1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


)ҚР денсаулық сақтау жүйесі



бет26/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77
16)ҚР денсаулық сақтау жүйесі

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі. Денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі; Денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:

1) халықтың денсаулығын ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету факторларына жатқызу

2) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын сақтау және оларды мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету ;

3) әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына қарамастан халықтың медициналық көмекке қол жетiмдiлiгi;

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

5) азаматтардың денсаулығын ғұмыр бойы сақтау саласындағы мемлекеттiк реттеу және мемлекеттiк бақылау;

6) азаматтардың медициналық көмек алуындағы әлеуметтiк әдiлдiк пен теңдiк;

7) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы мұқтаждықтарына денсаулық сақтау жүйесiнiң ықыластылығы;

8) мемлекеттiк органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау мен тыңайтуды қамтамасыз етуге жағдай жасау жолындағы жауапкершiлiгi.

Денсаулық сақтау жүйесi

1. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады. 2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк органдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, мемлекеттiк меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан және бiлiм беру ұйымдарынан тұрады.

* Мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторы жеке меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан, бiлiм беру ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан тұрады.

* алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiханаларды қоспағанда, жеке меншiк нысанындағы денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тыйым салынады.

3. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi және мемлекеттiк бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етудiң кепiлдiктерi

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға;

2) алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бiрдей қол жеткiзуiне;

3) мемлекеттiк және жекеше емдеу ұйымдарында, сондай-ақ жекеше медициналық ic-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмек алуға;

4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа;

6) бiрыңғай денсаулық сақтау стандарттары бойынша тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына, мазмұнына және көлемiне;

7) медициналық және дәрiгерлiк көмек көрсету, фармацевтикалық өнiмдi шығару және өткiзу бөлiгiндегi кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгi құқығына кепiлдiк бередi.

Ден . сақ Медициналық көмектiң негiзгi түрлерi:

1) дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек;

2) бiлiктi медициналық көмек;

3) мамандандырылған медициналық көмек;

4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне:

1) халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

2) жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету;

3) алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң және медициналық ұйымдардың мамандарын жiберу жөнiндегi стационарлық медициналық көмек;

4) әлеуметтiк мәнi бар аурулардан және жұртқа қауiптi болып табылатын аурулардан зардап шегушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша медициналық көмек көрсету;

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс iстейдi: 1) алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтiк-диагностикалық көмек көрсететiн ұйымдар ;

2) стационарлық көмек көрсететiн ұйымдар ;

3) жедел медициналық көмек ұйымдары;

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары ;

5) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

7) денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдары ;

8) қан қызметi, сот медицинасы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары ;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет