1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Тәжірибелік зерттеу жұмыстарының қорытындысын өңдеу



бет25/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

24. Тәжірибелік зерттеу жұмыстарының қорытындысын өңдеу.
Зерттеу нәтижелерін тіркеу өлшеу нәтижелерін өңдеуді, барлық атқарылған жұмыстарды жалпылауды және нәтижелерді әдеби түрде көрсетуді қамтиды.
Зерттеуші тәжірибелер мен өлшемдерді шығарумен бір мезгілде өлшеу нәтижелерін алдын ала, содан кейін түпкілікті өңдеуді, экспериментті түзетуге, бақылауға және эксперимент барысында әдістемені жетілдіруге мүмкіндік беретін талдауды жүзеге асыруы керек.
Өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде математикалық статистика және графикалық бейнелеу әдістері кеңінен қолданылады. Математикалық өңдеу әдістері кесте түрінде көрсетілуі мүмкін эксперимент нәтижелері туралы дәлірек түсінік береді. Графикалық әдістер нәтижелерді неғұрлым анық көрсетуге, зерттелетін құбылыстар мен процестердің өзгеру динамикасын көруге мүмкіндік береді. Сондықтан көбінесе кестелік мәліметтер әдеттегі тікбұрышты координаталар жүйесін қолдану арқылы графикалық әдістермен өңделеді. График құру үшін оқу барысын, зерттеу процесінің барысын білу керек, т.б. теориялық зерттеулерден не алуға болады.
25. Бастауыш мектепте Жаңартылған білім беру Бағдардамасының негізгі ерекшеліктерін айқындау
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі.Оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;

Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.


Білу Нақты іс-әрекетті іске асыру
Түсіну Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау
Қолдану Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу
Анализ Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру
Синтез Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.
Бағалау Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу
3 ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет