1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Медициналық сақтандыруды қаржыландырудың және ұйымдастырудың жалпы сұрақтары



бет33/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77
24. Медициналық сақтандыруды қаржыландырудың және ұйымдастырудың жалпы сұрақтары

5-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

25-бап. Қаржыландыру көздері

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері:

1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімінің өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл және инвестициялық кіріс;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер болып табылады.

2. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің кемінде 4 пайызы, бірақ 5 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.

3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

4. Осы баптың 1-тармағының 8) және 14) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару кезінде мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.

27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:

2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

2. Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

3. Жұмыс берушілер:

1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген адамдар;

2) әскери қызметшілер;

3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аударымдар төлеуден босатылады.

28-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар

1. Жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

3. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге де төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

5. Жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың осы Заңның 29-бабынасәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, кәсіби медиаторларды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төмен мөлшері дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге де төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

7. Қорға жарналар төлеуден мыналар:

1) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;

2) әскери қызметшілер;

3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.

25. Міндетті сақтандыру медициналық жүйесі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жҥйесі (МӘМС) -

денсаулық сақтау мҥддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жҥйе

болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына

жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тҧрғылықты жерiне және

табысына қарамастан медициналық және дәрілік кӛмекке тең

қолжетімділік жасауға кепілдік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру,

жарақат алу, туу және жҥктілік, мҥгедектік және кәрілік

жағдайларында халықтың денсаулығыың мҥддесін әлеуметтік

тҧрғыда қорғау нысаны. Көптеген дамыған елдер мҧқтаждығы артық тҧрмысы тӛмен

адамдарға ресурстарды қайта бӛлуге мҥмкіндік беретін МӘМС

жүйесін таңдаған. Бәрің білесіңдер ғой ок !!!

26. Медициналық және фармацевтикалық жұмысшылар аттестациясы

1. Осы Жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарын бiлiктiлiк санатын беру үшiн аттестациядан өткiзудiң ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының " Бiлiм беру туралы ", "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" заңдары , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" қаулысы негiзiнде әзiрленген. Бiлiктiлiк санатын беру аттестациясы Қазақстан Республика аумағында қарастырылған мамандықтар, дәрiгерлiк және фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасы бойынша жүргiзiледi.

2. Бiлiктілiк санатын беру аттестациясынан өтуге жоғары медициналық бiлiмдi, емдеу-профилактикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, дәрiханалық ұйымдар мен денсаулық сақтау iсiн басқару органдар қызметтерiне жiберiлген адамдар, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, денсаулық сақтау iсiнің мемлекеттiк емес саласында (бұдан әрi - денсаулық сақтау ұйымдары) жеке медицина практикасында және жеке фармацевтикалық қызметтермен айналысатын мамандар белгiленген тәртiппен жiберiледi.

3. Бiлiктiлiк санатын беру аттестациясының негiзгi мiндеттерi: мамандардың кәсiби даярлық деңгейiн анықтау, бiлiктiлiгi жоғарырақ және талапты мамандарды айқындау, нарықтық қарым-қатынас жағдайында еңбек төлем-ақысының саралану жолымен медициналық қызметкерлердiң әлеуметтiк сақталуын қамтамасыз ету.

4. Осы ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) аттестация - берiлген құжатқа (куәлiкке) мамандардың кәсiби дайындық деңгейiнiң сәйкестiгiн анықтау мақсатында жасалатын шара;

2) бiлiктiлiк санат - нормативтiк өлшемдерге сәйкес қызметкердiң кәсiби мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн бiлiктiлiк деңгейi.

5. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білiмдi маманның бiлiктiлiгiн аттестациялық комиссия үш бiлiктiлiк санат бойынша анықтайды: жоғары, бiрiншi, екiншi.

2. Аттестациялық комиссия және оның құрамы

9. Бiлiктiлiк санатын беруге арналған аттестацияны жүргiзу үшiн денсаулық сақтау ұйымдарында орталық аттестациялық комиссия, аттестацияның нақты өткiзілетiн мерзiмдерiн белгiлейтiн, аттестациядан өтушiнiң жұмысына талдау жасайтын, аттестацияның қорытындысы бойынша шешiмдер шығаратын мамандықтар бейiндерi жөнiндегi мамандандырылған аттестациялық комиссия құрылады.

10. Бiлiктiлiк санатын берудегi аттестациялық комиссия қызметкерлерiнің құрамы мен өкiлеттiлiк мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң бұйрығымен белгiленедi.

11. Аттестациялық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны жұп саннан (7, 9, 11 адам) тұруға тиiстi. Аттестациялық комиссия мынадай құрамда құрылады: аттестациялық комиссияның төрағасы - денсаулық сақтау ұйымының бастығы немесе бастығының орынбасары, төрағаның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелерi. Комиссияның құрамына денсаулық сақтау басқармалары органдарының, медициналық бiлiм беру, ғылыми ұйымдарының, жергiлiктi атқару органдарының басшылары мен қызметкерлерi, кәсiподақ және қоғамдық ұйымдардың өкiлi кiредi.

3. Аттестацияны жүргiзу тәртiбi

12. Қызметкерлердiң аттестациясы денсаулық сақтау ұйымдарының уәкiлеттi органдары белгiлеген кесте бойынша жүргiзiледi.

13. Бiлiктiлiк санатын алуға аттестациядан өтуге ықылас бiлдiрген мамандар аттестациялық комиссияға арыз тапсырады.

Арызбен қоса мамандар:

1) ұйым басшысымен бекiтiлген және денсаулық сақтау басқармалары органдарының бас мамандары рецензиялаған, аттестациядан өтетiн маманның ауруларды емдеу, оңалту, олардың диагностикасын ұйымдастыру мен жетiлдiруде, сондай-ақ фармацевтикалық қызметтегi үлесiн бейнелейтiн, соңғы үш жылдағы жұмысын сипаттайтын реттi көрсеткiштер талдауымен өндiрiстiк қызмет туралы есебiн;

2) нотариустың куәландыруымен берiлген дипломның көшiрмесiн;

3) нотариустың куәландыруымен берілген бiлiктілiгiн көтеруден өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн;

4) ұйым басшысының қолы қойылған өндiрiстiк мiнездемесiн;

5) басылымда жарияланған мақалаларының тiзiмiн беруге тиiстi.

Комиссия аттестациядан өтетiн маманның өтiнiш жасап отырған санат талабына сәйкестiгi туралы ұсынысы бар аттестациялық қағазды ресiмдейдi (1-қосымша). Аттестациядан өтетiн қызметкер аттестациялық комиссияның отырысына 10 күн қалғанша аттестациялық қағазбен танысып, оған қолын қоюы керек.

14. Қызметкерлердiң аттестациясының нәтижесi дауыс беру арқылы комиссияның қорытынды отырысында анықталады және жазбаша хаттамамен аттестациялық қағазда ресiмделедi. Хаттамаға және аттестациялық қағазға аттестациялық комиссияның төрағасы, хатшысы мен комиссияның мүшелерi қолдарын қояды.

15. Егер комиссияның қорытынды отырысына кем дегенде 2/3 адам қатысатын болса шешiм дұрыс деп саналады. Дауыс берудiң нәтижесi комиссияның қорытынды отырысына қатысушы мүшелердiң санының көптiгiмен анықталады. Әрбiр қызметкерге комиссия мына қорытындылардың бiрiн бередi:

өтiнiш жасаған санат талабына сәйкес келедi;

өтiнiш жасаған санат талабына сәйкес келмейдi.

16. Қызметкерлерге берiлген бiлiктiлiк санаты келесi кезектi аттестациядан өткенше сақталады.

17. Бiлiктiлiк санатын беру кезiнде реттiлiктi сақтау қажет: жоғары, бiрiншi, екiншi санаттар.

18. Маман бiлiктiлiк санатын алу үшiн аттестациядан өтуге негiзгi, сондай-ақ қосымша мамандығы бойынша өтiнiш жасауына болады.

19. Егер қызметкер аттестациядан өтуге өз тiлегiн бiлдiрiп және оған берген өтiнiшi бойынша бiлiктiлiк санаты берілмесе, ол бұрынғы санатында қалады.

20. Аттестацияға байланысты келiспеушiлiктер күшi бар заңға сәйкес қарастырылады.

21. Денсаулық сақтау ұйымдарында және денсаулық сақтау iсiн басқару органдарында басшылық (бастығының орынбасары) лауазымында қызмет ететiн, бөлiмдерi бар емханалардың меңгерушiлерi "әлеуметтiк-гигиенист-денсаулық сақтау iсiнiң ұйымдастырушысы" және "провизор-ұйымдастырушы" мамандығы бойынша аттестациядан өтедi. Аталған мамандар дәрiгерлiк қызметтiң қайсыбiр мамандығы бойынша қосымша осы мамандық болу шартымен жалпы негiзде аттестацияланады.

4. Аттестациялық комиссия шешiмiн iске асыру

22. Аттестациялық комиссияның жоғары бiлiктiлiк санатын беру туралы шешiмi аттестация өткен күннен кейiн бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

23. Аттестация нәтижесi бойынша қызметкерлерге куәлiк берiледi (2-қосымша). Куәлiктiң көшiрмесi қызметкердiң жеке iс-құжаттарында сақталады. Куәлiк беру журналда тiркеледi (3-қосымша).

24. Бiлiктiлiк санатын беру туралы ресiмделген куәлiк Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында қолданылады.

25. Денсаулық сақтау практикасын дамытуға аса зор үлес қосқан мамандарға ұжымның кепiлдемесi бойынша одан да жоғары бiлiктiлiк санатын беру үшiн, ерекше ретте мерзiмiнен бұрын өтуге рұқсат берiледi, бiрақ бұрынғы өткен аттестациядан кем дегенде үш жыл уақыт өтуi тиiс.

15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау

1. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау - денсаулық сақтауды мемлекеттік

басқарудың жергілікті органдары басшыларының, республикалық денсаулық сақтау

ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар),

сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық

сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының (бұдан әрі - аттестатталатын

адамдар) кәсіптік құзыретінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын

рәсімі.

2. Уәкілетті орган денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті

органдары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың

орынбасарларының (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды

жүргізеді.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық

сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - денсаулық

сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары) ведомстволық бағынысты

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігін

аттестаттауды жүргізеді.

4. Уәкілетті орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті

органдары аттестаттаудың объективті және құзыретті түрде жүзеге асырылуы мақсатында

аттестаттау комиссияларын құрады.

5. Аттестаттау кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі аттестатталатын

адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындау құзыреттілігі болып табылады.

6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті

лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет