1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі



бет26/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

4 ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.
5 ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.
6 ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады.Білім беру салалары мен пәндеріне тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып байланыста болады
7 ерекшелігі бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударуы
8 ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу – оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
26. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу және сипаттама беру
Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография, конференция материалдары, газеттер мен журналдағы басылымдар кандидаттық және докторлық диссертациялар және олардың авторефераттары жатады. Курстық және дипломдық жүмыс графикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жұмыстың орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты – таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасау, мәселенің қазіргі күйін, қысқаша тарихын баяндау, қорытындылар жасау және оларды дәлелдеу. Шолуда тақырып бойынша түрлі авторлардың тұрғылары талданып, салыстырмалы баға беріледі.
Жинақталған материалды жалпылау оны жүйелеуді және жіктеуді қажет етеді. Бұл жұмысты орындауда уақытты үнемдеуге парақтың бір жағына жазылған жазба көмектеседі. Бұл жазба формасы материалмен жеңіл жұмыстануға мүмкіндік береді, яғни оны қиюға, жапсыруға, орнын ауыстыруға болады.
Шолу кезінде бірінен соң бірін кітаптар мен мақалалардан алынған барлық материалды баяндаудың қажеті жоқ. Сұрақтың мәнін ашатындай, курстық жұмысының жоспарына, мақсат-міндеттеріне сәйкес негізгі қағидалар мен басты идеяларды анықтайтындай болу керек. Осылайша, шолудың сипаты хронологиялық емес, түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып, проблемдік сипатқа иеленуі тиіс. Курстық жұмыстың тілі қарапайым әдеби тілмен, жалпыға түсінікті терминдерді қолданумен терең және анық баяндалуы тиіс. Бір сөздің қайталану жиілігі 50-100 сөз интервалында болғаны жөн. Курстық жұмыстың мазмұны - әдебиеттерді зерттеу негізінде өзіндік түсіну және мәселені ұғыну болып табылады. Авторға және оның жұмысына сілтеме жасау өте маңызды. Қажет кезінде бұндай сілтеме оқырманға сол әдебиетке тікелей жүгініп, нақтылауға мүмкіндік береді.
Мәтінде авторлық пікірлергі сілтеме жасауда мына етістіктерді қолдануға болады:
Автор:
талдайды; қарсы пікір білдіреді; көзқарасын айтады; толықтырады; дәлелдейді; мүмкін деп жібереді; сұрақ қояды; баяндайды; сенім білдіреді; табады; бастайды; көзқараспен келіспейді; келіспейді; айқындайды; талқылайды; түсіндіреді; қолдайды; жауап береді;белгілейді; қорғайды; анықтайды; мазмұндайды; жазады; қайталайды; мүмкіндік береді; болжайды; ойлайды; түсінеді; ұсынады; көрсетеді; таниды; көзқарасты қабылдайды;қорытынды жасайды; сұрақты талқылайды; сұрақты қарастырады; қосылады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет