1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Информатиканы оқытудағы қарым-қатынас дағдыларын түсіндіріңіз



бет40/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

25. Информатиканы оқытудағы қарым-қатынас дағдыларын түсіндіріңіз
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Сондықтан сабақ барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасын және шығармашылығын арттыру үшін интерактивті әдістің ролі ерекше деп ойлаймын.
Себебі информатика сабағын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, өздігінен оқу ынтасын дамытады, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, қарым-қатынас дағдысын қалыпастырады және дамытады, ал ең бастысы оқуға деген белсенділікті көтереді.
Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол, сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады.
26.Қазіргі АКТ сабағының құрылымын түсіндіріңіз
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс - әрекеттің байланысы.
Сабақ құрылымы:
Қазіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады.
Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады. Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылыға сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.

  • Жаңа білім беру сабағының құрылымы:

  • оқушылардың ойлау белсе,нділігі жоғары жағдайда таным заңдылықтарын ескере отырып алғашқы мәліметтер енгізу;

  • оқушыларға нені есте сақтау керектігіне нұсқау беру;

  • есте сақтауға және жадыда ұзақ сақтауға жағдай туғызу;

  • хабарлау немесе есте сақтау техникасының өзектілігін айқындау (жадыға керек мәліметтермен жұмыс, мағыналық топтастыру т.б.);

  • мұғалім жетекшілігімен тікелей қайталау, жартылай қорыту арқылы алғашқы бекіту;

  • алғашқы есте сақтау нәтижелерін бақылау;

  • қысқа, содан кейін ұзақ мерзім аралығында әртүрлі талаптарға негіздей отырып, соның ішінде саралау тапсырмаларын орындау арқылы, үнемі жүйелі қайталау;

  • жаңа білім алу үшін ішкі қайталау және бұрын қалыптасқан білім, білік, дағдыларын үнемі қолдану;

  • есте сақтау үшін тірек мәліметтерді білім бақылауына жиі қосу, білімді есте сақтау және қолданудың нәтижесін үнемі бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет