17. Әдістемелік мақалаларды рецензиялау жолдары Рецензиялаудың міндеті – басылым үшін авторлық қолжазбаларды қатаң іріктеу және оларды жақсарту бойынша нақты ұсынымдарды ұсыну болып табылады. Рецензия ғылыми мақаланы әділ түрде бағалауы және оның ғылыми, әдістемелік құндылығын және кемшілігін жан- жақты талдауын қамтамасыз етуі керек. Ұсынылып отырған рецензияның көлемі – 15 мың белгіге (әріптердің арасындағы бос орынды қоса есептегенде) дейін, шамамен мәтіні 12 кегл шрифтімен А4 үлгісінде 1,5 бетке дейін.
Ғылыми мақаланы рецензиялаудың мазмұнына қойылатын талаптар
Рецензиялаушы міндетті: 1. Мақалада баяндалған материалдың журнал бейініне сәйкестігін анықтау.
2. Мақала мазмұнының өзектілігін бағалау: мақалада баяндалған материал деңгейінің ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкестігі.
3. Зерттеу (ғылыми, тәжірибелік) нәтижесінде алынған қорытындылардың маңыздылығын бағалау.
4. Мақаланың материалын рәсімдеу үшін талаптардың қаншалықты ескерілгендігін көрсету: мақала көлемінің сәйкес келуі, орыс және ағылшын тілдеріндегі түсініктеме, қолданылған әдебиеттер тізімінің және мәтінде оларға сілтеменің бар- жоқтығы, авторлар туралы байланысу мәліметтері және т.б.
5. Мақалада баяндалған материалға сапалық немесе сандық баға беру: – нақты;
– мысал ретінде.
6. Келтірілген мәліметтердің толықтығын және анықтығын бағалау.
7. Қолданылған (немесе енгізілген) анықтамалардың дұрыстығын және дәлдігін бағалау.
8. Баяндалған материалдың әдебиеттік стиліне баға беру.
9. Бүтіндей мақала туралы негізделген қорытынды, ескертулер, қажет болған жағдайда – оны жақсарту бойынша ұсынымдар беру.
Аталған сұрақтардың жиынтығы жалпы сипатта жүреді. Әрбір нақты мақала оның бағалануы үшін критеридің таңдалуына жеке көзқарасты талап етеді.
Рецензияның қорытындылау бөлімінде мақалаларды талдау нәтижесі бойынша оның ұсынылған түрінде жариялануы, не болмаса оның түзетілуі немесе қайта жөнделуі (конструктивті ескертулер), тіпті дәл осы журналда оның басылымының жөнсіздігі туралы дәл ұсынымдар берілуі тиіс.