріне қосылған Кенесары сұлтанмен тіл табуы.. Ол кезде помещиктердің тепкісіне шыдамаған Орынбор өлкесінің басыбайлы қарашекпендері мен казак-орыстары түгелдей патша үкіметіне қарсылық көрсеткен қозғалысы басталды ғой. Аз болғандай Арқадан Кенесары келіп Елек, Ырғыз, Торғай бойындағы қазақ ауылдары тегіс ереуілге шықты емес пе... Екі отты сөндіруге күш жетпегесін қазақ ереуілшілерімен тіл табуға мәжбүр болғанбыз.. Алдыменен Кенесары сұлтанның өзі бітім сұрады. Оның хаты: 1839 ж наурыз айы делінген— «Атамыз Абылай ханнан бері біз орыс жұртшылығымен тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр едік, тек Сібір губернаторы маза бермегендіктен, амалсыз соғысуға мәжбүр болдық... Ал сіздің жеріңізге келуімізбен еш уақытта да Россияға қас болмағанымды және менің осы сөзімді жоғары жаққа жеткізуіңізді өтінемін»... Граф тағы ойлана қалды. «Қазақтарды бағындыруда менің саясатым әуел бастан князь Горчаковтікінен өзгеше болатын... Өлке бойынша көтерілген орыс мұжықтарының қимылын еске алып, мен қазақтарды князь секілді қылыш күшімен емес, бейбіт жолмен бағындырған жөн деп білгем, сондықтан да Кенесарының өткен күнәсына кешірім сұрап, жаңағы хатының көшірмесін Соғыс министрі Чернышев пен вице-канцлер Нессельроде мырзаға жіберген едім, — Сол ресми хатым мына қағаз ғой. «Мәртебелі мырзалар, ереуіл ұйымдастырып бас көтерген Қасым ұлы Кенесары сұлтанның осы жіберіп отырған хатта егер патша ағзам оған кешірім істесе, оның бізге мойын ұсынып бағынады». Иә, осы хаттың аяғында бұдан былай қарай Орынбор жеріне көшіп келген қазақтардың ісіне Сібір ген-губның кіріспеуін өтінген едім. Солай деп князь Горчаковқа Соғыс министрі бұйрық та берген. Бірақ ол бұйрықты князь қалай қарсы алды? — Граф Горчаковтың хатын тауып алып оқи бастады. — «Орынборға жататын қырғыз-қайсақтарды басқару осы уақытқа дейін менің ойламаған ісім. Бар мақсатым Кенесарының тобырынан өз ген-гублығымды аман сақтап қалу болатын. Қырғыз-қайсақтарға көне замандағыдай бостандықтарыңды қайтарып әперем деп сендіріп, өзінің ел тонаушылығын бүркей білген Кенесары бүліншілігінің қаупі күшті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет