Қазақтардың орыстарға бейбіт түрде қосылуын қолдайтындар: орыс оқығандарының демократшыл тобы бар. Түркістан тарихы жөніндегі еңбектерімен әйгілі В. В. Вельяминов-Зернов, орыс түсінік сөздігін жасаушы В. Даль, Орынбор шекара Комиссиясының бастығы боп көп жылдан бері қызмет істеп келе жатқан ген-майор В. Ф. Генс (осы генерал-майор қызық адам, өзі Россия патшалығына бағынбадың деп қазақтарға қарсы соғысады, сөйтіп жүріп олардың жетім балаларын үйіне жинап жетімхана ашады. Және жұрттан жасырып қазақтардың тарихы мен этнографиясы жөнінде еңбек жазады) , Орынборға айдалып келген поляктың белгілі азаматтары, Орынбор музейін ашқан Томаш Зан да, шекара комиссиясында қызмет істейтін дарынды ақын И. В. Виткевич, белгілі жазушы Антон Погорельский
Батыс Сібір шекарасындағы анда-санда жанжалды есепке алмасақ, Орынбор шекарасындағы бекіністер мен казак-орыс станицаларын шабуын Кенесары біржола тоқтатты десе болады... Оның есесіне патша ағзам өткен 40шы жылы Кенесарының бар күнәсын кешіріп, амнистия берді... Және айдалып, сотталып кеткен туған-туыстарын тегіс қайтарды: Уәлиханның үлкен баласы Ғұбайдолладан бастап босатып берді... Бірақ Ғұбайдолла туған інісі — Құсмұрынның аға сұлтаны Шыңғыстың еліне бармай, Кенесарыға келіп қосылды.
Айғаным хандыққа өзімен таласқан Уәлидің үлкен әйелінен туған Ғұбайдолланы да, Уәлидің туған ағасы Сартайды да Сібірге жер аудартқан
Перовский Қоқанға өзі басқарып барған Доңыз жылғы сәтсіз экспедициясы: Перовскийдің Хиуа хандығына қарсы 39шы жылы шығарған экспедициясының Арал теңізінің жағасына екі айда әзер барған
Кенесары сұлтан осы жылы 7ші сентябрь күні өзін хан деп жариялап, соның құрметіне бір жетіден кейін Қоқан хандығына қарсы Ташкент түбінде соғыс ашқан.
Кенесарының қол астындағы халықтың аумағы: Ақмола және Қарқаралы округтерінің әлке — Байдалы, Тыналы — Қарпық, Алшын — Жағалбайлы, Қаракесек, Айтқожа — Қарпық, Төбе — Темеш болыстары Қарақұм мен Аққұмның төңірегіндегі мына жайылымдар мен Жыланшық өз Торғайға құятын сағасына орналасты. Ал Баянауыл округінен келген Қозған, Қойлыбай — Шағыр, Қаржас, Малай — Қалқаман болыстары мен Ақмола округінің Тыналы — Қарпық, Торайғыр — Қыпшақ болыстарының қалған ауылдары Бағаналы руымен қосыла, мына Қара Торғай өз бойына жайласты. Осы Қара Торғайдың жоғарғы тұсында, жұрт «Орда тіккен» деп атай бастаған жерде Кенесарының өзінің аулы тұр. 38ші жылы Кенесарымен бірге көтерілген Орта жүздің Атбасар дуанына жататын мына Арғынаты Ұлытау, Терісаққан, Қайрақты, Шойынды көл, Ақ көл маңын жайлаған қалың Алтай — әлке, Алтай — Байдәлі, Төбет — Темеш, Тыналы — Қарпық, Айтқожа — Қарпық, Қойлыбай — Алтай, Алшын — Жағалбайлы рулары біздің жеріміздегі Алшынмен бірігіп кетіп отыр. бұған мына Жайықтың күншығыс жағындағы Жем, Елек, Ырғыз өз мен Жыланды, Мұғажар тауларының бауырын қоныс еткен Кіші жүздің Табын, Тама, Шықылық, Шөмекей, Шекті, Төртқара руларын қоссаңыз ереуілшіл сұлтан қарамағында Франция мен Италияға пара-пар бір хандық ел болады.
Торғай правителі Ахмет Жантөрин: «Кенесары Созаққа өз бетімен барған жоқ. Ташкент құшбегіне қарсы бас көтерген Сыр бойын жайлаған Шөмекей, Төртқара, Тама рулары оны Қоқан хандығынан құтқаруды сұрап шақырып отыр» дейді. Ал Сібір Таможный округінің бастығы: «Кенесары Қоқан жеріне соңғы аласапыран кезде көшіп кеткен Россияға бағынатын қырғыз ауылдарын қайтарып әкелуге өтті» дейді.
Қазір Қоқан хандығы билеушісі – Мәделіханның інісі Шерәліхан
Мәделіхан баяғы Ташкенде тоқал шешесімен кездескеннен кейін, бір жыл өтпей үйленген болатын. Бұнысын кәпір ісі деп «Қасапшы Нұрасулла» атанған Бұқар әмірі, биылғы жылы көп әскерімен кеп Мәделіханды бауыздап, ал сұлу Ханпадшайымның күнтимесіне қорғасын құйып өлтірген-ді.
Кенесары өзінің 2 мың, Жанғожаның 2 мың жалпы 4мың әскермен зеңбіректі, 5 мың әскерлі Созақ бекінісін шапқалы 10 күн өтіпті. Бекініс қабырғасына шығатын жүздеген баспалдақ істетіпті. Ол баспалдақпен өрмелейтін батырлар қазақ жігіттерінің арасында қашан да болса мыңдап табылады.
Кенесарының 4 мың әскермен Торғайдан Созаққа жету жолы: Кенесары бұ жолы Алашаханның бұдан 400 бұрын салған ескі сүрлеуімен жүріпті.
Жаман қорған – Қоқан хандарының қазақ жеріне салған алғаш қорғаны. Бір кезде Қоқан хандары бұл қорғанды қазақтардан керуен жолын қорғау үшін салса, соңғы кезде қазақ ауылдарын шабу алдында тоқтайтын бекінісі еткен
Созақ датқасы Бабажан қаннен-қаперсіз жатса керек, бір нөкері келіп «жау келіп қалды, тұрыңыз!» десе, «Созаққа Кенесарыдан бөтен жан бата алмайды. Кенесары қайда, Созақ қайда!» деп жауап беріпті. Нөкері: «Келген сол Кенесарының өзі!» — десе, «Ұлытауда хандығын тойлап жатқан Кенесары құс болып ұшып келмесе, қайдан келеді, ойыныңды қой!» — деп ақырыпты.
Бабажан – Созақ датқасы
Генс Перовскийге Шу өзенінің мына өткелін Бесқұлан, ал мына төбелерді Иней, Қабан деп неге атайтыны туралы бұдан 30 жыл бұрын естіген аңызын айтып бермек болады. Қазір аңызын тыңдауға ықылас қойған жұмсақ мінезді көрінген граф Перовский осыдан 12 жыл өткен соң қалың қолмен келіп Ақмешітті алатынын кім білген!— Алашаханның жақсы көретін баласын тағы құлан үйірі басып өлтіріпті,— қатты қапаланған әрі мейлінше ашуланған хан, құлан біткенді қыруды бұйырады. Кімде-кім оларды қырып бітірсе соған ғажайып көп сыйлық пен ең сұлу кіші қызын бермек болады. Домбылақ деген батыр хан тілегін орындаймын деп уәде береді. Өзінің Иней, Қабан деген жүйрік аттарын мініп құландарды қуады, қайда қашса да қоймай бейшараларды қырады. Ақырында 5-ақ құлан қалады. Олар Шу өз өтіп құмға қашады. Осы құландардың Шудан өткен жерін Бесқұлан дейді. Құмға қуып шыққан батырдың аттарының жете алмай зорығып өлген жерлерін Иней, Қабан деп атапты. Ханның қызын алам деп құм арасында қаңғып өлген Домбылақ батырдың моласы деп қазақтар Шудың теріскей жағындағы моланы көрсетеді...
Перовский бұйрығы: Кенесарының Бұхар ханы мен Қоқан ханының арасындағы соғысқа кірісуі Россия империясының оңтүстіктегі сауда-саттық жұмысына орасан зиян келтіреді. Сондықтан біздің хатымызды алысымен Қоқан хандығына қарсы ұрысын тыйып, Россия жеріне тез қайтатын болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |