1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі



бет17/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

- логикалық сұрақтар – негізгі сұраққа жауап арқылы зерттеліп отырған құбылыс жайлы негізгі түйін жасалады;
9. Зерттеу тақырыбын таңдау алгоритмі
Зерттеу жұмысының тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытпен немесе ғылыми
проблемамен байланысты болуы мүмкін
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады. Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.
Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
10. Педагогикалық сұрақ және әңгімелесу әдістерінің ерекшілігі
Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгімелесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады.
11. Блум таксоноиясының төменгі және жоғарғы ойлау деңгейіндегі сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыру әдістемесі
Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру Блум таксономиясы бойынша тапсырма дайындауда келесі мәселелер ескерілуі тиіс:
• тапсырмалар нақтылы қамтамассыз етілуі үшін қысқа болуы;
• тапсырма мазмұнында дұрыс етістіктердің қолданылуы;
• күтілетін нәтижелердің бағалауға икемді болуы;
Білімді игеруге бағытталған 6 қадам
Бағалау
• Жинақтау
• Талдау
Қолдану
• Түсіну
• Білім
Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады.
Блум сұрақтарының түймедағы:
Қарапайым сұрақтар -Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.
Дәлелдеуші сұрақтар - «Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?» «Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз …?»
Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар- Әдетте неге? деген сөзден басталады. Кейбір жағдайларда олар ақталуға мәжбүр етушілік сияқты негативті қабылдануы мүмкін. Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.
Бағалау сұрақтары -Неге … жақсы, ал … жаман?» «… … айырмашылығы неде?» Бұл сұрақтар осы немесе басқа да оқиғалар, құбылыстар мен айғақтардың бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған .
Шығармашылық сұрақтар (жорамал) -«Қалай ойлайсыздар, ... кейін (егер) … қалай болады? Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .
Практикалық сұрақтар- «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?» Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет