2) мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
3) маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – жеке тұлғаға тиісті клиникалық мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу құқығын беретін құжат;
4) үміткер - осы Қағидаларға сәйкес маман сертификатын алуға үміткер маман.
2-тарау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар адамдардың, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған адамдардың медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау және оларға маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу мақсатында жүргізіледі.
4. Сертификат алу үшiн үміткер мынадай құжаттарды ұсынады
• мәлімделген мамандық бойынша Бағалау нәтижесі (санат беру туралы куәлік болған жағдайда өтініш берген кезден 1 жылдан кешіктірілмей алынған Бағалау нәтижесі);
o мәлімделген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжат (егер бар болса);
• мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәлік (егер бар болса);
• соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік (сертификат алуға өтініш берген кезде 5 жылдан кешіктірмей оқуды бітірген интернатура, резидентура, орта оқу орнының бітірушілерін қоспағанда үміткерлер ұсынады);
• Қазақстан Республикасының шегінен тыс медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік;
• білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін өзгерткен тұлғалар үшін атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін ауыстыру туралы немесе неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік.
Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма данасы қосымша ұсынылады.
. Сертификатты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Комитет департаменті) береді.
Мамандардан өтініштерді қабылдау және сертификаттарды беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Үміткерлер сертификат алуға құжаттарды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тізбе бойынша қолда бар сертификаттың қолданыс мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын тапсырады.
Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Номенклатураның 1-тарауында көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшін интернатурада және (немесе) клиникалық ординатурада, резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін интернатураны, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.
Үміткерлер Номенклатураның 3 және 4-тарауларында көрсетілген мамандықтар бойынша сертификаттарды алу үшін орта (техникалық және кәсіптік), ортадан кейінгі медициналық білімді және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды (мамандануды) не "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Стоматология", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімді, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыруды растайтын құжаттарды ұсынады.