1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Донор және рецепиент түсінігі



бет27/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77
17. Донор және рецепиент түсінігі

донор - қабылдаушыға донорлық қан, оның құрамдас бөлiктерiн құю, ер адамның донорлық материалын (ұрығын) алу немесе ағзаны (ағзаның бөлiктерiн) немесе тiндердi ауыстырып қондыру жүргiзiлетiн адам, адамның мәйiтi, жануар;

реципиент - донорлық қан, немесе оның құрамдас бөлiктерi құйылатын, ер адамның донорлық материалы (ұрығы) енгiзiлетiн не донордан ағза (ағзаның бөлiктерi) немесе тiндер ауыстырылып қондырылатын емделушi;

трансплантация - тiндер мен ағзаларды организмнің басқа жерiне немесе басқа организмге қайта қондыру, көндiктiру;

3-тарау. Донорлық және ауыстырып қондыру

24-бап. Қан және оның құрамдас бөлiгiне донорлық. Донорлық пен қан және оның құрамдас бөлiктерiн құю тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

26-бап. Тiндер мен ағзалар донорларының құқықтары мен

әлеуметтiк қорғалуы1. Өзiнiң тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) ауыстырып салуға келiсiм берген донор денсаулық сақтау ұйымынан тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) алу бойынша алда болатын қауырт әрекетке байланысты оның денсаулығы үшiн болуы мүмкiн асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге құқығы бар.

2. Донор жүргiзiлген операцияға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегiн емделуге, оның ішінде дәрi-дәрмек алуға құқығы бар.

3. Донорлық функцияны орындауға байланысты медицина қызметкерi зиян келтiргенде, донор Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар.

27-бап. Қабылдаушылардың құқықтары мен әлеуметтік

қорғалуы. 1. Тiндер және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) қондыруға келiсім берген қабылдаушы денсаулық сақтау ұйымынан тiндер және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) ауыстырып қондыру бойынша алда болатын операциялық араласуларға байланысты оның денсаулығы үшiн болуы мүмкiн асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге құқығы бар.

2. Қабылдаушы жүргiзiлген операцияға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегi медициналық көмектің кепілдендiрiлген көлемi шеңберінде тегiн емделуге, оның iшiнде дәрi-дәрмек алуға құқығы бар.

3. Медицина қызметкерлерi залалданған тiндер және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) қондырғаны үшiн заңнамаға сәйкес жауап бередi.

4. Залалданған тiндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлiктерi) қондырылған жағдайда қабылдаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiрілген зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы бар.

18. АИТВ-ға медициналық тексеру. АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидалары 1. Жалпы ережелер

1. Осы АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;

2) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) – адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;

3) ерікті түрде зерттеп-қарау – алынған ақпараттың негізінде адамдардың қалауы бойынша зерттеліп-қаралуы;

4) анонимдік қарап-тексеру – адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық қарап-тексеру;

5) құпия медициналық зерттеп-қарау – дәрігерлік құпияның және тексерілетін адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

6) психоәлеуметтік консультация беру – АИТВ-инфекциясына тестілеуден алынған нәтижені пациентке түсіндіру.

2. АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша медициналық зерттеп-қарау жүргізу тәртібі

3. АИТВ-инфекциясына ерікті түрде медициналық зерттеліп-қаралуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар өздерінің таңдауы бойынша зерттеліп-қаралады:

1) анонимдік (құжаттар талап етілмейді);

2) құпия (жеке басын куәландыратын құжат, үй мекенжайы ұсынылады).

4. АИТВ-инфекциясына антиденелердің болуына зерттеліп-қаралу ЖИТС орталықтарының зертханаларында құпиялылық жағдайында жүргізіледі.

5. Қан алу меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдардың емшара кабинеттерінде жүргізіледі.

6. Анонимдік қарап-тексеру кезінде, тексерілушіге ауызша хабарланатын жеке цифрлық код беріледі.

9. Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдарда АИТВ-инфекциясының болуына тестілеудің нәтижелері олардың заңды өкілдеріне беріледі.

10. Анонимдік қарап-тексеру кезінде теріс нәтиже цифрлық кодты көрсеткеннен кейін ауызша хабарланады, оң нәтиже цифрлық кодты жазбаша түрде психо-әлеуметтік тесттен кейінгі консультация беру барысында хабарланады.

11. Адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификатты ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың талаптары бойынша жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

3. АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша консультация жүргізу тәртібі

12. Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдарға консультация беру олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

13. АИТВ-инфекциясына тесттің оң нәтижесі алынған жағдайда психоәлеуметтік консультация беруді ЖИТС орталықтарының мамандары жүргізеді, олар сақтану шараларын, медициналық көмек ұсыну тәртібін, басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілікжәне қылмыстық жауапкершілігін түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет