1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Психикалық бұзылыстары бар адамдарды әлеуметтік қорғау және олардың құқықтары



бет34/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77
27. Психикалық бұзылыстары бар адамдарды әлеуметтік қорғау және олардың құқықтары.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 96 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Заңымен

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

психикалық науқастың дәрменсiздiгi - адам психикасының қатты бұзылуына, кемiстiгiне байланысты, сайып келгенде негiзгi өмiрлiк қажеттердi өз бетiмен қанағаттандыруға дәрменсiздiк пайда болатын хал-жағдай;

заңды өкiлдер - пациенттердiң мүдделерiн бiлдiретiн адамдар: ата-аналар, асырап алушылар және қорғаншылар, қамқоршылар;

медициналық-әлеуметтiк оңалту - науқасты жұмысқа тартуға, отбасылық және қоғамдық өмiрге қосуға арналған медициналық, әлеуметтiк шаралар мен еңбек шараларын кешендi түрде пайдалана отырып, науқастардың денсаулығын қалпына келтiру;

қабiлетсiздiк - психикасының ауыруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан азаматтардың өз iс-әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмауы немесе оған басшылық ете алмауы;

психикалық науқасқа қорғаншылық - психикасының ауыруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамды қорғау нысаны;

психикалық науқасқа қамқоршылық - спирттi iшiмдiктердi немесе есiрткi заттарды көп пайдалануы салдарынан сот iс-әрекетке қабiлеттiгiн шектеген адамды қорғау нысаны;

психиатрия - клиникалық медициналық психикалық аурулардың пайда болу себептерiн, белгiлерiн және өтуiн зерттейтiн, сондай-ақ олардың алдын алу, ауырған адамды емдеу және оның психикалық қабiлеттерiн қалпына келтiру әдiстерiн әзiрлейтiн саласы;

психиатриялық ұйым - психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға арнаулы медициналық жәрдем көрсететiн көпқырлы ауруханалар құрамындағы психиатриялық және психоневрологиялық ауруханалар, психоневрологиялық диспансерлер, психиатриялық бөлiмшелер;

психиатриялық көмек - психика бұзылуының алдын алу, азаматтардың психикалық денсаулығын тексеру, психика бұзылуының диагностикасы, психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарды емдеу, күту, медициналық және әлеуметтiк жағынан оңалту;

3-бап. Психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы мемлекеттiк саясат

Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға психикалық жәрдем көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясаты:

• заңдылық, iзгiлiк және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау;

• психикасының бұзылуынан зардап шегушiлерге тегiн және қол жететiндей медициналық жәрдем көрсетудi қамтамасыз ету;

• психиатриялық жәрдем берiлген кезде азаматтарды әлеуметтiк қорғау принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.

3-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның

құзыретi

Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзудi және психиатриялық жәрдем көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз етедi;

2) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және салааралық өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

3) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, бекiтедi;

4) Қазақстан Республикасының аумағында психиатр-дәрiгерлердiң, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдардың кәсiби қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады.

5-бап. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдардың

құқықтары

1. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдар азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады. Психикасының бұзылуына байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңымен көзделген жағдайларда ғана жол берiледi.

2. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдардың бәрi психиатриялық жәрдем көрсетiлгенде:

1) бiлiктi медициналық жәрдем алуға;

2) өздерiнiң құқықтары туралы және психикасы бұзылуының сипаты мен қолданылатын емдеу әдiстерi туралы ақпарат алуға;

3) тұрғылықты жерi бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жерiнде психиатриялық жәрдем алуға;

4) психиатриялық стационарда тексерiлуге және емделуге;

5) санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетiн жағдайларда жәрдем алуға;

6) медициналық айғақтар бойынша емдеудiң барлық түрiн (оның iшiнде санаторий-курорттық түрiн) алуға;

7) емдеудiң кез келген сатысында медициналық құралдар мен әдiстерiн, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесiнен, суретке түсiруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;

8) өздерiнiң талап етуiмен психиатриялық жәрдем көрсетуге қатысушы кез келген маманды (оның келiсiмiмен) осы Заңмен реттелетiн мәселелер жөнiндегi дәрiгерлiк комиссияда жұмыс iстеуге шақыруға;

9) Заңда белгiленген тәртiп бойынша адвокаттан және басқа заңды өкiлден немесе өзге адамнан жәрдем алуға;

10) психикалық зардап шегуiнiң (ауыруының), белгiленген қорытындысына сот тәртiбiмен, соның iшiнде тәуелсiз сарапшыларды қатыстыра отырып шағым жасауға құқылы.

3. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдардың құқықтары мен бостандықтарын психикалық ауруы болуының, денсаулық сақтау органдарының психиатрия ұйымында немесе халықты әлеуметтiк қорғау не арнаулы оқыту жүйесi органдарының психоневрологиялық ұйымында диспансерлiк бақылауда болуы фактiлерiнiң негiзiнде ғана шектеуге жол берiлмейдi. Мұндай тәртiп бұзушылыққа кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауап бередi.

4. Қазақстан Республикасының азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды психикасының ауыруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп тануды оған қорғаншы белгiлей отырып, сот жүзеге асырады. Қорғаншы белгiлеу сырқаттану кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарын Қазақстан Республикасының 16-бап. Мемлекет кепiлдiк беретiн психиатриялық жәрдем және әлеуметтiк қорғау

1. Мемлекет:

1) шұғыл психиатриялық жәрдем көрсету;

2) табиғи зiлзалалар мен апаттар кезiнде психиатриялық жәрдем көрсетуге;

3) ауруханадан тыс және стационарлық жағдайларда консультациялық-диагностикалық, емдеу, психиатриялық алдын-алу, оңалту жәрдемiн көрсетуге;

4) психиатриялық сараптаманың барлық түрлерiне, еңбекке уақытша жарамсыздықты анықтауға;

5) психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсетуге және оларды еңбекке орналастыруға жәрдемдесуге;

6) қорғаншылық және қамқоршылық мәселелерiн шешуге;

7) психиатрия ұйымдарында құқықтық мәселелер жөнiнде консультациялар беру және заң көмегiнiң басқа да түрлерiн көрсетуге;

8) мүгедектердi әлеуметтiк-еңбекке орналастыруға және психикасының бұзылуынан зардап шегушi қарттарды әлеуметтiк-тұрмыстық орналастыруға, сондай-ақ оларға күтiм көрсетуге;

9) психикасының бұзылуынан зардап шегушi мүгедектер мен кәмелетке толмағандарды оқытуға кепiлдiк бередi.

2. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетудi қамтамасыз ету үшiн және оларды әлеуметтiк қорғау мақсатында мемлекет:

1) мүмкiндiгiнше емдеушiлердiң тұрғылықты жерi бойынша ауруханалардан тыс және стационарлық психиатриялық жәрдем көрсететiн ұйымдардың барлық түрлерiн құрады; 2) психикасының бұзылуынан зардап шегушi кәмелетке толмағандарға жалпы және кәсiптiк бiлiм берудi ұйымдастырады;

3) өндiрiстiк-емдеу кәсiпорындардың, сондай-ақ еңбек терапиясына, психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарды соның iшiнде мүгедектердi еңбекке орналастыру үшiн жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңiлдетiлген арнайы өндiрiстер, цехтар немесе учаскелер құрады;

3. Психиатриялық жәрдем көрсететiн ұйымдардың бәрi талап етiлетiн санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы нормативтерге сәйкес болуға тиiс. заңына сәйкес шектеуге әкеп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет