9.Органикалық қышқылдарды синтездеу Органикалық қышқылдарды медицинада, тамақ өнеркәсібінде, техникалық мақсатта және әртүрлі химиялық синтезде пайдаланады. Үш карбондық қышқылдар айналымында кездесетін барлық
қышқылдарды микробиологиялық жолмен алуға болады. Бір қатар
органикалық қышқылдар айналымда түзіледі, ал қалғандары әр түрлі ферментациялардың өнімдері болып табылады. Қазіргі кезде өнеркәсіптік масштабта және пилотты қондырғыларда 35% (изолимонды қышқыл) – 100%-ға (галды қышқылы) дейін шығымдылығы жоғары органикалық қышқылдың 18 түрін өндіреді, олардың ішінен тек лимон қышқылы толық ферментация жолымен алынады. Ал, басқа қышқылдарды микробиологиялық және химиялық әдістер арқылы өндіреді.
Гликоль қышқылы- түссіз қристалдық зат, суда жақсы ериді. Табиғатта пісіп жетілмеген жемістердің, мысалы, жүзімнің құрамында кездеседі. Синтетикалық гликоль қышқылын хлорсірке қышқылынан алады.Гликоль қышқылы органикалық синтезде қолданылады. Шарап қышқылдарың табиғи заттардан және синтетикалық әдіспен алады. Дибромянтарь қышқылын гидролиздегенде, мезошарап және жүзім кышқылдарының қоспасы түзіледі: Шарап қышқылдары — суда жақсы еритін, жағымды қышқыл дәмі бар, түссіз кристалдық зат