1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Медициналық сақтандыру келісім шарттары



бет36/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
29. Медициналық сақтандыру келісім шарттары

Сақтандыру шарты - сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін тәптіштейтін келісім.[1] Бұл келісім бойынша бір тарап (сақтандырушы) шартта көзделген уақиға басталған кезде екінші тарап (сақтанушы) төлейтін шартта уағдаласылған ақшалай сома (сақтандыру жарнасы) үшін сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Шарт тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық сақтандыру шарты болуы мүмкін.

Сақтандыру шартын құқықтық реттеу

 Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажеттігі туды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Осындай өміршең заңдардың бірі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 806-бабына сәйкес (ерекше бөлім) заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілері міндетті және ерікті сақтандыру шарт түрінде жүзеге асырылуын белгілейді. Сақтандыру жүйесі өте ерте кезеңде пайда болған. Сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтіріп, осыдан 3,5 мың жыл бұрын тасқа қашап жазған Вавилон патшасы Хаммурапи еді. Хаммурапи заңы 282-баптан тұрды. Соның 55-бабы сақтандыру жүйесіне арналған. Яғни, сақтандырудың негізгі мақсаты – адам баласының басына түскен бақытсыз жағдайлардан туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады.

 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде азаматтардың сақтандыру шартына жүйелі түрде қызмет ету механизмі құқықтық қатынастар арқылы реттеліп отырады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтатылуы танылады. Сақтандыру шарты негізінен ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда төленеді.

Сақтандыру шарты мынадай пунктерден тұрады:

 Сақтандырушының атауы, орналасқан жері мен реквизиттері.

 Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері болуға тиіс.

 Сақтандыру объектісін көрсету.

 Сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі.

Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке ие болу заңдылығы егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықтық негізін қайта құрып ғана емес, тіптен мемлекетті басқару, экономика, мәдениет, тәртіпті сақтау, елді қорғау т.б. заңдар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтық сауаттылығының кепілдемесі немесе кепілдігі қандай да болмасын қоғамдық өмірдің маңызды жақтарының бірі заң актілерімен жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың түрлеріне, тәртібіне, талаптарына сәйкес заң актілерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді.

Сақтандыру шартын жалпы құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы

 Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру шарт жасасу арқылы жүзеге асады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқықтық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісімі танылады.

 Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді.

 Сақтандыру шарты қайтарымды шарт болып есептеледі. Мысалға сақтандыру шартының қайтарымсыз түріне сыйға тарту шарты жатады. Сақтандыру шарты негізін ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда ақшалай нысанда төленеді.

Сақтандыру шартында мыналар болуы тиіс:

 сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;

 сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;

 сақтандыру объектiсiн көрсету;

 сақтандыру жағдайын көрсету;

 сақтандыру сомасының мөлшері (аннуитеттік сақтандыру шарттарын қоспағанда) және сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi;

 сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;

 шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;

 егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету.

Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін. Кез келген шарттың жағдайын елеулі және елеусіз деп бөлуге жатады. Шарттың мәні туралы ережелер, заңдарды елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, сондай ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі сақтандыру шартының елеулі түрін бөліп көрсетпейді. Мүлікті сақтандыру шарты кезінде тараптар: 1) сақтандыру объектісі; 2) сақтандыружағдайы; 3) сақтандыру сомасы; 4) сақтандыру төлемі; 5) сақтандыру сыйақысы; 6) шарттың орындалу мерзімі жөнінде келісімге келуі тиіс.

Жеке сақтандыру шартын жүргізген кезде сақтанушы мен сақтандырушының арасында:1) сақтандырылған адам жөнінде; 2) сақтандыру жағдайы жөнінде; 3) сақтандыру сомасы мен сақтандыру сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру ұйымы ұсынған барлық сақтандыру жағдайымен таныстыруы керек.

Сақтандыру куәлігінің мазмұнында:

 тараптардың – сақтанушы мен сақтандырушының атауы:

 қандай жағдай туындағанда сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуге міндетті;

 шарттың жасалған күні мен тоқтатылу уақыты; сақтандыру төлемдерінің мөлшері және т.б. көрсетілуі мүмкін.

Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлеп төлеген кезде, егер шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

Сенімхат мынадай жағдайда тоқтатылады:

 сенімхат мерзімінің өтуі;

 сақтандырушының сақтандыру агентіне берген сенімхатының күшін жоюы;

 сақтандыру агентінің берілген сенімхаттан бас тартуы;

 сенімхат берілген сақтандыру ұйымының қызметінің тоқтатылуы;

 атына сенімхат берілген заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуы;

 сақтандыру агентінің қызметін атқарушы адамның қайтыс болуы, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.

Сенімхат тоқтатылысымен сақтандыру агенті оны дереу иесіне қайтаруға міндетті. Сақтандырушының сақтандыру агентімен қарым қатынасы әртүрлі сипатқа ие. Егер де сақтандыру агенті болып тұлға танылса, онда ол сақтандырушының штаб қызметкері болуы мүмкін. Бұл жағдайда сақтандырушы мен сақтандыру агентінің қатынасы жалпы еңбек шартымен жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет